Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі

 

Жоспар:

7.1. ҚР ұлттық қауіпсіздігі.

7.2. Ұлттық қауіпсіздік міндеті мен принциптері.

7.3. ҚР ұлттық қауіпсіздігіне негізгі қауіп қатерлер.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары – Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйенің басым бөлігі болып табылатын және оларға берілген құзыреттің шегінде тұлға және қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекет егемендігін, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық және елдің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік органдар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін төмендегілер құрайды:

— Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер және өзге құрылымдық бөлімшелер;

— Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстардағы, республикалық деңгейдегі қаланың және Республика елордасының аумақтық органдары мен оларға бағынатын қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдер, бөлімшелер);

— қарсы барлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге ұйымдар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, бәрінің заң алдында теңдігінің, адам және азаматтың құқығы мен еркіндігін құрметтеу және сақтау, саяси партиялар және өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметтерінен тәуелсіз болу қағидаттарында құрылады.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін Республика Президентімен Республика Парламенті Сенатының келісімімен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төраға басқарады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi — ұлттық қауiпсiздiк органдары) — Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi

  1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
    1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
             2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн барлау ақпаратын iздеп табу;
             3) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және тыю;
             4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;
             5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;
             6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;
             7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, ұйымдарында, Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру; 
             8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
             2. Ұлттық қауiпсiздiк органдарына өзге мiндеттер тек заңмен ғана жүктелуi мүмкiн.

Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң  негiзгi принциптерi.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау, саяси партиялар мен өзге де бiрлестiктер қызметiнен тәуелсiздiк принциптерiнде құрылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *