Зейнетақылық қамсыздандыру

 

Дәріс жоспары:

  1. Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру
  2. Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері
  3. Зейнетақылық жүйелердің ерекшеліктері
  4. Зейнетақымен сақтандыру түрлері
  5. Зейнеақы қорының мәні

 

  1. Зейнетақы түсінігі, зейнетақылық қамсыздандыру

Әлеуметтік қорғау проблемаларын шешу мемлекеттің глобальды міндеттерінің бірі болып табылады. Әлуметтік қамтамасыз ету құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген, оған сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарын ауруға шалдыққан, мүгедектік, асыраушыдан айрылған және заңмен көрсетілген басқа жағдайларда жалақының минималды мөлшерімен, зейнетақымен және жасы бойынша әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етеді. Ерікті әлеуметтік сақтандыруды, әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша формасын құруды және қайырымдылық жасауды қолдайды»[1]. Әрбір азаматтың әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығын ескеріп, Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетке осы құқықты жүзеге асыруға барлық қажетті жағдайды туғызу міндеті жүктейді. Әлеуметтік қамтамасыз ету кепілін бекіту Адам құқығыныңжалпыға бірдей декларациясы, экономикалық, әлеуметтітағайындау тәртібіқтары туралы Халықаралық пакт, бала құқығы туралы Ковенция сияқты халықаралық заң актілерінің ережелеріне сәйкес келеді.

Зейнетақылық қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы- халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайыныңмаңызды құрамы.

Зейнетақы (лат.pensio- төлем)- белгілі бір тұлғалардың санатына берілетін әлеуметтік қорлардан және басқа да қайнар көздерден заңмен бекітілген көлемде алынатын ақшалай төлем (1 айға есептелген). Зейнетақылық қамсыздандырудың негіздемесі – түрлі заңды фактірлер: белгілі бір жасқа келу, мүгедек болу, асырашы өлімі, белгілі қызметті ұзақ уақыт атқару – еңбек сіңірген жылдар.[1]

Жиырмасыншы ғасыр халықтың әлеуметтік әділеттік туралы ойын өзгертті, бұл зейнетақымен қамсыздандырудың дамуымен байланысты: бұны бүгінгі күні бәрі заңмен бекітілген жасқа және еңбек іс- әрекетіне қарсы келетін жағдайға келген әрбір азаматты міндетті қоғамдық  (мемлекеттік) материалды қолдау деп түсінеді. Зейнетақыны тағайындау тәртібі мен төлеу механизмі нақты елдің заңдарымен реттеледі, нақты және қаржылық жағдайларға сай өзгертіледі. Әлемдегі көптеген мемлекеттер бір жағынан, өздерінің қартайған азаматтары мен мүгедектерін зейнетақымен қамтамасыз етуді жақсартудың бюджеттік мүмкіндіктерінің салыстырмалы шектеулер мәселесімен көздеседі, ал екінші жағынан,- әрбір адамның өзінің болашағы үшін жеке жауапкершілігін түсінуді қалыптастырады және этикалық қолдайды. Сондықтан, ерікті жинақтаушы зейнетақы сақтандыруда әрбір азматтың қатысуының түрлі формалары дамыды және қолдау тауып отырады. Ал кәсіподақтардың және қоғамның көпжылдық қысымымен «әлеуметтік серіктестік» феномен қалыптасқан дамыған елдерде сақтандырудың тең қатысушысы болып жұмысшылар да табылды.

Зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі құрамдас элементтердің бірі ретінде жоғары рангте тұрған «әлеуметтік қорғау» деп аталатын жүйеге кіреді, ал оның өзі мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық жүйесінің бөлігі болып табылатын «еңбекке жарамды халықтың ұдайы өндірісі» жүйесіне енеді.

Әлеуметтік- экономикалық жүйенің түрлі деңгейлерінің өзара байланысы мен өзара негізділігі оларды жүйелі құралдармен зерттеудің артықшылығын анықтайды, туындаған мәселелерді жүйелі механизмдерге негізделіп шешуді міндеттейді. Өзіндік зейнетақылық қамсыздандыруда қолданылуы кейбір бірлестікке функционалды және логикалық бірігетін параметрлер тобын талдауды білдіреді. Ең алдымен оларға мыналарды жатқызамыз:1) халықтың жыныстық- жастық құрылымы және олардың денсаулығының жалпы көрсеткіштері; 2) мемлекеттің, жеке ведомстволардың және кәсіпорындардың қаржы ресурстары; 3) жұмыспен қамтылудың салалық құрылымы (сонымен бірге, денсаулыққа зиян кәсіптердің таралуы); 4) мемлекеттің әлеуметтік саясатының жалпы бағыттылығы (сол сияқты әлеуметтік жеңілдіктердің тізімі мен масштабы); 5) прожиточный минимум көлемі; 6) жұмышылардың экономикалық жағдайы және жеке жинақтарының мүмкіндіктері.[1]

Қазіргі кезде әлемнің барлық дерлік елдерінде зейнетақылық қамсыздандыру халықтың көп бөлігін қамтитын норма болды. Бірақ барлық кезде емес: зейнетақыны міндетті және жалпыға бірдей деп 200 жылдай ғана уақыт санады. 1790 жылы Француздық революция ең алғаш рет зейнетақылық қамтамасыз етуді «отанға қызмет еткен, қорғаған, оны әйгілі еткен, қоғамға берілгендігін мысалы еткен» адамдарға үлестірген. Бір ғасырдан кейін Геманияда жалпы әміршілдік заңға сәйкес зейнетақы алушылар болып 10 жылданартық қызмет еткен барлық мемлекеттік қызметкерлер (мұғалімдерді қоса) табылады, және зейнетақы алуға негіз өз қызметін атқаруға медициналық бекітілген қабілетсіздік болып келеді. Ресей патшалығында 19 ғасырдың ортасынан бастап қызмет уақытының өтіунен кейін немесе мүгедектілік бойынша барлық шенеуніктер мен әскери қызметкерлер зейнетақы ала алды, бұл зейнетақының қайнар көзі мемлекеттік қазына болды. Осы кезден бастап мемлекеттік зейнетақыны толықтырып тұратын қазіргі кәсіби зейнетақы қорларына ұқсас «зейнетақылық касса» болды. (бұндай кассалар Францияда, Англияда, және Германияда құрылды). Совет заманында зейнетақы «жалпыодақтық тұтыну қорынан» алынды, ал халық 1964 жылы қолхоз мүшелеріне зейнетақы және жәрдемақы беру туралы заң қабылданған кезден бастап зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды.

Бәрімізге мәлім, КСРО-да кейбір батыс еуропалық елдерде, мысалы, Франция мен Германияда қабылданған зейнетақылық қамсыздандыру моделіне ұқсас, ынтымақтық зейнетақылық жүйесі іске асырылған еді. Бұл модель жоспарлы экономикаға тән, басқарудың глобальдық режимінің логикасымен анықталды және милиондаған қартайған азаматтардың өмір сүруіне мүмкіндік берді.

 

  1. Зейнетақылық қамсыздандыру принциптері

Жоспарлы экономика ұрпақтар ынтымақтастығы принципіне сай құрылған зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі үшін позитивті моменттерді қамтамасыз етеді. Яғни:

  • еңбекке қабілетті халықты жұмыспен толық қамту;
  • демографиялық проблемаларды тізбекті түрде шешуге мүмкіндік беру, миграциялық процестерде жоспарлау:
  • зейнеткерлер саны мен түсетін зейнетақы аударымдарының көлемі арасындағы қатынаста аймақтың бірегейсіздіктерді Зейнетақы қорының қаржысы арқылы орталықтан басқару және түзету;
  • қаржылық тәртіпті қатаң бақылау және зейнетақы қорына аударымдардан жалтарудың мүмкінсіздігі.

Осы жағдайларда әлеуметтік бағдарламалар зейнетақының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, ал жеңілдіктердің көп болуы зейнетке шығуды тездетеді. Зейнетке ерте шығу- зиян өндіріске және қиын климаттық жағдайдағы жұмысқа еңбек ресурстарын тартудың негізгі стимулдардың бірі.

Зейнетақының көлемі соңғы жылдары алған еңбек ақыға, нңбек стажына және жасына байланысты болады, алайда бір шектеу бар- зейнетақы көлемі белгілі деңгейден аса алмайды.

Бұл жүйенің негізгі сипаттамалары келесі жағдайлар бола алады:

  • зейнетақы қаржысын шоғырландырудың иелікке байланыссыздығы;
  • жүйе ішінде зейнетақы қаржысын қайта үлестірудің міндеттілігі;
  • зейнетақы құруда азаматтарда жаупкершіліктің және бастамашылдықтың болмауы;
  • әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің монополиялануы.

Зейнетақы сақтандыру жарналарын төлеуге тәуелсіз тағайындалады, көптеген нәтижесіз льготалар бар.[1]

Көптеген елдердің зейнетақы жүйесіне мемлекеттік және мемлекеттік емес (жинақтаушы) зейнетақылық қамсызданудың бөлінуіне қарай даму тән. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақылық жинақтарды сақтап қана қоймайды, сол сияқты инвестициялық және басқа жобаларға жұмсау жолымен оларды көбейтеді.

Мемлекеттік емес зейнетақылық қамсыздандырудың спецификасы салымшы мен қатысушының құқықтары мен міндеттері көлемі, сипаты, басқару формасы және қор қызметіне әсер ету бойынша ерекшеленуіне.

Жинақтаушы зейнетақы қорларын басқа да қаржылық  (инвестициялық) институттардан ерекшелейтін екі маңызды жағдай бар. Бұл, біріншіден, ЖЗҚ- на жарнаны төлеу кезін олардың қаржылық міндеттерін орындауды бастау кезінен бөліп тұратын белгілі уақыттың болуы. Екіншіден, жинақталған міндеттерді бір рет  алу тек екі жақпен қол қойылған келісім- шартқа сәйкес мүмкін. Ережеге сай, жинақталған міндеттемелер жинақталған табыспен бірге сәйкес ұйымға  (ұйымдық- құқықтық статусы бойынша) беріледі.

Бірінші талапта беріле қоймайтын және әрқашан периодикалық толтырылып отыратын  «ұзын ақшалардың» осындай шоғырлануы- инвесторлар үшін тартымды маңызды фактор. Алайда, өздерінің қаржылық міндеттемелерін кепілді орындауға тырыса отырып, әлемнің зейнетақы қорлары кенеттен төлемге қабілетсіз болып қалмау үшін актуалды (қаржылық түсімдермен міндеттемелердің болжамды көлемін баланстайтын) есеп жүргізіп отырады. Ал халық салымдарының сенімділігіне кепілдік беретін мемлекет осындай құрылымдарда болатын қаржылық тәуекел мен қажетті сақтандыру қорларын реттемелейді және бақылайды. Осы ретте Жинақтаушы Зейнетақы қорының әлеуметтік- экономикалық қатынастардың нарықтық жүйесіне сіңіп кеткен институт ретінде жемісті қызмет етуінің міндетті шарттарын құруға болады:

1) нарықтың барлық қатысушыларының тең жауапкершілігін заңды кепілдейтін тұрақты құқықтың кеңістік (өзіндік қаржылық міндеттемелері бойынша мемлекет текіреді);

2) құндық бағасы бар көптеген материалды және материалды емес объектілеріне жеке меншік құқығы (өндіріс құралдары, жылжымайтын мүлік,бағалы қағаздар, интелектуалды меншік объектілері, және т.б);

3) кез келген нарықтық құндық объектілерді қаржы құралдарын сатып алу мен сатудың тиімді ұйымдастырылған және барлық қатысушыларға тең тиетін жүйе;

4) түрлі қаржылық тәуекелмен сипатталатын әртүрлі табыстылық дәрежесі бойынша қаржы құралдарының жеткілікті көлемі;

5) қоғамның халық жинақтарына олардың өз болашағын ойлаудың негізгі компоненті ретінде және ұлттық байлықтың артудың шешуші факторы ретінде көтермелі қатынасы.[1]

Көптеген дамыған елдерде зейнетақылық қамсыздандыру үш қайнар көз арқылы жүзеге асырылады: әлеуметтік сақтандыру шегінде мемлекеттік зейнетақы жүйесі, зейнетақы қоры, сақтандыру компаниялары және басқа қаржылық ұйымдар. Зейнетақылық қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесі барлық халыққа немесе тек мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, ал кейде темір жол персоналдарына қызмет етеді. Көптеген елдерде халықты жасы жасы және еңбекке жарамсыздығы бойынша зейнетақымен қамтамасыз ететін негізгі институттар- кәсіпорындардың, фирманың, кәсіби одақ пен халықаралық ұйымдардың персоналдарының зейнетақы қорлары. Бұндай қорларды әдетте «жеке» немесе «өндірістік» деп атайды. Сақтандыру компаниялары өз қызметінің бірі ретіеде зейнетақыны жеке және топтық сақтандырумен айналысады.

Елде жеке зейнетақы қорлары мен зейнетақыны сақтандырудың даму дәрежесі мемлекеттік зейнетақы жүйесі халықтың қажеттіліктеріне қалай жауап беретіндігіне байланысты. Жеке зейнетақы қорлары АҚШ-та көп тараған, мемлекеттік жүйе дамыған Скандинавия, Австрия сияқты елдерде аз тараған.

 

  1. Зейнетақылық жүйелердің ерекшеліктері

Зейнетақылық жүйелер бір-бірінен көп жағдайда ерекшеленеді. Қаржыландыру көздері бойынша негізгі 2 жүйені бөлуге болады: бюджеттік (қорлануға жатпайды) және сақтандыру (қорлану). Бюджеттік жүйе қорларды (мемлекеттің, кәсіподақтың бюджетінен және басқа түсімдер) шоғырландырады және зейнетақыны ағымдық төлеу үшін оларды үлестіреді. Олар ақша түсімдерінің қосымша көздерін алу үшін бос құралдарды инвестицияланбайды. Сондықтан бюджеттік жүйеде зейнетақылық қамсыздандырудың қаржылық нәтижелері анықталмаған және қажетті қаржыны шоғырландыру мүмкін бола ма, жоқ па, соған байланысты. Бұл топқа кейбір мемлекеттік зейнетақы жүйелері жатады. Олардың көбі екінші топқа жатады. Зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету үшін қаржыны жүйелі ұзақ мерзімді жинақтау осы топтың жүйелері үшін принципиалды болып табылады. Сол себептімұндай жүйелер қорлану деп атауға құқығы бар. Зейнетақының өзін мұндай жүйеде арнайы сақтандыру нәтижесі ретінде қарастырған жөн. Басқаша айтсақ, зейнетақының жарнасы мен төлемдерінің балансы сақтандыру принциптерімен анықталады.

 

  1. Зейнетақымен сақтандырудың түрлері

Зейнетақымен сақтандыруды қамтамасыз етудің түрлілігін шартты түрдеүш бағытқа бөлуге болады:

1) зейнетақыны жеке сақтандыру- клент белгіленген көлемде      зейнетақыны «сатып алады» (сақтандырады);

2) клиент сақтандыру ұйымында қаржыны жинақтайды, зейнетақыны жинақталған сомаға тән;

3) топтық сақтандыру – барлық қатысушылардың зейнетақысы жарнаның жалпы сомасына барабар.

Егер шетелде зейнетақы қорын топтық сақтандырумен айналысатын ұйым деп қарастырса, ал отандық тәжірибиде бұл сақтандыру зейнетақысын қамтамасыз ететін бар ұйымдар. Қаржыны жинақтау, зейнетақы жарнаны есептеу, әдісі туралы айтқанда, зейнетақыны сақтандырумен қамтамасыз етудің бір бағытының екіншісінен ерекшелеу қажеттілігі туындайды. Сондықтан екі зейнетақы қорын бөлуге болады. Біріншісін шартты түрде сақтандыру десек, екіншісін- өндірістік дейміз.

Сақтандыру зейнетақы қоры зейнетақыны жеке немесе коллективті сақтандыру үшін қажет. Зейнетақыны коллективті сақтандыру кезінде қор жеке кәсіпорындар персоналдарына, қәсіподақ мүшелеріне және т.б қызмет көрсетеді. Алайда, мұндай топтың әр мүшесі жеке тәртіпте сақтандырылады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан бүгінгі күнге дейін дамыған елдерде зейнетақыны жеке және топтық сақтандыру саны өсті. Сонымен, соңғы жылдары АҚШ-та жеке сақтандырулардың санының өсуі жылына 20-25%, ал 1990 жылы жарна сомасы 33,6 млрд. долларды құрады. Осыдан он жыл бұрын ол 4,6 млрд. доллар болған еді, өндірістік зейнетақы қорлары жайында айтсақ, онда бұл елде олар 1875 жылдан бастап қызмет көрсетеді.

