Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сфера салаларының ахуалы

 

 

Дәріс жоспары:

  1. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі
  2. ҚР әлеуметтік мәселелер
  3. Қазақстандағы халықтың тұрмыс денгейі.
  4. Білім және кедейшілік
  5. Халықтың денсаулығы

 

  1. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі

Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (кейін-Министрлік) жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының орталық атқару органы болып табылады.

Мемлекеттік саясатты және заңнамада көрсетілген шегінде еңбек облысында салааралық үйлестіру, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік, жұмыспен қамту, әлеуметтік серіктестік, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру және өз біліктілігі шегінде процесстерді реттеу Министрліктің негізгі тапсырмасы болып табылады.

Министрліктің облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында  аумақтық органдары бар. Министрліктің ведомствасы бар: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  Көші-қон комитеті.

Министрлік өз іс әрекетін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінен басқа да нормативтік-құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Министрліктің іс-әрекетін қаржыландыру республикалық бюджеттен орындалады.

Министрліктің негізгі қызметі мен құқығы Минстрлік бекіткен заңнама тәртібінде орындалады:

  1. Еңбек, еңбекті қорғау және қауіпсіздік сферасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

  • еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу;
  • қызметкерлердің және жұмысшылардың кәсіби классификаторы (ЖКК), Қызметкер міндетінің квалификациялық анықтамасы (КА), жұмысшылар мамандығы мен жұмысының біртұтас тарифтік – квалификациялық анықтамсын (БТКА) қабылдау тәртібін анықтау, бекіту және дайындау;
  • айналысу классификаторын дайындау және қабылдау (АК);ұйымның еңбекке және төлем жүйесінің қызметіне енетін мемлекеттік тарифтердің реттеу нормаларын қарастыру;
  • қауіпсіз еңбекті және еңбекті қорғау жұмысын жүргізуіне байланысты міндеттерді қою;
  • 18 жасқа жетпеген тұлғалар және әйелдер еңбегі шектелетін зиянды және қауіпті еңбек шарттарындағы жұмыс, кәсіп және өндіріс тізімін бекіту;
  • орташа жалақыны есептеу тәртібі бойынша ұсыныстарды өңдеу және енгізу;
  • мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша функциялар, бақылаушы және бақылау функциялары;
  • қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша мониторинг жүргізу;
  • еңбекті мемлекеттік инспекторларын оқытуды жүргізу;
  • еңбек туралы заңның сақталуын, мемлекетті бақылауды жүзеге асыру;
  • заңда бекітілген тәртіппен өндірісте болатын сәтсіз жағдайларды өз уақытында және объективті зеттеудің бақылауын жүзеге асыру;
  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңының сақталуы  мен мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
  • қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету барысында басқа мемлекеттік органдардың, сонымен қатар жұмысшылармен және жұмысты ұсынушылардың өзара қарым-қатынасын және үйлестіруін жүргізу;
  • еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды өткізу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды бекіту;
  • орташа жалақыны есептеу тәртібі бойынша ұсыныстар енгізу және мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтерін өңдеу, бақылау функциялары:
  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша мониторинг өткізу;
  • мемлекеттік еңбек инспекторларын оқыту;
  • еңбек туралы заңнаманың орындалуын мемлекеттік бақылау;
  • мемлекеттік еңбек инспекторларын аттестациялау.
  1. Жұмыспен қамту сфрасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

  • жұмыспен қамту сауалдары бойынша құқықтық-нормативтік актілерді әзірлеу;
  • халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу;
  • жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжамдау;
  • еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес мүдделі органдармен қатар кадрларды дайындау қажеттілігін анықтау;
  • Қазақстан Ресубликасы аумағында еңбек әрекетін орындау үшін шетел жұмыс күшін тартуға квотаны қалыптастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
  • еңбек нарығының жағдайы туралы халыққа ақпараттау, еңбек нарығының біртұтас ақпарат базасын құру негізіндегі жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мониторингі;
  • ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын қарастыру.
  1. Әлеуметтік серіктестік сферасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

  • әлеуметтік серіктестік жүйесін реттеу бойынша ұсыныстар дайындау;
  • бақылау және байқау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметтері: әлеуметтік және еңбек қатынастары саласында сондай-ақ әлеуметтік әріптестік бойынша Республикалық үшжақты комиссия жұмыстарын қамтамасыз етуде әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу негізіндегі ұсыныстарын жүзеге асыру;
  • мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызмет, бақылау функциялары.
  1. Халықты әлеуметтік қорғау сферасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

  • халықты әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламалары мен концепцияларын әзірлеу;
  • мүгедектерді оңалту және әлеуметтік қорғау облысындағы кешендік бағдарламаларды әзірлеу;
  • мүгедектерді оңлату үшін жеке бағдарламаларды дайындау, себептерді анықтау, денсаулық сақтау облысындағы өкілетті органдардың қатысуымен бекіту;
  • мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтер, бақылау және қадағалау қызметтері:
  • Республикадағы мүгедектік мониторингі;
  • Зейнетақыны төлеу бойынша мемлекеттік орталықтан арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың, біруақытта ақшалай өтелулерді, төлеуді қамтамасыз ету;
  • арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету нысандары мен түрлерінің дамуы бойынша ұсынымды шығару;
  • мүгедектерді бейімдеу, кедейлікті төмендету, сонымен қатар, жергілікті әлеуметтік және педагогикалық бағдарламаларды, денсаулық сақтау және білім беру органдарымен бірге мүмкіндіктері шектелген балаларды қорғау бойынша республикалық бағдарламаларлың мониторингін ұйымдастыру;
  • мүмкіндіктері шектелген балалардың, мүгедектердің әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша органдардың, жергілікті атқару органдарының, мемлекеттік органдарының әрекетін шоғырландыру және әдістемелік көмегін жүзеге асыру;
  • мүгедектерді бейімдеу, тұрғындарды әлеуметтік қорғау облысында мамандардың біліктілігін жоғарлатуды ұйымдастыру;
  1. Зейнетақымен қамтамасыз ету сферасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

  • зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
  • зейнетақы төлемдерінің мөлшерін өсіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
  • зейнетақыны уақыттылы тағайындау мен толықтай төлеуді, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны мемлекеттік орталықтан қамтамасыз ету.
  1. Әлеуметтік сақтандыру сферасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

  • әлеуметтік сақтандыру сауалдары бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және мемлекетік саясатты өңдеуге қатысу;
  • әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен төлеу әдістемесін әзірлеу;
  • әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылау жасау;
  • әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры іс-әрекетін реттеу.
  1. Халық көші-қон сферасында:

Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:

  • көші-қон процесстерін реттеу облысында концепциялар мен бағдарламаларды әзірлеу;
  • иммиграция квотасын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • аймақтық келісімдерді тіркеуге кірісу;
  • әкімшілік құқық бұзушылықты қарастыру;
  • министрліктің территориялық органдары мен көші-қон жөніндегі комитет қызметінің үйлестіруі мен жетекшілігі;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау және өз құзырына жататын мобилизациялық жұмыстарды жүргізу.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқару жүйесінің құрылымы:

Министрлікті Министр басқарады. Министрді Қазақстан Республикасы Пример Министрінің нұсқауы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Президенті. Министрдің орынбасарлары — Вице-Министрлер, оларды министрдің нұсқауы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және босатады. Министр министрліктің жұмыстарын ұйымдастырады және басқарады, яғни министрліктегі тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, өзінің қызметін орындайды. Министрдің мақсаттары:

  • Вице-Министрдің өкілеттілік кеңістігі мен міндеттерін анықтайды, министірдің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері мен жетекшілік аппараттарын белгілейді;
  • министрлік жұмысшылары белгіленген заңдылықтар бойынша қызметке тағайындалады және босатылады. Сонымен қатар, аумақтық органдардың, әлеуметтік сақтандырудың, мемлекеттік қорлардың, көші-қон комитеттерінің жетекшілері мен орынбасарларын қызметке тағайындауға келісім береді және босатады;
  • министрлік мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынасын заңға сәйкес орындайды;
  • министрліктің құрлымдық бөлімдері мен министрдің аумақтық органдарының қызмет-міндеттерін бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының бекіткен негіздеріне сүйеніп, аумақтық органдардың  штаттық саны мен министрлік құрлымын бекітеді;
  • министрлікке қарайтын мемлекеттік ұйымдардың аумақтық органдардың көші-қон бойынша комитет жетекшілерінің бұйрықтарын толықтай немесе жартылай күшін жойып тексереді;
  • бекітілген заңдылықтарға сүйеніп, министрліктің аймақтық органдарының жетекшілерінің және көші-қон бойынша комитет орынбасарының және министрлік қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
  • өкілеттілігіне сай келетін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
  • бекітілген заңдылықтарға сүйеніп, министрліктің аумақтық органдарының жетекшілерінің және көші-қон бойынша комитет орынбасарының және министрлік қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
  • өкілеттілігіне сәйкес келетін басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды .

Министрліктің ұжымдық құрылымы мен санын министр бекітеді.

 

  1. ҚР әлеуметтік мәселелер

Еңбек  нарығының ахуалы мен кедейшілік-жаңа жұмыс орындарын ашу,  бұрынғыларын жаңарту, ел экономикасының жалпы ахуалын жақсартумен тікелей байланысты. Мемлекет жүргізіп жатқан макроэкономикалық саясат бәсекеге қабілетті төмендеу салаларда, нашарлау дамыған аймақтар мен халықтың ең осал топтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмыс берушілерді ынталандыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды өсіруге ықпал жасайды. Ол сондай-ақ, жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларын нашарлататын келеңсіз үрдістерді де қолға алады. Жалпы экономикалық шаралар тоқтап тұрған кәсіпорындарды қалпына келтіруге, өндірістерді қайта жарақтау мен осы заманғы технологияларды ендіруге ынталандырып, ресми емес жұмыспен қамтылу көлемдерінің қысқаруына себепші болады.

Бұрын айтылғандай, Қазақстандағы кедейшіліктің басты себептерінің бірі жұмыспен тиімді қамтылу проблемасының шешімін таппауы болып табылады. Республика халқы осы проблеманы өткір сезініп отыр және оны кедейшіліктің басты себептері ретіңде айтады. Соңғы жылдардағы экономикалық өсуге байланысты, Қазақстанда еңбек нарығының дамуындағы оң үрдістер байқалуы, ол еңбекке деген сұраныстың ұлғаюына және адамдардың экономикалық белсенділіктерінің өсуіне түрткі болды

 

  1. Қазақстандағы халықтың тұрмыс денгейі.

Жалақыны саралау экономикалық қызмет түрлері бойынша халықтың сатып алу қабілетіндегі (атаулы жалақы мен күнкөріс минимумының арақатынасы) айырмашылығымен байланысты. Жұмыскерлердің атаулы жалақыларының сатып алу қабілетінің жоғары белгілері өтпелі кезеңдегі экономика секторларының даму ерекшеліктерін көрсетеді. Аумақтан тысқары ұйымдар қызметкерлеріне (мәселен, дипломатиялық өкілдіктердің және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері) төленетін төлемнің жоғары деңгейі нарықтық экономикасы дамыған елдердегі жоғары білікті еңбек төлеміне қолданылатын тәсілдерді көрсетеді және Қазақстан экономикасының ұлттық секторларында еңбек төлемін көтеру үшін бағдарламалар сілтейді. Қаржы секторы экономикада нарықтық қатынастарға көшу жайларында қарқында дамиды және жұмыс күшінің жоғары сұранысымен және ұсынысымен сипатталады.

Атаулы жалақы мен күнкөріс минимумы мөлшерінің арақатынасына сүйене келгенде, елдегі жұмыс істейтін халықты бірнеше кіріс топтарына бөлуге болады. Жұмыскерлердің төмен төлемді кіріс тобы атаулы жалақының төмен деңгейіндегі сатып алу қабілетін еншілейді, оның мөлшері ең төменгі тұтыну бюджетінен немесе екі күнкөріс минимумынан аз. Орташа төлемдегі кіріс тобының атаулы жалақысының мөлшері ең төменгі тұтыну бюджетінен жоғары, бірақ жоғары молшылық бюджетінен төмен, яғни күнкөріс минимумының екіден жетіге дейінгі мөлшері барлығында болады. Соған сәйкес, жоғары төлемдегі кіріс тобы жоғары молшылық бюджетінен астам немесе күнкөріс минимумының жеті мөлшерінен көп атаулы жалақы алады.

Жалпы біз еліміздің экономикасы тұрақты дамып, нарыққа тереңдеп еніп баражатқандығын нақты көрсеткіштерден байқап отырмыз және осыған байланысты жалақының да денгейі тұрақты өсуде .”Ел басының 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында“ бұл жөнінде атап көрсетті: соғы 10 жылда орташа айлық жалақы 6 есеге жуық, ең төменгі табыс мөлшері 25 есеге, зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есеге өскен. Ал биылғы жылы студенттердің степендиясын 6000 тенгеге дейін, ең төменгі жалақы мөлшерін 9200 теңгеге дейін, мемлекет қызметкерлерінің ең төменгі жалақы мөлшерін 32 % -ға, арнайы жәрдемақы алушылардың жәрдемақыларына қосымша 1000 теңге және мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет пен әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 32%-ға көтерілетіндігін атап көрсетті.

Халықтың жұмыспен қамтылу әдетте экономикадағы жұмыс орындарының құрамы мен құрлымына байласты, сондай-ақ ол еңбек төлемінің деңгейіне де қатысты. Әсіресе жастардың жұмыспен қамту құрлымы маңызды. Ол еңбек нарығының даму үрдістерін айқындайды. Жастарды тиімді жұмыстармен қамту проблемаларының шешімін таппауы болашақта кедейшіліктің қайта жаңғыруына алғышарттардың  сақталуына себеп болады.

Сонымен, ең алдымен, мұнай-газ кешенінің жедел дамуына байланысты экономикалық өсу республика халқының тек шамалы бөлігінің табыстары мен жұмыспен қамтылуларына оң әсерін тигізеді. Демек, кедейшілік ауқымдарын қысқарту бүкіл шаруашылық кешенін құрылымдық қайта құруға, жұмыспен қамтылудың табыстарын қамтамасыз ететін өңдеуші өнеркәсіп пен экономиканың өзге салаларындағы экономикалық өсуге және экономикалық белсенді халықтың көпшілігі үшін өнімді жұмыспен қамтылуға байланысты. Соңғы жылдары жұмыспен қамтылғандар саны көбейіп, жұмыссыздар саны тұрақты азайып келеді. Елімізде жұмыссыздықтың ең жоғарғы көрсеткіші Қызылорда облысында (11,4 %), ал ең төменгі көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында (7,3%) орын алып отыр.

Сонымен қатар, елімізде жұмыспен қамтылғандардың жартысына жуығы жалдама қызметкерлер (40,7%), ал 40,6%-ы мемлекеттік ұйымдарда болса, қалған 18,7%-ы мемлекеттік емес ұйымдармен шаруа қожалықтарында және өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың 92,5%-зы өз бетінше жұмыс істейтіндер , ал жұмыс берушілер үлесі 2,7% бұл әліде болса жекеменшік кәсіпорындардың аздығын көрсетеді, соның ішінде ірі кәсіпорындар аз. 

 

  1. Білім және кедейшілік

Білім-адамдардың тұрмыс деңгейі мен сапасына кешенді ықпал етеді. Елдегі білімділіктің анағұрлым жоғары деңгейі өзге бірдей жағдайларда еңбек өнімділігінің өсуіне, жалпы ішкі өнім көлемінің ұлғаюына және кедейшілік ауқымдарының азаюына септігін тигізеді. Кәсіптік білімділік адамдардың өз мүмкіндіктерін толығырақ іске асыруларын қамтамасыз етіп, өзге бірдей жағдайларда олардың жұмыспен қамтылуларына, материалдық игіліктеріне арқау болады және кедейшіліктің орнау қаупін азайтады. БҰҰ жалпыға бірдей бастауыш біліммен қамтамасыз етуге ерекше маңыз беретіні баршаға аян. Даму деңгейі төмен елдерде көбіне кедей тұрмысты адамдардың жағдайларын біршама жақсартуға бастауыш білімнің өзі де жетеді, себебі сауатты адамдар анағұрлым жоғары еңбек өнімділігін жасауға, жаңа машықтарға үйренуге қабілетті, демек, оларға кедейшілік қаупі азырық төнеді.

Қазақстанда жалпыға бірдей бастауыш білім беру мәселесі тәжірибе жүзінде орындалған. 90-жылдардың соңына қарай бастауыш біліммен қамтудың таза көрсеткіші 99,5% құрады, соның ішінде ер балалар–98,8%, қыз балалар–99,1%. 15-24 жастардағы қазақстандықтар арасындағы сауаттылық ерлерде–99,9%-ды, әйелдерде–99,9%-ды құрайды. Соған қарамастан білім сапасының проблемасы сақталып отыр және балалар мен жастарды оқумен толық қамтымау проблемасы пайда болды. Бұл білімнің барлық сатыларынан көрініс табуда. Мектепке дейінгі білімдегі балаларды мектепке дейінгі тұрақты ұйымдастыру мен қамту 90-шы жылдары үш еседен артық кеміді. 15-17 жастардағы балаларды оқумен қамтудың деңгейі төмен. Жаңа мыңжылдықтың бас кезіне қарай жалпы орта білім алмаған және еш жерде оқымайтын 15 жастағы шамамен 8%, 16 жастағы 5% және 17 жастағы 7% балалар болды. Ауыл мектептерінің тең жарымына жуыға тек бастауыш және орталау білім берумен ғана қамтамасыз етіп, толық орта білім жоқ ауыл балалары санасының ұлғаюына ұшыратты. Кәсіптік-техникалық мектептердің мамандықтар тізбесі негізінен индустриялық-қалалық жағдайлардағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне нысаналанған, бұл кәсіптік білімнің осы түрінің мүмкіндігін ауылдық тұрғындар үшін азайтады. Орта және жоғары кәсіптік білім алу үшін күндізгі оқу басымдылығы кедей тұрмысты адамдардың білім алу мүмкіндіктерін шектейді. Кәсіптік білімді бюджеттік қаржыландырудың жетімсіздігі де сондай-ақ кедей отбасылар перзенттері үшін кедергі жасайды.

Сарапшылар білім саласындағы өзге де проблемаларды белгілейді. Сапалы білім алу үшін ауылдық мекендегі немесе шағын қалалардағы балалардың емес, ірі қалаларда тұратын балалардың мүмкіндіктері молырақ, кедей тұрмыстылардан гөрі тұрмыстылау отбасындағы балалардың мүмкіндіктері көп; жетім балалар мен денсаулықтары осал балалар үлестен көбірек құр қалған. Мектепке дейінгі білім саласындағы нақты теңсіздік күшейе түсті, себебі оларда балаларды оқыту мен тәрбиелеу ата-аналардың материалдық мүмкіндіктеріне байланысты. Жалпы орта білім беруде аз жабдықталған ауыл мектептерінің саны жылдан-жылға өсе түсуде, сондағы мұғалімдер өздері алған кәсіптік білімдердің ауқымынан тыс пәндер бойынша сабақтар жүргізуге мәжбүр болады. Төмендегі 4-ші кестеден байқап отырғанымыздай күндізгі жалпы білімді мектептер саны 1995/1996ж оқу жылдарының басында барлығы 8732 болса, бұның ішнде жеке меншік мектептер 38болған .Бұл 2003/2004ж оқу жылдарының басында 8254 мектеп қалған яғни 478 мектепке қысқарған ,ал жеке меншік мектеп саны 155-ке өскен. Бастауыш кәсіби білім беру оқу орындарының саны осы жылдар арасында 116-ға қысқарса, колледждердің саны 95-ке, жоғарғы оқу орындарының саны 68-ге өскен.Тұрақсыз материалдық жағдай, жұмыссыздықпен мәжбүрлі көші-қон көптеген отбасыларды балаларды оқытудан қаражат үнемдеуге душар етті. Кедей тұрмысты үй шаруашылықтарын зерттеп-тексерудің нәтижелері жеткіліксіз білім деңгейінің кедейшіліктің негізгі себептерінің бірі болып табылатынын айғақтайды, оны кедей тұрмысты үй шаруашылықтарының 1,5% атап көрсетті. Бұл орайда кедей тұрмысты отбасыларындағы 59,8% орта мектепті бітірген немесе бітіріп жатқан балалардың оқуды одан әрі жалғастыруға мүмкіндіктері жоқ, осы респонденттердің 76,0% негізгі себеп ретінде ақылы оқуға ақшаның жоқтығын атады.

Үй шаруашылықтарын зерттеудің нәтижелері Қазақстандағы кедей тұрмысты үй шаруашылықтарындағы отағасы-ерлердің білім деңгейінің бүкіл шаруашылықтар бойынша орташа алғандағыдан төмен екендігін көрсетті.

Сонымен қатар, адамдардың білім деңгейлерінің экономикалық өсуге ықпалы, адамдардың табыстары мен кедейшілікті азайту бұдан да күштірек болуы мүмкін еді. Нарықтық реформалардың бастапқы кезеңінде Қазақстан нарықтық экономиканы қалыптастыру мен сабақтастырылған әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа үрдістерін ескеру арқылы білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттілігін дұрыс анықтай алмады. Бұл жағдай ашылатын жұмыс орындарының саны мен құрылымы және кәсіби білім жүйесінде кадрлар даярлау арасындағы сәйкессіздікпен көрінді.

Біршама дамыған елдердің тәжірибесі, егер жоғары білімді және білікті қызметкерлер тұрмыстың анағұрлым жоғары тұтыну стандарттарын ұстаса экономиканың дамуы мен адамдардың тұрмыс деңгейлеріне оң ықпал жасайтындары туралы дәлелдейді. Жоғары деңгейдегі біліктіліктегі мамандар былайғы тең жағдайлар кезінде жоғары молшылық бюджетінен жоғары табыстар алулары және олар қоғамның дәулетті жәктеріне жатулары тиіс. Білікті жұмысшылардың табыстары олардың орташа тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуі керек. Жұмыс істейтін азаматтардың төмен табысы және қоғамның кедей тұрмысты жіктеріне жатуы былайғы тең жағдайлар кезінде кәсіптік білімнің жоқтығы мен төмен біліктілік себептерінен түсіндірілуі мүмкін .

Экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін білікті жұмысшылар, табыстарының көлемі мен тұрмыстағы тұтыну стандарттарына қарай қоғамның әркелкі жіктеріне жатады, осы қажеттіліктерді аталған табыстар қамтамасыз етеді. Кен өндіруші өнеркәсіптегі және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциядағы білікті жұмысшылардың еңбек төлемдері ең жоғары, соның салдары ретінде, солардың табыстары дәулетті адамдардың жоғары тұтыну стандарттарын белгілейді. Өңдеуші өнеркәсіпте, құрлыста, саудада, көлік пен байланыста, қаржы секторы мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтін білікті жұмысшылардың табыстары орташа тұрмысты адамдардың табыстарына жатады. Ал ауыл шаруашылығындағы, білім және денсаулық сақтау секторларындағы білікті жұмысшылардың табыстары олардың кәсіптік білім мен біліктілік алуға сіңірген үлестерін мүлде өтемейді, себебі осы жұмыскерлер халықтың төмен тұрмысты жіктеріне жатады.

Біліктілігі жоқ жұмыскерлер әлеуметтік екі жікке бөлінеді: орта және төмен тұрмыстылар. Білім мен біліктілік және тұрмыс деңгейі арасындағы сәйкессіздік экономикалық қызметтің әрбір түрінің ішінен байқалады. Мәселен, ауыл шаруашылығындағы, білім мен денсаулық сақтаудағы тұрмыстың төменгі тұтыну стандарттары білікті, сондай-ақ біліктілігі жоқ жұмысшыларға да бірдей тән.

Сонымен, республикада бірқатар қызмет түрлерінде біршама жоғары және біршама төмен білімді немесе кәсіби біліктілігі төмен болса, ол сапалы еңбекті ынталандыруға нұқсан келтіреді.

 

  1. Халықтың денсаулығы

Адамдардың денсаулық жағдайы қоғам өміріне белсенді қатысу мүмкіндігі мен материалдық игіліктерді қамтамасыз етуге тікелей ықпал етеді. Денсаулықтың қанағаттанарлықсыз жай-күйі республикадағы кедейшіліктің ең баста себептерінің бірі ретінде аталынды.

Өмірдің ұзақтығы елдің дамуы және өздерінің жеке әл-ауқаттарын арттыру үшін адамдардың өз бойындағы күш-қуат, еңбек және шығармашылық мүмкіндіктерін пайдалануларына жағдай жасайды. Туылған кездегі болжамды өмір ұзақтығы адам тұрмысы сапасының интегралды көрсеткіші болып табылады. Қазақстандағы халықтың өмір ұзақтығы бірқатар жылдар бойы тұрақты кеми түсуде. 1965 жылы 71,4 жас болса, 1991 жылы 67,6 жасқа дейін кеміді. Тек 2001-2002 жылдары ғана адамдардың болжамды өмір ұзақтығының ішінара ұлғаюы тіркелді, ол сәйкестігіне қарай 65,6 және 65,8 жасты құрады. 6-кестеде көрсетілгеніндей, ерлердің өмір ұзақтығы едәуір қысқарды, ол ер адамдардың аурушаңдық деңгейінің жоғарылығы және жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімдер, сондай-ақ шиеленісті жағдайларға деген жоғары бейімділік факторларымен түсіндірілуі мүмкін.Нәрестелердің шетінеуі мен аналар өлімінің көрсеткіштері адамдардың денсаулықтары және оны сақтаумен тікелей байланысты. Ал денсаулық пен оны сақтау адамның тұрмыс деңгейімен астасып жататыны белгілі “Мыңжылдық табалдырығында Қазақстандағы даму саласындағы БҰҰ Мақсаттары” Есебі бойынша 6-міндет 1990-2015 жылдар арасында аналар өлімінің коэффициентін үш ширекке азайтуды жобалайды. Орын алған көрсеткіштер мен үрдістерді ескергенде, Қазақстанда осы міндеттің орындалуы екіталай.

Әлеуметтік-экономикалық проблемалардың, халықтың санитарлық-гигиеналық тазалықты сақтамауы және денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасының осалдығынан, профилактикалық медициналық тексерулердің жеткіліксіздігі себебінен Қазақстанда туберкулез ауруының  таралу деңгейі жоғары. Аурушаңдық деңгейі және туберкулездің себебінен болған өлімнің көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы орындар қатарында. Қазақстанда соңғы онжылдық ішінде АИВ-инфекциясын тіркеу оқиғаларының өсуі байқалады–бұл тізім 1991 жылғы екі адамнан 2002 жылы 3257 адамға дейін жетті. АИВ жұқтырған адамдар көбіне еңбекке жарамды жастағылар және олар негізінен жұмыссыздар болып табылады. Соның нәтижесінде осы адамдар қалыпты өмірден “шығып қалады”, оның үстіне қоғам арқылы әлеуметтік шеттетіледі. Емдеуге қыруар қаражат жұмсау олардың отбасыларын материалдық шектеулер мен кедейшілікке ұшыратады. “Мыңжылдық табалдырығында Қазақстандағы даму саласындағы БҰҰ Мақсаттары” есебіне сәйкес, АИВ жұқтырғандар мынадай топтарға бөлінеді: жастар, абақты-түрмелерде қамауда отырғандар, коммерциялық секстің қызметші еркектері/әйелдері және еркек пен еркек арасында жыныстық қатынас әрекетін жасайтын еркектер. Өтпелі кезеңнің бастапқы сатысында елдегі экономикалық қолайсыз жағдайға, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен халық көші-қонының теріс сальдосына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарының саны қысқарды. Бұл әрекет халыққа көрсетілетін медициналық (дәрігерлік) көмектің сапасына әсер етіп, сондай-ақ оның мүмкіндік проблемасын да шиеленістіріп жіберді. Халықтың денсаулық жағдайларының нашарлауы бірқатар фактілерден туындайды: ол денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік қаржыландырудың қысқартылуы, білікті медициналық кадрлар санының кемуі, денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасының нашарлауы, адамдардың тұрмыс деңгейінің жүдеулігі мен экологиялық қолайсыз ахуал, профилактикалық іс-шаралардың осалдығы, салауатты өмір салтын ұстанудағы мәдениеттің жеткіліксіздігі.

Табыстар бойынша кедейшілік. Қазақстанда кедейшілік деңгейі күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесімен анықталады. Күнкөріс минимумы–тіршілікті демеу үшін қажетті болып табылатын және ең аз тұтыну себетіне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін табыстардың (шығыстардың) объективті белгіленген деңгейі. Ең аз тұтыну себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын ең аз шығындар кіреді. Азық-түлік себетінің құрамы адам организміне қажет калория санының түсін қамтамасыз ететін белгіленген тағам мөлшеріне сүйене отырып, анықталады. Қазіргі кезде азық-түлік себеті күніне 2172 ккал деңгейіндегі калорияны жан басылық тұтынуды қамтамасыз ететін тағамдардың атауын қамтиды, ол ДДҰ талаптарына сәйкес келеді және ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумының) құнының 70 % құрайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулердің үлесі ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумы) құнының 30 % мөлшерінде белгіленген.

Табыстар бойынша Қазақстандағы кедейшіліктің ең жоғары деңгейі, республикадағы бүкіл халықтың 39% күнкөріс минимумынан төмен табыстар еншілеген 1998 жылы тіркелді (ресми айырбас бағамы бойынша 42,6 АҚШ доллары немесе 3336 теңге). 1998 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңдегі уақыт аралығында кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді (9- кесте). Күнкөріс минимумынан төмен табыстағы халықтың үлесі 2002 жылға қарай 1,6 есе қысқарды және ол 24%-ды немесе 3,6 млн. адамды құрады.Ал 2003 жылы 19,8 %-ға қысқарды. 2002 жылы күнкөріс минимумы 4761 теңге немесе ресми айырбас бағамы бойынша 31,1 АҚШ доллары болды.Ал 2003жылы күнкөріс минимумы 5125 теңге болды. Кедейшіліктің сондай-ақ тереңдік және өткірлік көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі де байқалды, олар кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен солардың арасындағы теңсіздікті сипаттайды.                                                                                                                                                                                     

Сонымен, қазіргі кезде негізінен азық-түлік тауарларына құрастырылған тұтыну себеті, үй шаруашылықтарының азық-түлік және азық-түлік емес шығыстарындағы бюджеттердің ара салмағын есептемейді. Алайда, халықтың тұрмыс деңгейінің өсу шамасына қарай үй шаруашылықтарының тұтынуына жұмсалатын жалпы шығыстардағы азық-түлік шығыстары азаяды, себебі адам организмі тағамның шектеулі мөлшерін тұтынса, азық-түлік емес шығыстардың үлесі ұлғая түседі.

Қазіргі уақытта ең аз тұтыну себетіндегі азық-түліктен бөтен тауарлардың үлесі біршама кемітілген, сондықтан күнкөріс минимумы, әсіресе халықтың кедей тұрмысты жіктерінің шығыстарын, үй шаруашылықтары шығыстарын есепке алу арқылы нақтылауды талап етеді. Одан әрі, үй шаруашылықтары шығыстарының дәстүрлі танылған үш тобы: тамаққа, киімге және тұрғын үйге жұмсайтын шығыстары болып табылады. Республика тұрғындарының тұтыну шығындарының тең жартысынан астамы азық-түлік тауарларына кетеді, яғни ол көрсеткіш 2001жылы 54,4% құраса ,2003 жылы 50,2%төмендеген. Ал азық-түліктен өзге тауарлар 2001 жылы 24,4% құраса, 2003 жылы ол көрсеткіш керісінше 27,% өсті.

Кедейшілік шегі–Қазақстандағы әлеуметтік көмек тағайындаудың критерийі :

Қазақстан Республикасының “Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі туралы” Заңына сәйкес, мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі-облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгіленген “кедейшілік шегінен” төмен айлық табыстағы адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік ақшалай нысанда жасайтын төлемі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алуға Қазақстан азаматтары, оралмандар, босқын қүжаты бар адамдар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ, бірақ тұруға рұқсаты бар және республикада тұрақты тұратын орта есеппен жан басына шаққандағы табыстары “кедейшілік шегінен” аспайтын азаматтар құрайды. Қазақстанда кедейшілік шегі Қазақстан Республикасының “Күнкөріс минимумы туралы” Заңға сәйкес белгіленеді. Осы заңдағы 4-бап бойынша :

  1. Кедейшілік шегі–адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет, экономикалық мүмкіндіктерге қарай республикада белгіленетін табыс межесі.
  2. Кедейшілік шегі республика бойынша тоқсан сайын, сондай-ақ аймақтар деңгейінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте айқындалады.
  3. Кедейшілік шегі табысы аз адамдарға (аз қамтамасыздандырылған адамдарға) әлеуметтік көмек көрсету үшін критерий болады.

 

 

 

 

Қорытынды

Еңбек  нарығының ахуалы мен кедейшілік-жаңа жұмыс орындарын ашу,  бұрынғыларын жаңарту, ел экономикасының жалпы ахуалын жақсартумен тікелей байланысты. Мемлекет жүргізіп жатқан макроэкономикалық саясат бәсекеге қабілетті төмендеу салаларда, нашарлау дамыған аймақтар мен халықтың ең осал топтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмыс берушілерді ынталандыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды өсіруге ықпал жасайды.

 

Әдебиеттер

 

1.Алимбаев А.А., Айнабек К.С., Ахметов С.Н. и др. Основы управления рыночной экономикой. Алматы: Данекер, 2000.-155 б.

2.Мухамеджанова А.Финансирование социальной сферы: мировой опыт.- //Аналитическое обозрение-2003.-№1.-34-38 б.

3.Шокманов Ю. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ. Алматы, 2003.-35 б

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *