Жоғары мектептегі педагогикалық зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз

 

Педагогикалық шеберлік туралы түсінік.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.

Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері (мақсатқа лайықтылық, шығармашылық,үйлесімділік)

Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Педагогикалық шеберлік компоненттері және оларға сипаттама

 Педагогикалық  техника  негіздерін  білу-  қарым-қатынас  жасау  тнхнологиясын  игерудің  қажетті  шарты.  А. С. Макаренко: «Мен  тек «бері  кел»  деген  сөздерді  15-20  түрлі  реңмен  айта  білгенде,  бет  әлпетімнің,  тұрған  тұрысымның,  дауысымның  20  түрлі  қылып  өзгертуді  үйренген  кезде  ғана  өзімді  нағыз  шебер  деп  есептей  бастадым.  Бірақ,  маған  біреу  осыдан  кейін  келмесе  де  және  не  керек  екенін  сезбесе  де  мен  қорыққан  жоқпын»,-  деп  жазған болатын.  А. С. Макаренконың  айтқан  бұл  ойынан  педагогикалық  техниканың  білі,  дағдыларының  қатарында  ең  маңызды  тәрбиелеу  құралдарының  бірі  мұғалімнің  сөз  сөйлеу  шеберлігінің  дамуы  екенін  байқаймыз.  Егер  педагогикалық  техниканың  көптеген  білік,  дағдыларын  бір  топқа  біріктіретін  болсақ,  онда  мұғалім  шеберлігінің  бұл  маңызды  компонентінің  құрылымы  төмендегі  жалпы  біліктерімен  сипатталады:  сөз  саптау  білігі,  бет  әлпетінің  өзгеруі  және  пантомималық  өзгеруінің  айқындылығы,  өзінің  психикалық  жағдайын  басқара  білуі  және  эмоцианалдық-шығармашылық  жағдайын  қолдай  білуі,  актерлік-режиссерлік  біліктер,  осының  барлығы  тәрбиеленушілердің  ойына,  сезіміне  әсер  етуіне,  дүниеге  деген  эмоционалдық-құндылық  қарым-қатынас  тәжірибесін  бере  білуге  мүмкіндік  береді.

 

  1. Жоғарғы оқу орыңдағы дәріс түрлері

Дәрісті даярлау мен оны оқу оқытушыдан терең білім мен сабаққа әзірленуге деген шығармашылық күшті, эмоциялық, ақыл-ой, тіпті дене бітімі жағынан мықтылықты, педагогикалық шеберліктің жоғары қырларын талап етеді. Егер оқытушыға эмоционалдық икемділік тән болып диалогтік үлгіде жұмыс істей алатын болса өте жақсы. Оқытушының осындай коммуникативті іс-әрекеті студенттер іс-әрекетін ұйымдастыруға, олардың мінез-құлқына, белсенділіктерінің артуына оңды ықпал етеді. 
Тұтасымен алғанда дәрістік сабақтар студенттер алдына ең алдымен болашақ кәсіптік іс-әрекеттерінің теориялық кіріспесіне жол салып, содан кейін практикалық жағынан қолдануға үйретуді мақсат етеді. Дәрісті дайындау мен өткізудің әдістемелік аспектілеріне тоқталайық. 

Дәріс құрылымы оның мақсатымен анықталады. Дәстүрлі түрде дәріс құрылымын кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды деп ажыратамыз. Олардың өзара қатынасы мынадай болу керек: кіріспе –дәрістің жалпы көлемінің 10%, негізгі бөлім – 80%, қорытынды – 10%. 
Кіріспе тақырыптан, мақсаты мен қарастырылатын сұрақтарынан және әдебиет тізімінен тұрады. . 
Осылайша, дәрістің маңызды бөлігі кіріспе болып саналады, оның дұрыс әрі айқын ұйымдастырылуынан дәрістің бүкіл барысы анықталады. 
Дәрістің негізгі бөлімі 3-4 сұрақты қамтып, жекелеген сұрақтарды студенттердің өздеріне жеке меңгеруге беріп, әдебиет тізімін көрсету керек. Негізгі бөлімде қарастырылатын мәселенің негізгі жақтарын ашып көрсетіп, ғылыми түсініктерге нақтылы анықтама беріп, қарастырылып отырған педагогикалық құбылыстың мәнін ашып, оларды жіктеп, бұл белгілерді игеру жолдарын студенттерге көрсету қажет. 
Дәрістің негізгі бөлігін беру барысында студенттерді ынталандырып және оқу-танымдық белсенділіктерін арттырып отыру үшін әр түрлі әдістер мен тәсілдерді (әңгіме, қызықты оқиға, астарлы әңгіме, әдеби туындыдан үзінді, мысалдар келтіру, проблемалық сұрақтарды қою, көрнекі құралдарды пайдалану, презентация көрсету және т.б.) қолдану маңызды. 
Осылайша, дәрістің негізгі бөлімінде ғылыми және оқу ақпаратының біршама бөлігі беріледі, сондықтан оқытушы материалды жүйелі түрде құрып, ең бастысы, өзекті жақтарына көңіл аудартып, дәрістің әр сұрағын тиянақтап отырса болғаны. 
Қорытынды дәріс сабағының құрамдас бөлігі болып табылады. Осы кезеңде жинақтау жасалып, негізгі ойлар түйінделеді, бүкіл тақырып бойынша жалпы қорытынды жасалады. 
Осылайша, дәрістің үш бөлігі тұтас бір құрылым болып шығады. Дәріс сапасы оған мұқият, тиянақты дайындалуға байланысты. Осыдан келіп дәріс оқу кезеңдеріне дайындық туындайды. 
Бірінші қадам. Дәріс тақырыбы мен мақсатын айқындау. 
Дәріс сабағының тақырыбы жұмыс оқу бағдарламасы бойынша анықталады. Мақсатты қою барысында мамандық ерекшелігін, аталған тақырыптың жалпы курстың жүйесінде орнын есепке алу керек. Тақырыпты дұрыс құру дәрістің типі мен студенттер категориясына байланысты (курс, мамандық, жас мөлшерлері). Оқу үдерісінде білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары жүзеге асатыны белгілі, сондықтан осы мақсаттардан теңбе-тең қызметтер туады, олар есепке алына отырып, дәрістің мақсаттарына жетуге көмектеседі. 
Екінші қадам. Уақыт қорын анықтау. 
Әр тақырыпты оқуға кеткен уақыт оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламасы тақырыптарымен анықталады. Қажетті ақпарат көлемі сабақ уақытының аясына сыятындай етіп, дәрістегі оқу материалын жүйелеу керек. Сонымен қоса, артық уақыт қалған жағдайда қолданатын қосымша материалды да алдын ала даярлап қойған жөн. 
Үшінші қадам. Дәрістік курс мазмұны үшін теориялық және фактілік материалды іріктеп алу. 
Жоғары оқу орны тәжірибесінде дәрістік материалды іріктеудің әр түрлі критерийлері бар. Олар: 
-ақпараттың ғылымилығы; 
-қазіргі заманға лайық ғылыми материалды жүйелеу және әдістемелік жағынан қайта өңдеу; 
-теориялық ережелердің аргументтелуі; 
-алғашқы дереккөздер мен құжаттар мәтініне сілтеме жасау; 
-оқу ақпаратын нақтылы аудиторияға (мамандық, курс, жас мөлшері) бейімдеу. 
Төртінші қадам. Дәріс конспектісін жазу. 
Дәріс мазмұнын даярлайтын оқытушылардың екі түрлі санаты бар. Оқытушылардың бірінші тобы дәріс конспектісін ешнәрсе қалдырмай толық жазады. Дәрістің толық мәтінін оқытушылар көбінесе оқиды. Екінші санаттағы оқытушылар дәріс жоспарымен ғана шектеледі. Толыққанды жоспар – дәрістің иерархиялы «қаңқасы» деуге болады, онда негізгі сұрақтар, заңдылықтар мен түсініктер ғана қаралады. Жоспар әр түрлі сызбалармен, диаграммалармен, графиктермен толықтырылады. 
Бесінші қадам. Дәріске визуалды иллюстративтік материалдарды әзірлеу (презентациялар, сызба, кестелер және т.б.). 
Заманауи талаптарға сай дәрістерді визуалды иллюстративті материалдарсыз, әсіресе, Power Point бағдарламасының көмегімен дайындалған презентацияларсыз елестету мүмкін емес. 
Осылайша, дәріс оқуға кіріскен оқытушы ұсынылған кезеңдерді ұстануына болады. 
Біз дәріс оқуға арналған басты талаптарды әзірледік. Оларға тоқталып өтейік: 
-басты ережелерді ерекшелеп алу, қорытындылар шығару, енгізілген терминдерге, атауларға түсініктеме беру, студенттерге тыңдауға, ақпаратты ойланып, қысқаша жазып алуға мүмкіндік беру; 
-оқытудың дидактикалық материалдары (блок-сызбалар, кестелер, графиктер, иллюстрациялар) мен техникалық құралдарын қолдану; 
-студенттердің танымдық іс-әрекеттерін әр түрлі әдіс-тәсілдер, оқыту құралдары арқылы арттыра түсу. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *