МАРТ


Жауып тұр қар, жауып тұр,

Жайраңдайтын жаз қайда?

Жұпарын қырға жайып гүл,

Жұпарын қырға жайып гүл,

Шашағын бізге жазбай ма?

Шілде жақын, жайна дер,

Арбап көктем нұрлана.

Қарлығаш та айлакер.

Қарлығаш бір айлакер,

Қыпыңдап қарап айнала.

Жалғыз өзім жабырқап,

Жүдеу тартты айналам.

Келер жазым жарқырап,

Келер жазым жарқырап,

Екеумізге жайнаған.

Иоганн Вольфганг фон Гёте

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *