Туризм туралы ғылыми білімдердің негізгі құрастырушысы

 

Дәрістің мақсаты:туризм туралы ғылыми білімнің негізі жәнеқоғам өміріндегі маңызын

ашып қарастыру болып табылады.

Дәріс сұрақтары:

1.Туризм туралы ғылыми білімнің негізі

2.Туризмніңқоғам өміріндегі маңызы

Тақырып бойынша негізгі түсініктер:стратегия, тактика, туристік пакет, стратегиялық жоспарлау, бизнес-жоспарлау, компьютерлік технология, психология, менеджер, маркетолог, әлеуметтік, техникалық.

 

Туризм туралы ғылыми білімнің негізінде стратегия мен тактика жатыр.

Қазақстанда туризмнің даму стратегиясы жалпы ел мен аймақтарда  туризмді дамытудың мәні, сипаты мен әдістеріне ғылыми негізделген жүйені көрсетеді, атап айтқанда қонақүйлер кешені  құрылысы, жолдар мен көлік, денешынықтыру-сауықтыру орталықтарын дамытуға қойылатын талаптардан көрінеді.

Туризмді дамыту стратегиясы жекелеген аймақтардың даму басымдығын, сонымен бірге елдің жекелеген орманды-қорықты аумақтарын анықтайды. Туризм стратегиясы – жалпы экономиканың даму деңгейінің басты көрсеткіші.

Тактика кәсіпорын шаруашылығы мен оныңқұрылымдарының теориясы мен практикасын қамтиды. Ол нарықытың бағыттары мен сегменттері бойынша бөлінетін  ерекше қызмет болып табылады. Әдетте, туристік компаниялардыңәрбір бөлімі немесе қызметі немесе құрылымдық бөлімшесі нарықта өз тактикасын әзірлеп, жүргізеді. Ол өзін дамытуда өте тез және серпінді, құрылымнан тыс өзгерістердің бәріне (валюта курсыныңөзгеруі, түрлі аймақтардағы техногендік апаттық жағдайлар) және ішкі өзгерістерге,  мәселен, /кадр тұрақсыздығы, тиімсіз туристік пакеттер/ жылдам  бейімделеді

Ғылыми білімдердің бірлігі ғылыми мәселелерді әзірлеудің кешенді сипатын анықтайды. Мысалы, стратегиялық жоспарлау, бизнес-жоспарлау, компьютерлік технология, психология және тағы басқа ғылыми білімдерге сүйенбейінше, туризмді басқару жүйесі мен әдістерін жетілдіру мүмкін болмайды.

Ғылыми мәселелерді шешуге кешенді көзқарастар қажет, өйткені жалпы теориялық, іргелі, сонымен бірге, қосалқы сипаттағы терең зерттеулер жүргізуге арналған жаңа мүмкіндіктер, түрлі ғылымдардың тоғысуымен айқындалады, оны толығымен пайдаланған жөн.   

Туризмніңқоғам өміріндегі маңызы

Қазіргі күні туризм демалыс түрінен тұтас индустрияға айналды, оған көптеген туристік қызмет түрлері кіреді. Туризммен саяхат ұйымдастыру, қонақүй бизнесі, экономика т.б. қызметтердің түрлері тығыз байланысты. Осының бәрі де турбизнес термині ұғымына енеді.  Турбизнесте жаңа мамандықтар пайда болды: турөнім, туроператорлар, турагенттер, менеджерлер, маркетологтар және т.б.

Турбизнесте қызмет істейтін мамандарға туризмнің алдында тұрған міндеттерді, туризм қызметі барысында оларды шешу жолдарын білу өте маңызды. Сонымен, туризм тұтас ғылымға айналды, оған нысандар, принциптер/ұстанымдар/, заңдар, зерттеу категориялары мен әдістері кіреді.

Қазіргі заман жағдайында туризм қоғамның түрлі жағдайлары мен құбылыстарына әсер етеді, мәселен, әлеуметтік және техникалықәдерістерді қамтиды.

Әлеуметтік процестерге туристік қызметті жүргізуді экономикалық тұрғыда қамтамасыз ету жатады, яғни, адамдардың  еңбек демалысын тиімді пайдалануы үшін оларды моральдық және психологиялық тұрғыда әзірлеу, көптеген адамдардың демалу жағдайын жақсарту, демалыс орындарын көбейту жјне сапалы қызмет көрсету.

Осы реттегі үрдістергетереңірек зерттеу жүргізілуінен, мынадай ғылымдар пайда болды:  «Санаторий-курорт ісі», «Туризмдегі менеджмент және мар­кетинг», «Туризм нарығы», «Халықаралық туризмді дамыту», «Туризм экономикасы»,  сонымен бірге, туризм саласында психология, педагогика, заңғылымдарының пайда болып, дамуы. Олар туризм қызметі мен соған сәйкес қызмет түрлерінің шектесу жағдайларын көрсетеді, өйткені олар мазмұны бойынша, бірінші жақтан, туризм ғылымы құрамына, екінші жағынан – сәйкес ғылымдардың арнайы салаларына кіреді.

Туризм қызметі тиімді болуы үшін, арнайы техникалар мен түрлі құрылыс құрылымдары  мен нысандарды дамыту қажет.

 

Бақылау сұрақтары

 

1.Туризм туралы ғылыми білімнің негізін атаңыз?

2.Туризм стратегиясы нені анықтайды?

3.Экономиканың тұтастай даму деңгейінің маңызды көрсеткішін атаңыз?

4.Туризмнің қоғам өміріндегі маңызы қандай?

 

Қорытынды

Қазақстанда туризмнің даму стратегиясы жалпы ел мен аймақтарда  туризмді дамытудың мәні, сипаты мен әдістеріне ғылыми негізделген жүйені көрсетеді, атап айтқанда қонақүйлер кешені  құрылысы, жолдар мен көлік, денешынықтыру-сауықтыру орталықтарын дамытуға қойылатын талаптардан көрінеді.

Туризмді дамыту стратегиясы жекелеген аймақтардың даму басымдығын, сонымен бірге елдің жекелеген орманды-қорықты аумақтарын анықтайды. Туризм стратегиясы – жалпы экономиканың даму деңгейінің басты көрсеткіші.

Тактика кәсіпорын шаруашылығы мен оныңқұрылымдарының теориясы мен практикасын қамтиды. Ол нарықытың бағыттары мен сегменттері бойынша бөлінетін  ерекше қызмет болып табылады. Әдетте, туристік компаниялардыңәрбір бөлімі немесе қызметі немесе құрылымдық бөлімшесі нарықта өз тактикасын әзірлеп, жүргізеді

Туризм қызметі тиімді болуы үшін, арнайы техникалар мен түрлі құрылыс құрылымдары  мен нысандарды дамыту қажет.

 

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Туризмдегі зерттеу модулі үшін бұл тақырыптың үлкен мәні бар, бірақ сонымен қатар барлық туристік бизнес пәндері үшін де.Мұндатуризмдегі ғылыми зерттеу ғылымының маңызды сұрақтары қарастырылды.

Тақырыпты оқығаннан кейін студенттуризм туралы ғылыми білімнің негізі жәнеқоғам өміріндегі маңызы туралы, оның қандай түрлері мен бағалану категорияларына бөлінуі жайлы толық мағлұмат алулары керек.

 

Әдебиеттер

1.Барчуков И.С. Методы научных исследований в туризме: учеб. пособие. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.

2.Дурович А.П. Маркетинг в туризме. – М.: Экономпресс, 2002.

 

            Қосымша әдебиеттер

1.Зорин И.В., Квартальнов И.А. Толковый словарь туристских терминов. Туризм. Туристская индустрия. Туристский бизнес. .  – М.: Афины, Infogroup, 1994.

2.Ильина Е.Н. Туризм – Путешествия. Создание туристской фирмы. Агентский бизнес: Учеб. – М.: РМАТ, 1998.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *