АҚНАЙМАН ЖАМАН БАТЫР — Абылай хан ордасына жақын жүрген батырлар- дың бірі. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардың серігі. Сарысу, Шорға, Алқабек-Білезік, Шаған, Сарыбелдегі шайқастарға қатысқан. Барлық шайқаста ақ- найман қолына ағалық еткен. Абылай ханның қазақ елін біріктіріп, қуатты мемлекетке айналдыру саясатын қолдаған. Қабанбай, Шонай, Барақ, Есет батырлармен бірге Жоңғар жеріндегі (1750 — 55) шайқастарға, Цин империясының жаулау жорықтарына қарсы ұрыстарға (1757 — 58) қатысты.