Романо-германдық құқықтық отбасының ерекшеліктері мен сипаттық белгілері

 

Мақсаты: бұл тақырыптың маңыздылығы әлемдегі кең тараған және ескі түрі – романо-германдық құқықтық отабсы туралы терең көрініс берумен сипатталады. 

Жоспары:

  • Романо-германдық құқықтық отасының пайда болуы мен дамуының тарихы
  • Романо-германдық құқықтың ерекшеліктері
  • Романо-германдық құқықтың қайнар көздері
  • Нормативтік-құқықтық актілер: ұғымы және түрлері

 

  • Романо-германдық құқықтық отбасының пайда болуы мен дамуының тарихы. Қазіргі кезде, біз жиі кездесетін, алғашқы отбасы – романо-германдық құқықтық отбасы болып табылады.

Романо-германдық құқықтық отбасы ұзақ тарихқа ие. Ол Ежелгі Рим құқығымен байланысты, бірақ та мыңжылдық дамудан астам кезеңді құқықтың тұжырымдамасының өзіне берді. Романо-германдық құқықтық отбасы римдік құқықты жалғастырушы ретінде қарастыруға болады, олар оның дамуының нәтижесі, бірақ та оның көшірмесі болып саналмайды.               

Қазіргі уақытта романо-германдық құқықтық отбасы барлық жерлерде кеңінен таралды. Ол рим империясының шегінен алысқа шықты және бүкіл  Латын Америкасына, Африканың айтарлықтай бөлігіне, Шығыстың, Индонезияның елдеріне таратылды.  

Романо-германдық құқықтық отбасы өзінің дамуында ұзақ дамуы жолынан өтті. Зерттеушілер  оның дамуының үш негізгі кезеңін бөліп шығарады.

Романо-германдық құқықтық отбасының қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңі ХШ ғасырға дейін оның дамуымен байланысты. Ғалым-заңгерлердің ойы бойынша, XIII ғасырдың дәл өзін «ғылыми көзқарастан романо-германдық құқықтық отбасы пайда болған кезең» деп санау қажет.  Осы уақытқа дейін тиісті материалдардың жиналуының процессі жүрді.

Романо-германдық құқықтық отбасының дамуының екінші  кезеңі   XIII ғ. бастап XVIII  ғасыр аралығымен анықталады. Ол тікелей XIII — XIV ғ.ғ. аралығында Италияда алғашқы болып байқалған, кейін бүкіл Батыс Европаға Қайта өркендеу және Ренессанспен таратылған.

Романо-германдық құқықтық отбасының дамуының үшінші  кезеңі  айтарлықтай көлемде шынайы құқықтың мектебімен дайындалған, европалық елдерде заңнаманың мықты дамуымен және жүйеге келтірілуімен көңіл бөлінеді. Осы кезең, қабылданған хронолгия бойынша, қазіргі уақытта  да жалғасын табуда. 

 

  • Романо-германдық құқықтың ерекшеліктері

Романо-германдық құқықты оқып-білу кезінде тек қана оның қалыптасу және дамуы, оның мағынасы, мазмұны және оның пайда болуының сыртқы және ішкі нысаны туралы сұрақтар туындамайды, сондай-ақ осы құқықтық отбасыға тән ерекшеліктер мен белгілер туралы сұрақтарда пайда болады екен.  

Романо-германдық құқықтың барлық ерекшеліктерін қамтымай, тек оның мазмұнымен сипатын нақты анықтайтын мән бойынша ең қажетті дегендеріне тоқталамыз. 

Романо-германдық құқықтың ерекшеліктерінің арасынан мыналарды бөліп қарау керек: 

  • біріншіден, оның рим құқығымен органикалық байланысын, оның рим құқығының негізінде пайда болуы және дамуы;
  • екіншіден, басқа концептуалдық және доктриналдық құқықтық отбасыларымен салыстырғанда анық сипатталған;
  • үшіншіден, құқықтың қайнар көздерінің жүйесіндегі заңның ерекше маңыздылығы;
  • төртіншіден, құқықтың жария және жекеге бөлінуінің ашық сипатталған сипаты;
  • бесіншіден, ашық сипатталған жүйеге келтірілген сипаттама.

 

  • Романо-германдық құқықтың қайнар көздері

Романо-германдық құқықтық отбасында қалыптасқан құқықтың қайнар көздерінің теориясын ашып көрсету – оңай іс емес. 

Романо-германдық құқықтық отабсыны құрайтын құқықтық жүйелер көп түрлі және олардың әрқайсысы өзге белгілермен салыстырғанда өзінің ерекшеліктеріне ие. 

Бірақ біз, классикалық жоспарды негізге аламыз және заңның, салт-дәстүрдің, сот тәжірибесінің, доктринаның және жоғары қағидалардың рөлдерін қарастырамыз. 

  1. Заң – бұл біздің уақытта романо-германдық құқықтық отбасы елдерінің құқығының алғашқы деңгейлі және тіпті жалғыз қайнар көзі.
  2. Әдет-ғұрып – романо-германдық отбасы елдерінде әдет-ғұрыптың рөлі мен мағынасына қатысты көзқарастардың екі жүйесі бар:

— сөйтіп, социологиялық доспарға сәйкес, әдет-ғұрып құқықтың негізі болып табылады; 

— көрсетілген тұжырымдамаға қарама-қарсы позитивтік мектеп әдет-ғұрып рөлін жоққа шығарады. 

  1. Сот тәжірибесі. Романо-германдық құқықтық отбасы елдерінде сот тәжірибесінің рөлі заңның рөлін анықтағаннан кейін болуы мүмкін. Барлық елдердің заңгерлерінің заңға сүйенуге тырысуын ескере отырып,  сот тәжірибесінің шығармашылық рөлі әрқашанда заңды талқылаудың көрінісінен ғана ашылады.   
  2. Доктрина. Доктрина ұзақ уақыт бойы романо-германдық құқықтық отбасының негізгі қайнар көзі болып табылды, өйткен XIII- XIX ғғ. Университеттерінде құқықтың негізгі қайнар көздері өңделген болатын.  Демократия және жүйеге келтіру идеясын жеңумен жақын өткен жылдарда ғана  доктринаның біріншілігі заңның біріншілігімен ауыстырылды. 
  3. Жалпы қағидиалар. Құқықты қолдануда ғана емес, сондай-ақ құқықты өңдеуде заңгерлердің қызмет етуі романо-германдық құқықтық отбасында заңгерлер заңның өзінде табатын, сондай-ақ қажет болған жағдайда оларды заңнан тыс таба алатын, кейбір «жалпы қағидаларды» қолданумен байқалады.  

         

          4  Нормативтік-құқықтық актілер: ұғымы және түрлері. Нормативтік – құқықтық актілер жазылған құқықтың  қайнар көзі ретінде романо-германдық құқықтың  барлық жүйесінде де және оны құрайтын басқа да құқықтық жүйелерде де белгілі бір рөл атқарады.   Заңдылық күшіне байланысты көптеген нормативтік – құқықтық актілерді заңдарға және заңға бағынышты  нормативтік – құқықтық актілерге бөлуге болады. 

Заң бұл ерекше жағдайда, заң шығару органдарының билігімен немесе референдуммен қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғары заңдылық күші бар нормативтік акт. 

Заңдардың жіктелуі әртүрлі негіздер бойынша өткізілуі мүмкін: 

— олардың заңи күші бойынша (Конституция, консти­туциялық заң,  заң);

— заң шығарушылықтың субъектісі бойынша (референдум немесе заң шығарушы орган нәтижесінде қаьылданған);

— құқықтық реттеу пәні бойынша (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық және т.б.);

— қызмет ету мерзімі бойынша (тұрақты заңдар және уақытша);

— сипаты бойынша  (ағымдағы және төтенше);

— қызмет ету сферасы бойынша (жалпыфедералдық және аймақтық);

— мазмұны бойынша (экономикалық, бюджеттік, әлеуметтік, саяси және т.б.);

— жүйелендірілу деңгейі бойынша  (қарапайым және жүйеге келтірілген, өзге сөзбен айтқанда, органикалық – ҚР АК, ҚР ҚК және т.б.);

— оның құрамындағы нормалардың маңыздылығы бойынша (конституциялық және қарапайым);

— реттеу көлемі бойынша (жалпы және арнайы) және т.б.

Заңға бағынышты актілер бұл құрамында  заңи нормалары бар,  заңдардың негізінде және заңдарды орындау үшін  шығарылған актілер.    Заңға бағынышты актілер заңдарға қарағанда заңдық күші аз болады және оларға негізделеді. Қоғамдық қатынастарды нормативтік құқықтық реттеуде басты және негізгі орынды заң алатынына қарамастан, заңға бағынышты актілер де көмекші және ұсақ көмекші құрал рөлін ойнай отырып, кез келген қоғамның өмірінде маңызды сипатқа ие.  

Заңға бағынышты актілердің түрлері:

1) жалпы заңға бағынышты құқықтық актілер (мысалы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің Қаулысы, ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулысы және т.б.);

2) ведомстволық заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілер (бұйрықтар, нұсқаулықтар, ведомствалардың, министерліктердің ережелері, мемлекеттік комитеттердің ережелері, ережеге сай, осы атқарушы құрылымның шегінде бар қоғамдық қатынастар);

3)  жергілікті мемлекеттік билік органының актілері;

4) ішкі ұйымдық заңға бағынышты актілер (мысалы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері).

 

Әдебиеттер: 1, 32-33б.;  3, 481-584б.;  4, 22-38б.

 Бақылау сұрақтары:

  • Романо-германдық құқықтық отбасының пайда болуы мен дамуының тарихи кезеңдерін атаңыз.
  • Романо-германдық құқықтың ерекшеліктерін сипаттап беріңіз.
  • Романо-германдық құқықтың қайнар көздеріне сипаттама беріңіз.
  • Нормативтік-құқықтық актілердің анықтамасын беріңіз.
  • Нормативтік-құқықтық актілердің критерийлері қандай?

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *