Жоспар:
6.1. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6.2. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі.
6.3. Төтенше жағдай министрлігі және басқа да мемлекеттік қызметтер.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі туралы
ереже.
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің негiзгi мiндеттерi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы, Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау, салааралық үйлестiру, өрт және өнеркәсiп қауіпсiздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргізiлуiн қадағалау, тау-кен қадағалау, мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және оның одан әрi дамуын қамтамасыз ету, өрттердiң алдын алу мен сөндiрудi ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.
Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрi — аумақтық органдар) және ведомстволары: Өртке қарсы қызмет комитетi, Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi және Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi бар.
- Министрлiк өз қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. - Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетін Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар шешiмдер шығарады.
- Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметi бекiтедi.
Министрлiкке кәсiпкерлік субъектілерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Министрлiктiң негiзгi функциялары мен құқықтары.
Министрлiк жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мыналардың саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн, стратегиялық:
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, Азаматтық қорғаныс, салааралық їйлестiру, өрт және өнеркәсіп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, қауіпті өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауіпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жїргізілуін қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау саласында, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласында;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіп қауіпсiздiгі жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеудi және орындауды ұйымдастыру;
мемлекеттік және жұмылдыру резервтерi құрамындағы материалдық-техникалық, азық-тїлік, медициналық запастарды және басқа да ресурстарды пайдалану туралы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою їшiн Қазақстан Республикасының Їкiметiнiң резервiнен қаражатты пайдалану туралы ұсыныстарды әзiрлеу;
Азаматтық қорғаныстың бейбiт және соғыс уақытына арналған жоспарын әзiрлеу және оны Қазақстан Республикасының Їкiметіне бекiтуге ұсыну;
2) мемлекеттік саясатты iске асыру саласында:
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк органдардың жұмысын үйлестiреді;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
төтенше жағдайлардан халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғаудың және Азаматтық қорғаныстың жай-күйi туралы есептер дайындайды және ұсынады;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласында ғылыми зерттеулердi, білімдi насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмдерi бойынша өңiрлiк және жаhандық төтенше жағдайларға тiкелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнің жауынгерлiк және жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз eтeдi;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының орындауы їшін мiндетті Азаматтық қорғанысты даярлау және жїргiзу мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдайды;
Азаматтық қорғаныс мїддесi їшiн қару-жараққа, техникаға, қорғаныс құралдарына және басқа да материалдық-техникалық құралдарға қажеттілiктi анықтайды;
төтенше жағдайларды жою кезiнде қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын, байланыс және ақпарат беру құралдарын жұмылдырады;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның және Мұнай төгiлулерiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiне республикалық деңгейде басшылық жасайды;
төтенше жағдайлардың алдын алу, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, қaуiптi өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсіпте жұмыстардың қауiпсiз жїргiзiлуiн қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау жөнiндегi, сондай-ақ мемлекеттiк материалдық резерв аясындағы функцияларды iске acыpaтын Министрліктің ведомстволары мен аумақтық органдарының қызметіне жалпы басшылық жасайды және үйлестiредi;
Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылық жасайды;
авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезiнде Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi мен құрамаларын басқаруды ұйымдастырады;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi iс-шараларда Азаматтық қорғаныс күштерiне өзiнiң қарауындағы жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтерiне, сондай-ақ төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық хабарлау жүйесiне және республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне тiкелей басшылық жасайды;
Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi жеке құрамының, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамалары басшыларының, халықтың Азаматтық қорғаныс бойынша дайындығын ұйымдастырады, осы мақсатта тиiсті дайындық бағдарламаларын әзiрлейдi;
Азаматтық қорғаныстың авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларын құруды, есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
орталық атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылған авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының қызметiн үйлестiредi;
өрт, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және Азаматтық қорғаныс саласындағы ведомстволық бағынысты ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ өрт, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және Азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың қызметiн үйлестiредi;
қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес Азаматтық қорғаныс, өртке қарсы қызмет органдары және мемлекеттiк материалдық резерв саласындағы мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды қабылдайды;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк материалдық резерв аясында шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiн қамтамасыз етедi, ізгiлiк акцияларын өткiзудi ұйымдастырады.
Министрлiктiң негізгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында:
1) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға;
2) өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды енгiзуге;
3) төтенше жағдайлар саласындағы нормативтердi, стандарттарды және ережелердi бекiтуге немесе келiсуге;
4) Министрлiкке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және жою мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды енгiзуге;
5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша ақпарат пен мәлiметтер сұратуға және алуға;
6) құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң, республиканың басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының күштері мен құралдарын аварияларды, апаттарды және табиғи зiлзалаларды жою, төтенше жағдайлар аймақтарында қоғамдық тәртiптi және объектілердi күзетудi қамтамасыз етуге тарту туралы Қазақстан Республикасының Yкiметіне ұсыныс енгiзуге;
7) белгіленген тәртiппен бекiтiлген айырым белгiлерiмен, арнаулы дабылдармен және байланыс құралдарымен жабдықталған арнайы көлiк құралдарына ие болуға;
8) заңнамада айқындалған тәртiппен республиканың бүкiл аумағы бойынша бiрыңғай радиожиіліктер белдеулерiне ие болуға;
9) өз құзыретіндегi мәселелер бойынша халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын дайындауға, берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға және оларды түгендеудi жүзеге асыруға;
10) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы проблемалар жөнiнде журналдар, режимдiк анықтамалықтар, бюллетеньдер және басқа да басылымдар шығаруға құқығы бар.