Азаматтық құқықтық қатынас

 

 

Азаматтық құқытық қатынас дегеніміз азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық катынас.

Азаматтық құқықтық қатынастың келесі элементтері бар:

  • азаматтық құқықтық қатынастың объектісі (мүліктік және мүліктік емес игіліктер және құқықтар;
  • азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері (жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер;
  • азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны (қатысушылардың субъективті құқықтары мен міндеттері.

Азаматтық құқық ғылымында азаматтық құқықтық қатынастардың келесі негізгі түрлері ажыратылады:

  • мүліктік және мүліктік емес (объектісіне қарай);
  • абсолюттық және қатынасты (міндетті тұлғалар шеңберінің анықталуына байланысты;
  • заттық және міндеттемелік (субъективті құқықтардың сипатына қарай)

Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады.

Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:

1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн мәмiлелерден;

2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкiмшiлiк құжаттардан;

3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен;

4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау немесе иемдену нәтижесiнде;

5) өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде;

6) басқа жаққа зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;

7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;

8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

            Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері заң әдебиетінде оқиға (адамның ерігіне қарамастан пайда болатын) және әрекет (адамның ерігі бойынша пайда болатын)  деп бөлінеді. Әрекеттер құқыққа сай (мәміле немесе әкімшілік акт) немесе құқыққа қарсы (деликт) жасалуы мүмкін.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *