Жоғары мектепте куратор-эдвайзердің қызметі

 

 Эдвайзер оқу үдерісінде негізгі қатысушылардың бірі, жеке жоспардың қарастырылған өзінің құзыреттілік міндеттері шеңберінде тәрбие қызметін жүзеге асыруға міндетті.  Эдвайзердің тікелей қызметін орындау барысында жоғарғы мектептің маңызды міндеттерінің бірін шешуге бағытталады — азаматтық ұстанымның қалыптасуына ықпал етіп студенттер тұлғаның өзін-өзі анықтауына қызмет етеді.  Осыған байланысты төмендегілерді ескеру қажет:

1.Жоғарғы оқу орнында бірінші курс студенттерін бейімдеуде эдвайзердің рөлін және университеттің корпаративті мәдениетіне бірінші курс студенттерін бейімдеу;

  1. эдвайзердің қызметтік міндеттеріне тәрбиелік қызметті енгізу міндетін қарастыру.  

Білім берудің жаңа технологияларын ендіре отырып, тұлғаны дамыту мақсатында тәрбиеге баса назар аударылуда. Тұлғаның рухани тәрбие алуына, адами келбетінің қалыптасуына ерекше мән берілуі тиіс.Өйткені, жоғары оқу орындарына қабылданған шәкірттердің  мектеп қабырғасынан алған тәлім- тәрбиесінің олқы тұстары айқындала бастайды.Осы тұста олардың ата –аналарымен жұмыс істеу қажетілігі туындайды. Яғни, жастардың мінез-құлқы жайлы қосымша ақпараттар алу, олардың мектеп қабырғасындағы атқарған іс –әрекеттерінен хабардар болу куратор –эдвайзердің жұмысының жемісті болуына әсер жасайтын факторлардың бірі.Региондардан келген жастар ата –ана бақылауынан босағанын сезініп, еркіндікке бой алдырып, қаланың  тыныс-тіршілігінің жағымсыз жақтарына еліктеп, адамилықтан аттап кетіп жататындары да аз емес.Осы тұста куратор-эдвайзерлер тек тәртіп бақылаушысы ғана емес, ата-ана,тәрбиеші рөлінде бола алуы қажет. Олардың мінез-құлықтары жайлы, оқу үлгерімі жайында хабарласып жататын ата-аналар қатары өте аз. «Оқуға түсті, ендігі жерде оқу оның міндеті» деп біржақты, салғырт қарау тәрбиелік кемшіліктерге апарып соғады.Сондықтан, шәкірттердің жатақханадағы және одан тыс өмірлерінен, аралық бақылау нәтижелерінен ақпарат беріп, хабарласып отыру- өмір талабы.Сонда білім беру факторларының- мектеп, отбасы, қоғамдық- әлеуметтік ортаның кірігуіне жол ашып,тәрбие жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етері анық .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *