Қазақстандағы экономикалық  дамыту, әлеуметтік

 

ахуалды жақсартуға  жол

 

Дәріс жоспары:

  1. Индустриалды технологиялық стратегия
  2. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа  қарсы  күрес
  3. Қазақстанның инвестициялық саясаты

 

  1. Индустриалды технологиялық стратегия

Қазақстан  үшін  индустриялы  технологиялық  стратегияны  қалыптастыру  қажеттілігі  дүниежүзілік  тәжірибеден  туындап  отыр .  Дамушы  елдердің  барлығы  дерлік  еңбекті  қажет  ететін  өндіріспен  капиталды ,  технологиямен  ғылымды  қажет  ететін  өндірістерге  дейінгі  жолдан  өтті .  Өндірістің  инерциялық  және  ауыр  құрылымын  құлашпен  бір  сермеп  түзетуге  болмайды .  Дүние  жүзілік  тәжірибе  жалпы  ұлттық  өнімде  ауыл  шаруашылығының  өндіруші  өнеркәсіптің ,  үлесін  ұдайы  кеміту  және ,  керісінше  өңдеуші  өндірістің  ең  алдымен  ғылымда  қажет  ететін ,  қосылған  құны  жоғары  өндірістерді  сондай-ақ  қызмет  көрсету  саласының  үлесін  ұлғайтуға  салатын  белгілі  бір  дәйектіліктің  қажеттілігін  көрсетіп  отыр . 

Тек  шикізатқа  бағдарланған  ел  болып  қалмау  үшін  біз  жеңіл  және  тамақ  өнеркәсібін ,  инфрақұрылымдық  мұнай  мен  газ  өндеуді ,  химия  мен  мұнай  химиясын  ,  машина  жасаудың  жекелеген  шағын  салаларын ,  ғылымды  қажет  ететін  түпкілікті  өндірістерді ,  қызмет  көрсету  саласын ,  туризмді   бұрынғыдан  да  ілгері  қарқынмен  дамытуға  тиіспіз . 

2010 жылға  деиінгі  бастапқы  кезеңде  өз  мүмкіндіктерімен  бәсекелестік  қабілеті  тұрғысынан  келешегі  бар  еңбек ті   қажет  еттін  салаларға  көңіл  бөлу  керек .  Бұл  басымдық  тәжірибемен  айтар  болсақ —  ауыл  шаруашылығы ,  орман  және  ағаш  өңдеу  өнеркәсібі ,  жеңіл  және  тамақ  өнеркәсібі ,  туризм  ,  тұрған  үй  құрылысы  және  инфрақұрылым  жасау .  Осы  салаларды  дамыту  арқылы  біз  экономиканың  құрылымдық  мәселелерін  ғана  емес ,  жұмыспен  қамту  және  кедеиілік  мәселелерін  де  шешеміз ,  бұл  қазіргі  уақытта  ерекше  маңызды  нәрсе .

Экономикалық  өрлеуден  еліміздің  дамуы  үшін  қаншалықты  маңызды  екенін  баршамыз  түсінеміз .  Қарқынды  экономика  болмайынша  біз  мектеп тер  мен  ауруханаларды  қаржыландыра  алмаймыз .  Сондытан  бұл  басымдық  бүгіде  ,  ертеңде  және  алдағы  жылдарда  да  ең  маңызды  басымдылықтардың  бірі  болып  қала  береді . 

 

  1. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа  қарсы  күрес

Осы  жылдардың  ішінде  кедейшілікпен  жұмыссыздыққа  қарсы  күрес  стратегиясы:

  • кіші кредиттер  жүйесін  енгізуге ;
  • шағын және  орта  бизнесті  дамытуға ;
  • еңбекті көп  қажет  ететін  салаларды  басымдықпен  дамытуға   және  бұларға  шетел  инвестициялары  мен  ұлттық  капиталды  белсенді  таратуға  ;
  • шарттар мен  контрактар  жіне  бюджеттік  сатып  алулар  кезінде  жұмыспен  қамту  проблемаларға  қатаң  тұрғыдан  келуге ;
  • қоғамдық жұмыстарды  ең  алдымен  жол  құрылысымен  орман  отырғызуды  дамытуға ;
  • жеке кәсіпкерлікті  дамыту  жолындағы  қажетсіз  әкімшілдік 

           кедергілердің  бәрін  алып  тастауға  ;

Президент  еліміздің  соңғы  жылдары  адам  танымастай  өзгергенін ,  оның  тұрақты  дамып  отырғанын  және  саяси  экономикалық  ,  әлеуметтік  салаларда  аршынды  адымдармен  алға  басып  келе  жатқанын  айтады .  “Біз  бүгін  ТМД  арасында  көп  елдерден  әлеуметтік  экономикалық  көрсеткіштерімізбен  адамдардың  тұрмыс  жағдайы  жағынан  алдамыз .  Сондай-ақ  олардың  барлығына  дерлік  даму  қарқыны  жөнінен  алдамыз .  Бізде  1994  жылы  жан  басына  шаққанда  ЖІӨ  өнімінің  көлемі  бойынша  700 долар  құрса ,  2010 жылы  5800 доллар ,  ал  2015 жылы  9000 доллар  құрайды”,-деді  Президент .

Сондай-ақ  соңғы  он  жылда  ең  төмен  жалақы  деңгейі  25  есеге  өсті ,  зейнетақының  орташа  көлемі  4,6  есе  өсті ,  ал  жеке  салымшылардың  банктердегі  қаржы  көлнмі  36  есе  өсті . 

 

  1. Қазақстанның инвестициялық саясаты

Қазақстан  осы  жылдар  ішінде  тартылған  40  миллиярд  долларға  жуық  тікелей  инвестиция  қаржы  еліміздің  экономикасы  ұшін  өте  тиімді  түрде  жұмыс  істеп  жатыр  . 

Соңғы  жиырма  жылда  көмірсутегі  шикізатын  өндіру  1,3  есе  өссе ,  бізде  бұл  көрсеткіш  2есеге  тең .  Қазіргі  кезде  зерттелген  кен  орындарының  барлығына  жуығы  бойындағы  барын  сарқа  беріп  жұмыс  істеп  жатыр .  Каспии  теңізінің  Қазақстандық  секторын  игерудің  2015 жылға  деиінгі  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыру  2010 жылдың  өзіне  қарай  күніне  2-млн  баррель  мұнай  өндіруді  көздейді. Мұнымен  қоса  табиғи  газды  жылына  100- млрд.  Текше  метрге  жеткізуге тиіс.

 

Қорытынды

Экономикалық  өрлеуден  еліміздің  дамуы  үшін  қаншалықты  маңызды  екенін  баршамыз  түсінеміз .  Қарқынды  экономика  болмайынша  біз  мектеп тер  мен  ауруханаларды  қаржыландыра  алмаймыз .  Сондытан  бұл  басымдық  бүгіде  ,  ертеңде  және  алдағы  жылдарда  да  ең  маңызды  басымдылықтардың  бірі  болып  қала  береді . 

 

 

Әдебиеттер

1.Алимбаев А.А., Айнабек К.С., Ахметов С.Н. и др. Основы управления рыночной экономикой. Алматы: Данекер, 2000.-155 б.

2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы: мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.

3.Шокманов Ю. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ. Алматы, 2003.-35 б

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *