Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу

 

 

Мақсаты: Бірнеше шартқа тәуелді функцияның графигін тұрғызуға  үйрету.

Негізгі түсініктер:

Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді  есептеулер жүргізуде қолданылады.  Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының  “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.

ЕСЛИ(лог_выражение; значение_если_истина; значение_если_ложь) функциясы,  функция аргументіндегі логикалық өрнек (лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) ,

ал қарсы жағдайда екінші мәнді  (значение_если_ложь) береді. Мұндағы,

лог_выражение   – бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек.

значение_если_истина – бұл  лог_выражение   АҚИҚАТ  болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады .

значение_если_ложь – бұл  лог_выражение   ЖАЛҒАН  болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН  болады .

Мысалы: B1 ұяшыққа  =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы жазылған. Егер  A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1 ұяшықта  15 саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.

  И, ИЛИ  функциялары күрделі шарттарды жазу  үшін қолданылады:

И(логическое_выражение1; логическое_выражение2;….) — АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде  ЖАЛҒАН болады.

ИЛИ(логическое_выражение1; логическое_выражение2;…) — АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде  ЖАЛҒАН болады.

Мысалы: Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін  жазғанда В1 ұяшығындағы  =ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) — өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.

ЕСЛИ немесе т. б. функцияларды аргумент ретінде  қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады. Мысалы:

=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша,   егер A1< 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған  A1<40000 шарты  тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі  15, ал жалған болғанда  формула нәтижесі  18 болады.

 

1-жаттығу. Электрондық кестеда студенттердің пән бойынша үлгірімі процентпен берілген. Үлгірім 45% кем болса студент аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Студенттің аттестациядан өтке-өтпегенін формула көмегімен анықтаңыз.

  1. Excel программасында Работа3 деген атпен жаңа құжат құрыңыз .
  2. Құжаттың бірінші жұмыстық бетін (Лист1) Задание 1 деп өзгертіңіз.
  3. Кестені 7- суреттегідей толтырыңыз.

 

                7-сурет

  1. Студенттің аттестациядан өткен- өтпегенін тексеру үшін:
    • С3 ұяшығы белгіленеді. Вставка→Функция командасы орындалады. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдайсыз.
    • Әрі қарай ЕСЛИ функциясының терезесіндегі  Логическое выражение тұсына  В3 ұяшықтағы мәнді , 45% салыстыратын шартты: В3>=45%                                         түрінде жазамыз. Шартқа сәйкес:
    • Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;
    • Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;
    • ОК басылады;
  1. Осы формула қалған ұяшықтарға көшіріледі.

 

2 -жаттығу. Аттестация   3 пән бойынша өтті. Студенттің барлық 3 пән бойынша аттестациялық үлгірімін текскру қажет .

  1. Құжатыңыздағы келесі жұмыстық бетті (Лист2) Задание2 деп өзгертіңіз;
  2. Кестені 8- суреттегідей толтырыңыз;

                            8- сурет

 

  1. Сан мәндерін процентпен жазыңыз, ол үшін :
    • В3:D7 диапазон белгіленеді, диапазонның контекстік мәзірінен Формат ячеек командасы орындалады. Пайда болған терезенің Числа тізімінен Процентный  форматы таңдалынады, Число десятичных знаков тұсына  0 жазылады;
  2. Е3 ұяшығында ЕСЛИ функциясы шақырылады;
  3. Формулалар жолының сол жағындағы

белгісіне шертіледі;                                                                            

  1. Пайда болған тізімнен Другие функции таңддалынып, Логические категориясындаығы И  функциясы белгіленеді;
  2. И функциясының терезесіндегі Логическое_значение1: B3>=45%, Логическое_значение2: C3>=45%, Логическое_значение3: D3>=45% түрінде толтырылады;
  3. формулалар жолындағы ЕСЛИ шертіледі ;
    • Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;
    • Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;
  4. ОК басылады;
  5. Формула қалған ұяшықтарға жазылады.

 

3-жаттығу. Екі шартқа тәуелді функцияның графигін берілген аралықта  0,2 қадаммен салыңыз.  

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Үшінші жұмыстық бетті (Лист3) Задание 3 деп өзгертіңіз;
  2.  А бағанға екінші жолдан бастап (А2 ұяшықтан бастап ) х— тің [-1; 1] аралығындағы мәндерін 0,2 қадаммен орналастырыңыз;
  3.  В2 ұяшыққа келесі,

   =Если(А2<=0; (1+2*A2^2-sin(A2)^2)^(1/2); (2+A2)/(2+EXP(-0.1*A2))^(1/3))  формуланы Мастер функции көмегімен жазыңыз;

  1. Қалған ұяшықтарға формуланы автоматты түрде көшіріңіз;
  2. Функция графигін тұрғызыңыз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер  нұсқалар бойынша төменде берілген

9-кестедан алынады)

 

  1. Келесі функция … графигін, берілген аралықта  0,2 қадаммен тұрғызыңыз /9-кесте, 1-тапсырма/.
  2. Берілген сөз есепті … Excel программасының логикалық функцияларын пайдаланып шығарыңыз /9-кесте , 2-тапсырма/.

 

9-кесте

№ вар

х жатқан аралық

 1 -тапсырма

 2 — тапсырма

1

 

 

ax2+bx+c=0 түріндегі квадрат теңдеудің дискриминантын D= b2-4ac … тауып және  ЕСЛИ функциясын қолдана отырып теңдеудің нақты түбірлерінің санын табыңыз.  (Егер D>0, екі түбір бар)

 

2

   

Фермадағы жасы 6 айдан 8 айға дейінгі қояндар салмағы  7 кг- нан аспауы керек, егер асып кетсе қояндарға берілетін витаминнің тәуліктік концентрация мөлшері 125 г. азайтылады. Қояндардың саны , жасы және салмағы белгілі деп есептеп осы айдағы концентрация мөлшерінің қаншаға азайтылатынын есептеңіз.

 

3

   

Фирмадағы 5 қызметкердің әрқайсысы фирма орындап жатырған екі проектінің біреуіне ғана қатыса алады. Бірінші проект бойынша жалақыға 0,25% үстеме, ал екінші проект бойынша жалақыға 0,50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде ЕСЛИ функциясын қолданыңыз.

 

4

   

Фирмадағы 5 қызметкердің еңбек стаждарын әртүрлі деп алып, олардың жалақыларын есептеңіз. Жалақыға  қызметкердің еңбек стажына қарай: 1-4 жылға 15% үстеме, 5-10 жылға 30 % үстеме, 10 жылдан асқандарға 50%  үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде  логикалық функцияларды  қолданыңыз

5

   

Дүкен заттары жеңілдетілген бағамен сатылып жатыр: саудасы 50 000 теңгеден асқан алушыға 5% , 1000 000 асса — 10 %,  2000 000 асса- 20% жеңілдік жасалады.  Сатып алушының нақты төлейтін ақшасын логикалық функцияларды  қолданып есептеңіз.

 

         

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай логикалық функцияларды білесіз?
  2.  Если функциясы қалай жазылады және орындалады ?
  3.  И  функциясы қалай жазылады және орындалады ?
  4. ИЛИ функциясы қалай жазылады және орындалады?
  5. Логикалық өрнектер қандай мәндер қабылдай алады?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *