Алғашқы медициналық көмек көрсетудің жалпы ережелері

 

Жоспар:

16.1. Алғашқы көмек көрсетудің ережелері.

16.2. Жасанды дем алдыру.

16.3. Жасанды дем алдырудың түрлері.

 

Алғашқы жәрдем (егер адам дем алмаса).

         Егер адам дем алмаса сізде оған көмектесу үшін 1-2 минут қана бар, өйткені адамның миы үш минут оттегінсіз болса, клиникалық өлім пайда болады.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Адамның тамыр соғысын тексеріңіз, егер адам дем алмаса тамыр соғысы жоқ болады, еріні, құлағы, беті ақырын көгере бастайды. Кеудесі көтерілмейді.
  2. Адамның дем алу жолын тазартыңыз. Адамның аузы құсығына немесе сілекейіне толып, тілі тамағына түсіп сол себептен адам дем аламай жатуы мүмкін.

         Сондықтан:

  1. Адамның басын шалқайтыңыз, жаурынның астына бас төмен ал кеуде жоғары тұру үшін оралған киімді кою керек, жақты көтеріп аузын ашыңыз.
  2. Адамның тілі тамағына түссе, оны саусақтармен дұрыстап жіберіңіз.
  3. Адамның басын солға не оңға бұрып, оның аузын сілейкеден және құсығынан босатыныз.
  4. Егер адамның аузы қатты тістелініп жатса, онда төменгі жақтың бұрыштарын алға тартып, иекті төмен түсіріп ауызды ашыныз.
  5. Егер адам жоғарыда айтып кеткен қимылдан өзі демалып қалса, онда оны кеудесіне жатқызып басын солға не оңға шалқайтыңыз.
  6. Егер адам дем алмаса, онда оған жасанды дем беруді бастаңыз (ауыздан-ауызға немесе қолдарын көтеріп төмен түсіру).
  7. Егер адамның жүрегі соқпаса және тамыр соғысы жоқ болса, онда жасанды дем берумен бірге жүректің тура емес массажын жасау қажет.

«Ауыздан ауызға» әдісі.

  1. Өз қолының ортанғы саусақпен зардап шеккен адамның тілді дұрыстап қою үшін ауызды теқсеріңіз.
  2. Зардап шеккен адамды арқаға жатқызып, аузын ашып, жақты бір қолымен ұстай тұрыңыз.
  3. Зардап шеккен адамның мұрнын жауып, өз ауызыңызбен оның аузын қосып, кеуде көтергенше ауаны қатты үрлеңіз. Мұны басталғанда еркін қолыңызды адамның кіндіктен сәл жоғары қойып асқазанына ауа кірмеу үшін кішкене итеріп тұрыңыз.
  4. Өкпе ауаға толғаннан кейін зардап шеккен адамның, ауа енді сыртқа шығу үшін аузы мен мұрынын босатыңыз.
  5. Осындай қимылдарды минутына 20 рет жылдамдықпен адам өзі демалғанша қайталау керек.

Егер адамның ауызы бұзылып қолдан дем беруді жасай алмасаңыз, онда зардап шеккен адамның аузын жауып, ауаны мұрыннан беруге болады.

Егер адам өзі демалуды бастаса, онда оны демалуға қауіпсіз кеудесіне жатқызу керек. Зардап шеккен адамнан алысқа кетпеңіз — өйткені адамның дем алу тағы да тоқтауы мүмкін.

Егер зардап шеккен адам кішкентай бала болса, онда оның аузы мен мұрынын өз аузыңызбен бірақ жауып, қолдан дем беруге болады. Сонымен бірге кішкентай балаға үлкен адаммен салыстырғанда демді  жиі беру керек.

Жүрекке массаж  жасау.

         Егер адамның жүрегі соқпаса, онда миға қан бармай адам тез өліп қалады. Жүректі жұмыс істеткізуге болады, егер оған біркелкі басып тұрумен бірге, өкпеге ауыздан ауызға тәсілімен ауаны беріп тұрсаңыз.  Бірақ бұл әдісті адамның жүрегі соқпағаның анық білсеңіз ғана пайдалануға болады. Егер жүрегі ақырын соқса, сіз жоғарыда айтылған қимылдармен қолдасаңыз, оны мүлде тоқтатып тастауы мүмкін.

         Алақандарды бір біріне қосып, кеуденің төменгі жағына қойып, басқанда бүкіл күшті жұмсау керек. Үлкен адамның кеудесі төрт сантиметрге және минутына сексен рет жиілікпен басылу керек.

         Егер массажды сіз жалғыз істесеңіз, онда 15 рет жүрек жағын басып, бір рет жасанды дем беру керек. Егер массажды екі адам істесе, онда 5 рет жүрек жағын басып, бір рет жасанды дем беру керек.

         Егер адамда тамыр соғысы пайда болса, онда жүрекке, массажды тоқтатып, жасанды дем беруді тоқтатпау керек.

         Егер жүрекке массажды он жасқа толмаған балаға жасасаңыз, онда кеудесіне бір қолымен басу қажет, ал басудың жиілігі 80-100 рет болуға тиісті.

         Егер жүрекке массажды сәби балаға жасасаңыз, онда кеудесіне екі саусағымен 25 мм-ге дейін басу қажет, ал басудың жиілігі 100 рет болуға тиісті.

Суға батқандағыларға және асфиксия кезінде көрсететін көмек.

  1. Зардап шеккен адамның бас жағына тізелеп отырып, екі қолыңызбен шынтақ жағынан ұстау керек.
  2. Сосын оларды біркелкі басына қарай көтеріп, осындай қалпында 1-2 секундтай ұстай тұру керек.
  3. Содан кейін біркелкі, бірақ жылдамырақ қолдарын кеудеге қарай түсіру керек.
  4. Осы қимылдың аяғында қолды кеудесіне кішкене қысу керек.
  5. Осындай қозғалыстарды минутына 16-18 рет адам демалумен бірдей жылдамдықпен жасау керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *