Дәрістің мазмұны:
- Қазақ жерлерін Ресей империясының отарлауы.
2.Қазақ жерлеріне әскери бекістерідің салынуы.
- Қазақ жерлерін Ресей империясының отарлауы.
1730 жылы маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұрап, патша Анна Иоановнаға өтініш хат жолдайды.1731 жылы 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға және «бүкіл қазақ халқының Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылдағаны туралы» грамотаға қол қоядды. 1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды. Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған осы актіден басталады. Орта жүзде Кіші жүздің жолын қуып, 1735 жылы желтоқсанның аяғында тілек білдіріп, Әбілмәмбет 1740 жылы Ресейге қосылу жөнінде Орынборда ант берді. ХҮІІІ ғ. 40 жылдарының басында қазақ-орыс қарым – қатынастары одан әрі жандана түсті. Жоңғарлардың шабуылын пайдаланып, сылтауратқан патша үкіметі Қазақстан өңірінде көптеп әскери бекіністер салуға кірісті.
1734 ж. Сенаттың Обер секретары И.К.Кириловтың (1689-1734) Қазақстан мен Орта Азиядағы Ресей иеліктерін нығайту үшін, осы елдермен сауданы дамыту үщін қалалар мен қорғаныс шептерін салу жөніндегі ұсынысын Сенат және Сыртқы істер коллегиясы қабылдады, 1734 ж. 1 мамырында Сенат жарлығымен И.К.Кирилов басшылық еткен Орынбор экспедициясы құрылды. Сөйтіп, Ресей империясы Ор (Тобылдың бір тармағы), Жайықөзендері құйылысында бекініс шептерін сала бастайды. Жайық өзенінің алдыңғы тұсында орыстың бекіністі сауда орталығы – Орынбор (1735-1738) қаласының іргесі қаланды.
2.Қазақ жерлеріне әскери бекістерідің салынуы.
ХҮІІІ ғ. 20 жылдары Алтайды патша үкіметінің отарлауы барысында пайда болған кен орындары мен зауыттарға қауіп төнді. Сондықтан патша үкіметі қазақ жеріндегі бкініс шептерін кеңейтуге кірісті.
ХҮІІІ ғасырдың 50 жылдары – патша үкіметі іске асырған әскери – инженерлік шаралардың нәтижесінде Солтүстік-Шығыс Қазақстан бекіністер, шептермен қоршалды.
Горькая шебі – Сібір редутынан Омбы бекінісі аралығы, ұзындығы 553 верст.
Ертіс шебі – Омбы бекінісінен Кіші Нарым бекінісі аралығы, ұзындығы 1684 верст.
ХҮІІІ ғ. І жартысында ұзындығы 1780 шақырымды қамтитын Атырау (Гурьев) қалашығынан басталып, Жайықтың бойымен Алабұға шебіне дейін жеткен Жайық бекініс шебі салынды. Содан соң Орск (1735), Верхнеуральск (1745), Есіл (1735), Омбы (1705), Семей (1718), Өскемен (1720) т.б. бекіністерінің іргесі қаланды.
ХҮІІІ ғасырдың өзінде Жайық өзені бойында 14 қамал салынды. Жайық қалашығынан бастап Звериноголовск бекісіне – 770 шақырымға созылған Уйск шебі (әскери линия) аяқталды. 1752 ж. 9 қамал, 58 бекіністен тұратын 540 шақырымға созылған – Жаңа Есіл шебі оны 950 шақырымға созылған Ертіс – Сібір шебімен жалғастырылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- ХҮІІІ ғасырдағы Ресей үкіметінің қазақ жеріне бекіністермен шептердің салуы.
- Орынбор экспедициясының құрылуы.
- Жайық өзенінің бойында қамалдардың салынуы.
- Көкшетау, Аякөз, Баянауыл, Ақмола бекінісі қалалардың пайда болуы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
- К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 292-298 б.б.
- Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 76-82 б.б.
- «Қазақ тарихы» жур. 1995ж. №6 7-13б.б.