Индикативтік жоспарлау- мемлекеттің экономиканы реттеудегі стратегиялық құралы

  •  

Дәріс жоспары:

  1. Индикативтік жоспарлау түсінігі
  2. Индикативтік жоспарлаудың мақсаттары
  3. Стратегиялық, тактикалық және ағымдық жоспарлар
  4. Әлеуметтік-экономикалық саланы 2010 жылға дейін дамытуда қойылып отырған мақсаттар

 

  1. Индикативтік жоспарлау түсінігі

Индикативтік (нұсқаулы,реттеуші) жоспарлау үрдісінде мемлекет бүкіл халықтың, ұлттың және елдің барлық аймақтарының сұранысын ескере отырып,экономикалық даму туралы әр түрлі бағдарламалар,жоспарлар жасайды. Онда шаруашылықтың ресурстарымен толық қамтылған негізгі бағыттары мен көрсеткіштері нақтылы анықталады және солар арқылы барлық кәсіпкерлердің мүдделерін ескере отырып,олардың қоғамның даму жоспарларын орындауға ынталылығын арттыру көзделеді.

Сонымен ,индикативтік жоспарлау дегеніміз-мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатына сәйкес ел экономикасының болашақ белгілі бір мерзімге бейімделіп жасалған параметрлер (көрсеткіш индикаторлар) жүйесінің қалыптасуы және соны жүзеге асыру үшін мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық үрдістерге әсер ететін шаралар жиынтығы. Индикативтік жоспарлау-жалпы экономикалық дамуды алдын-ала болжау,яғни сол үшін тікелей бағыттарды анықтау деген сөз. Онда мемлекет тарапынан шағын ғана міндетті тапсырмалар көрсетіледі және олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін экономикалық механизм белгіленеді.Бұл механизмге арнайы  жасалған заңдар жүйесі мен экономикалық реттеуші тетіктер  жатады. Оның құрамына бюджет, қаржы-қаражат ,салық,кеден, несие,баға мен табыс, сыртқы экономикалық саясат ,орталықтандырылған мемлекеттік инвестициялар,мемлекеттік тапсырыс жүйесі және т.б кіреді.

 

  1. Индикативтік жоспарлаудың мақсаттары

   — ішкі және әлемдік (дүниежүзілік) нарық коньюнктурасы ,инвестиция не басқа шаралардың қожалық етуші субьектілердің экономикалық тетігіне әсер етуі,бюджеттік ассигновениенің мемлекет ұсынған бағыттары туралы ақпарат жүйесін қалыптастыру;

— мемлекеттік (ұлттық ) бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштерді нарық субьектілеріне ұсыну. Бұл көрсеткіштер субьектілерге өз шаруашылық әрекеттерін іске асырғанда қажет болуы мүмкін;

  -тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәселелеріне бейімдеу(бағдар беру)

            Индикативтік жоспарды қалыптастыру кері байланыс принципімен жүзеге асады:

   -үкімет экономикалық саясаттың бас стратегиясы мен негізгі бағыттарын жасайды, макроэкономикалық көрсеткіштер түрінде индикаторлар құрамын (экономика тетіктерін) нақтылайды,олар келешекте субьектілердің шаруашылық әрекеттерін дамытуда есепке алынады, өз кезегінде шаруашылық субьектілерінің талап-тілектері мен көрсеткіштері республиканың (облыс,аудан) әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын жасауда ескеріледі.

            Әлеуметтік-экономикалық даму процесінің  бірлігі мен мақсаттылығын қолдау үшін жоспарлаудың жаңа жүйесі мына негізгі талаптарды қанағаттандыруы керек:

   -экономиканы басқаруда шаруашылық салалары мен секторларын мүмкіндігінше толық қамтамасыз ету, оларды қойған мақсаттарға жетуге бағыттау;

  -нарық механизмін негізге ала отырып,шаруашылықтың өз қарекетін күнделікті реттеп отыруын жоғары дәрежеде қамтамсыз ету; шаруашылық  салаларының экономикалық бастамаларын көрсетуге қажетті мүмкіндіктер беру;

  -нарық механизмін баса пайдалануды үдемелі өндіріс процесіне саналы әсер етумен бірге қолдану,әрине ,мұнда экономиканың жалпы тепе-теңдігі бұзылмауы керек;

  — реттеу әсерлерінің әдістерін әр түрлі жағдайларға бейімдеу,яғни басқару нысанының сипатын меншік түріне және өндірістің маңызына қарай таңдап ала білу.

            Дамудың индикативтік жоспары мына негізгі принциптерге сүйенеді :

   -жоспардың стратегиялық мақсат пен ағымдағы даму міндеттерін  жүзеге асыруға бағытталуы;

  -жоспардың үздіксіздігі,яғни ағымдағы ,орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлардың  өз мезгілінде жасалуы;

  -макроэкономикалық тепе –теңдікті қамтамасыз ету,жоспардың өндірістегі шығындарды азайтуға бағышталуы;

 —  жоспар шешімдерін қабылдауға кешенді сипат беру;

   —  жоспарлаудың икемділігі және ыңғайлылығы ,ол үдемелі,ұдайы өндіріс жағдайларының өзгеруін уақытында реттеп отыруға мүмкіндік береді;

 — халық шаруашылығының басты,басым салаларын бақылауды қамтамасыз ету;

  -қабылданған шешімдердің (көрсеткіштердің ) ғылыми негізде дұрыстығын ескеру.

            Әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі бағыттары бойынша стратегиялық мәні бар және мемлекеттің қуатты әсерін талап ететін жоспарлар жасағанда,оны қалыптастыруда және оны орындауда қатаң талаптар жоққа шығарылмайды. Олар әсіресе ұлттық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты кез келген индикативтік жоспар мына бөлімдерді қамтиды: тұжырымдамалық бөлім( әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) және жоспарлы реттеуші бөлім(экономикалық реттеушілер жүйесі мен мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламалар). Мұнда алғашқы

Екеуі ұсыныс сипатында ,ал үшіншісі –міндетті талап болып табылады.

 

  1. Стратегиялық, тактикалық және ағымдық жоспарлар

Индикативтік жоспарлар жүйесіне стратегиялық (ұзақ мерзімді),тактикалық (орта мерзімді) және ағымдық (бір жылға дейінгі ) жоспарлар кіреді.

   Стратегиялық жоспар10-15 жылға арналып жасалады  және экономикада құрылымдық қайта құруды жүзеге асырудың кезеңдерін,стратегиясының мақсатын,артықшылықтарын анықтайды.Стратегиялық жоспар мына тараулардан тұрады:

  1. Әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдау
  2. Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы
  3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
  4. Ұлттық бағдарламалар

            Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау өндіріс қуатының жағдайын,экономика дамуының ішкі және сыртқы тенденцияларын,мемлекеттік реттеушілер жүйесі жұмысының нәтижелілігі мен әрекеттілігін ,өндіргіш күштердің сапалылығы мен оның дамуын ,сонымен бірге осыларға әсер етуші процестерге айқындап,оны әлемдік экономиканың дамуымен салыстыра көрсетуі қажет.

            Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаты мен міндеттерін,басым бағыттарын,сондай-ақ оларға жету жолындағы ұлттық бағдарламалар тізбесін анықтайды.

             Макроэкономикалық негізгі көрсеткіштері арқылы экономикалық өсудің қарқыны,қоғамдық өндірістің құрылымы ,халық шаруашылығының негізгі тепе-теңдіктері,мемлекеттің ,кәсіпорынның және халықтың қаржылық мүмкіндігі бағаланып,болжанады.

 Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық стратегияны және оның дамуын жүзеге асыруда мемлекеттік реттеуді ұлттық мақсат пен міндеттерге сәйкес жүргізуге көмектеседі. Директивті және индикативті әдістің қосындысы ретінде ұлттық бағдарламалар кешенді шаралар жүргізетін жоспарлы құжат болып табылады. Онда ресурстар ,орындаушылар және орындалу мерзімі,түрлі салалар мен қожалық етуші субьектілер меншіктің түріне қарай бір-біріне қарай бір-біріне сәйкестендіріліп,байланыста қарастырылады.Олар алға қойған мақсатқа толық жетуге қажетті мерзімді қамтиды.

Қазақстан республикасының болашақ он жылдыққа (2001-2010жж) арналған ұзақ мерзімді стратегиялық жоспары жасалып,әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша нақтылы міндеттері мен басымдықтар анықталған.

 

  1. Әлеуметтік-экономикалық саланы 2010 жылға дейін дамытуда қойылып отырған мақсаттар

Атап айтқанда, 2010 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуда мынандай негізгі мақсаттар алға қойылады:

  -жекелеген секторларда орнықты әрі басқалармен бәсекелесе алатындай экономика қалыптастыруды  жалғастыру;

—  жалпы ішкі көлемнің кем дегенде екі есеге көбейту;

  • экономиканың аса маңызды салаларында ұлттық капиталдың үлесін арттыруға қол жеткізу;
  • халықтың әл-ауқатын анағұрлым арттыру.

            Бұл міндеттерді орындау шартты түрде үш кезеңде жүзеге асырылады.

            Бірінші кезеңде ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар –экономиканың жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз ету және еліміздегі халықтың тұрмыс деңгейін арттыру көзделеді.

            Екінші кезең ұзақ мерзімді мақсаттарға –экономика мен халықтың тұрмыс деңгейі құрылымдарына сапалық өзгерістер енгізуге бағытталады.

            Үшінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық мақсаттар-елімізде экономиканың ,әлеуметтік саланың және экологиялық жағдайдың тұрақты дамуға көшуі белгіленеді.

 Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар бойынша елімізде бәсекелестігі  зор экономика құру,соның негізінде қазақстандық үлгі (модель) қалыптастыру көзделеді. Онда мемлекет экономикалық дамуға белсенді араласып,оның «локомотиві»рөлін атқаруы тиіс.

   Соның нәтижесінде :

  • ірі-ірі жүйелі құрылымды компаниялар,өнеркәсіптік-қаржылық топтар құрылып,олар аймақтық ,мүмкін болса,дүниежүзілік деңгейге көтеріледі;
  • орталық және жергілікті басқару органдарының функциялары толық бөлініп анықталады;
  • отандық кәсіпорындар бәсекелестік мүмкіндігін арттырып,шетел компанияларымен ішкі және сыртқы рыноктарға еркін араласады.

  Стратегиялық жоспарда қойылған мақсаттар жан-жақты сараланып,оған әр түрлі бағыттар бойынша жету жолдары көрсетілген. Онда саяси -әлеуметтік(демографиялық даму,білім және денсаулық реформалары, жұмыспен қамту,халықты әлеуметтік қорғау),өнеркәсіптік-технологиялық және агроиндустриялық санаттар,көліктер инфрақұрылымы,табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау,ақша-несие,салық-бюджет және инвестициялық саясаттар,мемлекеттік меншікті басқару,саяси және әкімшілдік басқару жүйесін реформалау ,жергілікті басқару органдарын жетілдіру мәселелері қамтылған.

Орта мерзімді (5 жылға дейінгі) индикативті жоспарлар Қазақстан республикасы  әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік  жоспары тұжырымдамасына сәйкес жасалады. Онда мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі тактикалық мақсаттары мен бағыттары және оларға жетуде мемлекеттің ықпал ету жолдары көрсетіледі.

Ағымдағы жоспар орта мерзімдік жоспарда көрсетілген мақсат, мүддені ағымдық макроэкономикалық тепе-теңдікке жетуге бағыштайды. Оның мақсаты-экономикалық саясаттың бұрынғы бағыттарына шаруашылықта қазіргі пайда болған жағдайға және орта мерзімді жоспардағы жағдайдың өзгерістеріне байланысты түзетулер енгізу арқылы нақты шаралар қабылдау. Өз мәнінде жылдық жоспар өндірістік-экономикалық жедел бағдарлама болып табылады. Ол қалыптасқан экономикалық және саяси жағдайларды дәл бағалауға.

 

Қорытынды

   2010 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуда мынандай негізгі мақсаттар алға қойылады:

  -жекелеген секторларда орнықты әрі басқалармен бәсекелесе алатындай экономика қалыптастыруды  жалғастыру;

—  жалпы ішкі көлемнің кем дегенде екі есеге көбейту;

  • экономиканың аса маңызды салаларында ұлттық капиталдың үлесін арттыруға қол жеткізу;

    халықтың әл-ауқатын анағұрлым арттыру.

        

 

            Әдебиеттер

1.Алимбаев А.А., Айнабек К.С., Ахметов С.Н. и др. Основы управления рыночной экономикой. Алматы: Данекер, 2000.-155 б.

2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы: мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.

3.Шокманов Ю. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ. Алматы, 2003.-35 б

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *