Дәрістің мазмұны:
- Есім және Тәуке хандардың билігі.
- Әдет-құқықтық заңдар жинағы.
- Есім және Тәуке хандардың билігі.
1598 жылы Тәуекел хан қайтыс болған соң, оның орнына отырған Есім хан (1598-1628жж.) қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды.Оған бұл атақ 1598 ж. ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауараннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан – Шығай ханның баласы. Ол қазақ хандығының Түркістан қаласындағыхан тағына отырған соң Бұхармен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп қайта құруды көздеді. Ал Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыруды көздеген саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы Қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек ханның немересі – Жолым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Көп ұзамай ол тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Сөйтіп, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан иен Ташкентқаласын орталық еткен Тұрсын хан қатар билік жүргізді. Бұлардың арасында қақтығыстар туындай бастады. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы күрес барған сайын шиеленісе түсті. 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын тұтас өз қол астына біріктірді.
Қазақ хандығының көрнекті хандарының бірі – Тәуке хан. Ол өз өкіметінің беделін көтеріп, барлық қазақ руларын біріктіру шараларын жасады. Тәуке ханның тұсында (1680-1718жж.) «Күл төбенің басында күнде кеңес» өткізілді. Тәуке хан тұсында қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды Ойрат-Жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты жердің тарылуы, мал жайылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жиі болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауынан қылмыс заңынан бөліп алып, жеке-жекетарау енгізуге тура келді.
- Әдет-құқықтық заңдар жинағы.
XVII ғ. аяғы – XVIII ғ. басында Тәуке хан заманында Қасым мен Есім ханның әдет-ғұрып ережелері жүйеге келтіріліп, «Жеті Жарғы» Заңдар жинағы шығарылды: ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді, құн төлеу – адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.
- Әкімшілік –құқық нормалары мен қылмысты іс құқығы.
- Отбасы – неке құқығы.
- Сот ісі.
- Сұлтанды немесе қожаны тіл тигізіп, ренжітуші адам 9 мал, соққыға жығушы 27 мал айып төлейді.
- Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адамның құнын төлейді.
- Әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу.
- Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды, бұлай істеуден бас тартса қорлағаны үшін құн төлйді.
- Жеті куә әшкерелесе, құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіреді.
Хан, сұлтандар, ру ақсақалдары халық істерін талқылау үшін күзде жиналуы қажет. Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмейді. Қарусыз адамның дауысы болмайды және оған жасы кішілер орын бермейді. Әрбір тармақтың, ру мен бөлімшенің өз таңбасы болуы қажет.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Есім ханның билігі, оның Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнықтыруы.
- Тәуке ханның билікке келуі. Оның ішкі-сыртқы саясаты.
- Қазақ қоғамындағы билер, олардың рөлі.
- Есім мен Тәуке хандардың әдет-құқықтық заңдар жинағы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
- К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 268-272 б.б.
- Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 71-75 б.б.
- «Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 149-163 б.б.