Келесі жарты ғасыр бойы банктерде, темір жолдарда және коммуналдық қызметпен айналысатын компанияларда 400-ден аса қор құрылды. Өндірістік зейнетақы қорларының қарқынды өсуі 40- жылдарда болды. Егер 1940 жылы АҚШ-та осындай қордың қатысушылар саны өндірісте және саудада қамтылған адамдардың жалпы санының 1/5 бөлігін құраса, ал 70-жылдардың ортасында 44%-ға артты (33 млн. қатысушы).

Ұлттық экономика ұшін инвестиция қорының қаншалықты екеніне АҚШ-ң 500 ірі зейнетақы қорының инвестиция саласындағы жағдайы мен саясаты елдегі бағалы қағаздар нарығының перспективасын бағалауда маңызды фактор ретінде қарастырылуы дәлел.

Зейнетақы қорларының қазіргі қоғамдағы орнына байланысты көптеген батыс елдерінде олардың іс-әрекетінің көп жақтары мемлекетпен реттеліп отырады. Негізінен, қаржылық есеп, қор қатысушылары алдында міндеттемелерді анықтау әдістері және т.б реттеледі және стандартталады.

 

  1. Зейнетақы қорының мәні

Зейнетақы қоры— қатысушыларға зейнетақы мен жәрдемақы төлеу үшін ақша қаражаттарын шоғырландыру мен оларды пайдалануды білдіретін түрлі жоспарлы қызметпен айналысатын ұйым. Әрбір зейнетақы қоры өз заңдарына сәйкес жұмыс істейді, және халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесімен байланыссыздербес заңды және қаржылық ұйым болып табылады. Зейнетақы қоры өзі құрылған және персоналдары қызмет ететін мекеме міндеттемелері бойыншажауап бермейді. Алайда зейнетақы қорының тәртіптерінде оны құрған ұйым қордың ағымдық дефицитін жабуы немесе қысқартуы тиіс жағдайлары қарастырылған. Көптеген зейнетақы қорының негізінде зейнетақыны өзін-өзі толық қаржыландыру принципі жатыр.

Зейнетақы қорының (міндетті немесе ерікті) қатысушысы болып қор іс-әрекеті тараған ұйымда тұрақты, кейде мерзімді жұмыс істейтін қызметкер табылады. Жеке тұлға бірнеше зейнетақы қорында тізбектеліп қатыса алады- жұмыстың ауысуына байланысты қор да өзгереді. Сәйкесінше, әрқорда тұлға өзін біраз зейнетақымен қамтамасыз етеді.

Зейнетақы қорының қызметін әртүрлі инвестициялық процесс ретіндеқарастыруға болады. Бір адам үшін қор құрылған кездегі абстрактілі жағдайды қарастырайық. Бұл процесс екі сатыдан тұрады. Периодикалық жарналардың бірінші жолында қор құрылады, қаржыны жинақтау жедел жүреді, себебі алынған ақша табыс алу үшін инвестицияланады. Екінші сатыда (инвестициядан түсім) қаржы зейнетақы төлеу үшін щығындалады. Теория тұрғысынан зейнеткер өмірінің соңғы күндерінде құрылған қор жұмсалып бітеді. Айтылған зейнетақыны сақтандыру мәнін көрсетеді. Өмір ұзақтығының түрлілігіне байланысты жеке қатысушының жарнасы мен төлемдерінің нақты балансын алу мүмкін емес. Бір жастағы және жынысты бір адамдар тобы үшін ғана осындай баланс алуға ұмтылады.

Зейнетақылық қамсыздандырудың екі түрінде де- өндірістік және жеке сақтандыру кезінде әртүрлі дәрежеде болса да сақтандыру принциптері қолданылады. Алайда олардың арасында ерекшеліктер болады. Олрдың негізгісі жеке компаниялар және мекемелер кезінде құрылған зейнетақы қорында кәсіпкерлік пайда жоқ. Бос қаржыны инвестициялағаннан түскен табыс, әдетте, өзінің негізгі массасында қатысушыларға арналады. Сақтандыру ұйымдарында зейнетақысақтандырған кезде компанияға тиесілі кәсіпкерлік табысты қарастырады.(егер ол акционерлік қоғам болса, пайданың бір бөлігі акционерлер арасында үлестіріледі). Бұл сақтандыру зейнетақы қорларына тән.

Басқа ерекшеліктерді атауға болады, мысалы, өндірістік зейнетақы қорында зейнетақылық қамсыздандыру көлемі мен жарна сомасы арасында қатаң байланыс жоқ. Зейнетақы деңгейі әдетте тәжірибе мен орташа жалақыға байланысты. Зейнетақыны жеке сақтандыру кезінде жарна деңгейі сақтандырылатын зейнетақы мөлшерімен анықталады және алатын жалақы деңгейіне тәуелсіз. Зейнетақы сомасы сақтандыру ережелерімен анықталатын шекте кез келген болуы мүмкін.

Соңғы кезде шетелде байқалған өндірістік зейнетақы қорының дамудың тездеуі факторларға баланысты. Ең алдымен, персоналдың қордағы қатысуын ынталандырушы факторларды ерекшелейміз. Олардың негізгісі- жұмысберушінің зейнетақыны бөлшектеп қаржыландыру. Нәтижесінде қор қатысушысына зейнетақыны жеке сақтандыру жолымен өз жарнасымен зейнетақыны толық қаржыландыруға қарағанда әлдеқайда арзанырақ келеді. Басқаша айтсақ, зейнетақы қорына қатысу жасырын қосымша жалақы алуға тең. Осы жерден зейнетақы қорының шарты- жұмыс орнын таңдау кезіндегі маңызды момент. Зейнетақы қорының болмауы маңызды теріс фактор болып саналады.

Кәсіпкер жайында айтсақ, зейнетақы қорын қаржыландыруда құру мен қатысу кадрлардың ағылып кетуін тоқтатады, персоналды дайындау шығындарын азайтады. Жұмыс беруші үшін тағы бір ерекше фактор- зейнетақы қорында жинақталған, өз акциясын қорға сату түрінде жинақталған резервтен өзіндік несиелеу мүмкіндігі.

Зейнетақы қорының дамуында салық саясаты маңызды рөл атқарады. АҚШ- та және басқа елдерде жұмыс берушінің қорға жарнасы өндірістің қажетті шығындары ретінде қарастырылады да, федералды салық салынбайды. Қор инвестициясының табысы да толық немесе бөлшекті салықтан босатылады.Сонымен, мемлекет зейнетақы қорын қаржыландыруға жанама қатысады.

Қарастырылуы  тиіс тағы бір фактор бар- кәсіподақ әсері 50-жылдардың басына дейін АҚШ- та кәсіподақтар өндірістік зейнетақы қорларына жақсы қарамады, өштесті. Себебі қордың пайда болуынан кәсіпорын персоналдарына әсер ету деңгейі азайды. Кәсіподақтар өндірістік зейнетақы қорларының шартын жасауға қатысу құқығын алғаннан кейін, жағдай өзгерді.

 

 

Қорытынды

Зейнетақы қоры— қатысушыларға зейнетақы мен жәрдемақы төлеу үшін ақша қаражаттарын шоғырландыру мен оларды пайдалануды білдіретін түрлі жоспарлы қызметпен айналысатын ұйым. Әрбір зейнетақы қоры өз заңдарына сәйкес жұмыс істейді, және халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесімен байланыссыздербес заңды және қаржылық ұйым болып табылады. Зейнетақы қоры өзі құрылған және персоналдары қызмет ететін мекеме міндеттемелері бойыншажауап бермейді.

 

Әдебиеттер

1.Алимбаев А.А., Айнабек К.С., Ахметов С.Н. и др. Основы управления рыночной экономикой. Алматы: Данекер, 2000.-155 б.

2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы: мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.

3.Шокманов Ю. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ. Алматы, 2003.-35 б

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *