АҚПА ЖҰЛДЫЗДАР

АҚПА ЖҰЛДЫЗДАР, м етеорлар — ғарыштық денелер бөлшектерінен (метеор денелерден) аспанда байқалатын жарық құбылысы. А. ж. өте үлкен жылдамдықпен (1370 км/с) атмосфераға еніп, Жерге жетпей шашырап кетеді. Жарығы мен түсі оның метеорлық бөлшектерінің көлемі мен массасына, сондай-ақ А. ж-дың Жерге қатысты салыстырмалы жылдамдығына байланысты болады. А. ж. Жер бетінен 50 — 130 км биіктікте байқалады және оның жарқылы 3 — 5 с-та өтеді. Жылына 75 млн. А. ж. байқалады. Хим. және спектрлік талдау нәтижесінде А. ж. метеориттерінен ғылымға белгілі хим. элементтердің барлығы дерлік табылған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *