Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың конституциялық негіздері

 

Жергілікті өзін-өзі басқарудың түсінігі.

Жергілікті мемлекеттік басқару – жергілікті маңыздағы экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша сәйкестелген әкімшілік-аумақтық бірліктердегі мемлекеттік билік органдарының қызметі.  Сонымен қатар ол жергілікті жерлерде мемлекеттік саясат пен реформаларды өткізуге негізделген.

 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілдік және атқарушы органдар жүзеге асырады, олар сәйкестелген аумақтағы істердің барысына жауап береді. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметінің құқықтық базасы болып Конституция мен 23 қаңтар 2001 жылы қабылданған “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару туралы” Қазақстан Республикасы Заңы табылады. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарын құру Қазақстанның біртұтас жүйесін көздейтін әкімшілік-аумақтық құрылыспен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасында әкімшілік аумақтық бөлудің үш звенолақ жүйесі қалыптасқан. “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” заңына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылыс жүйесіне келесі әкімшілік-аумақтық бірліктер жатады: ауыл (село), кент, ауылдық (селолық) округ, аудандағы қала, қала, аудан, облыс.

Жергілікті өкілдік органдарға облыстарда, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, аудандарда құрылатын мәслихаттар жатады. Ал әкімшілік-аумақтық бөліністердің басқа деңгейлерінде мәслихаттар құрылмайды. Жергіліктк атқарушы органдар болып өзіне бағынатын аппаратымен бірге әкім мен салалық және салааралық басқарудың жергілікті органдары табылады. Бірақ республикалық маңызы бар қаланың (астананың), аудандық маңызы бар қаланың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерінің тұсында әкимияттар құрылмайды.

Жергілікті мемлекеттік және атқарушы органдар өздері қабылдайтын актілердің заңдылығы  мен лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жауапты. Мәслихаттардың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы мен әкімдер мен өзге де басшыларды лауазымынан босату заңда белгіленген тәртіпте жүзеге асырылыды.

Мәслихаттар – жергілікті өкілді органдар.

Біріншіден, мәслихаттар халықтың жергілікті өкілді органы болып табылғанымен, олар биліктің ерекше тармағы — өкілдік орган болып табылмайды. Қолданыстағы Конституцияда біртұтас мемлекеттік билік тармақтарын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қағидасы бекітілген. Сонымен қатар Конституцияда “өкілдік билік органдары” деген емес “жергілікті өкілді органдар” деген термин қолданылады. 

Екіншіден, мәслихаттар заң шығарушы билік тармағының органдарына да жатпайды, себебі олар заңдарды қабылдамайды.

Үшіншіден, мәслихаттар сонымен қатар атқарушы билік тармағына да жатпайды. Конституция мен конституциялық заңдылық атқарушы билік органдарының тізімін: Үкімет, министрліктер, Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы органдарды және жергілікті атқарушы органдарды енгізе отырып нақты анықтайды.

Сонымен қатар мәслихаттар жергілікті маңызға ие болатын мемлекеттік органдар болып табылады, олардың мақсаты сәйкестелген әкімшілік-аумақтық бірліктердің тұрғындарының мүдделерін қорғау мен жергілікті атқарушы органдардың қызметін “тежеу”. 

Заңдылықпен мүмкін болатын депутаттардың саны анықталады. Облыстық мәслихаттарда олардың саны 50-ден, қалалық мәслихаттарда 30-дан, аудандық мәслихаттарда 25-тен аспауға тиіс. Маслихат депутаттарының нақты саны Орталық сайлау комиссиясымен анықталады.

Анықталған депутаттар санының төрттен үші сайланған жағдайда мәслихат хақылы болып есептеледі.

Мәслихаттың өкілеттігі оның жаңа шақырылымының алғашқы сессиясы ашық деп жарияланған кезден басталады және өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылады. Сонымен қатар олардың өкілеттігі Бас прокурордың ұсынысы бойынша Сенатпен мерзімінен бұрын келесі негіздерде тоқтатылуы мүмкін:

бірнеше рет (екі немесе одан да көп) Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын бұзуы олардың қабылдаған шешімдерінде орын алуы және осы шешімдердің соттық тәртіпте заңсыз деп танылуы;

егер қайта сайланған мәслихат бірінші сессиясы ашылған күннен бастап отыз күннің ішінде өзінің құрылымын анықтамаса және сәйкестелген органдарын құрмаса;

сәйкестелген әкімшілік бірліктердің қайта құрылуы немесе жойылуы;

мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаса;

еңсерілмейтін әр түрлі көзқарастарға байланысты әкимияттың әзірлеген аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті екі мәрте бекітпесе;

әкіммен еңсерілмейтін әр түрлі көзқарастарға байланысты әкімшілік-аумақтық бірліктерді басқару схемасын екі мәрте бекітпеуі.

Конституция мен жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңға сәйкес мәслихат депутаты болып жиырма жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады (Конституцияның 86-шы бабының 3-ші тармағы және Заңның 5-ші бабының 2-ші тармағы). Қазақстан Республикасының азаматы тек бір ғана мәслихаттың депутаты бола алады.

Депутаттың өкілеттігі оны мәслихат депутаты ретінде тіркеу кезінен басталады және өкілеттік мерзімі аяқталған кезден немесе оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негізіне байланысты тоқтатылады.

Мәслихат депутатының өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен бостандықтары жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңның 21-ші бабында бекітілген. Мәслихат депутатына өзінің өкілеттіктерін еш кедергісіз және нәтижелі жүзеге асыруы, құқықтарын, қадір-қасиетін және ар-ожданын қорғауы үшін кепілдік беріледі.

Мәслихаттың құзыреті.

Конституцияның 86-шы бабының 4-ші тармағына және жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңның 21-ші бабына сәйкес мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:

аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;

сәйкестелген аумақтарда қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланумен байланысты бағдарламаны және оларды қорғауға кететін шығындарды бекіту;

әкімнің ұсынысы бойынша әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын бекіту;

олардың қарауына жататын жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу және жергілікті қауымдастықты ұйымдастырудың шекараларын анықтау;

әкімнің ұсынысы бойынша сәйкестелген әкимияттың құрамымен мәслихат сессиясының шешімі негізіндә келісу;

заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау;

Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық анықталған ережелерді бекіту;

 сәйкестелген әкімшілік-аумақтық бірліктерді экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын бақылау;

мәлихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есебін тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастырумен байланысты өзге де мәселелерді шешу;

әкімнің ұсынысы бойынша әкимият тұсындағы ведомствоаралық сипатқа ие болатын мәселер бойынша консультативті-кеңесші органның құрамын бекітеді;

тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету мен кедейшілікпен күреске әрекеттесетін  бағдарламаны бекітеді;

Республиканың жер заңдылығына сәйкес жерге қатысты пайда болатын қатынастарды реттейді.

Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаттарының өкілеттігіне сонымен қатар облыстың аудандық жоспарлануына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  облыстық, республикалық маңызы бар қала мен астананың орталық құрылысының бас жоспарына ұсыныс енгізу, әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлану жобасын, облыстық (облыстық орталықты қоспағанда) және аудандық маңызы бар қалалардың құрылысының бас жоспарын бекітеді.

Аудандық мәслихаттардың құзыретіне олардың аумағында орналасқан қалалардың, кенттер мен ауылдардың құрылысының бас жоспарларын бекіту жатады.

Мәслихат өз құзыреті шегінде сәйкестелген аумақта орындалуы міндетті болып табылатын шешімдер қабылдайды. Мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қамтитын шешімдері баспасөздерде міндетті түрде жариялануға жатады. Мәслихаттың жалпыға міндетті шешімдері Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркелуі қажет. 

 

№14 тақырып бойынша тест сұрақтары.

Мәслихаттың қызметінің ұйымдастырушылық нысанының негізі болып табылады:

а)  тұрақты комиссиясының отырысы;

б)  сессия;

в) депутаттар мен мәслихат жұмыскерлерінің жиналысы.

(дұрыс жауабы — б)

Мәслихаттардың сессиясы заң бойынша жылына нешеден кем болмайтын негізде өткізілуге тиіс:

а)  жылына үш реттен;

б) жылына төрт реттен;

в)  жылына бес реттен.

(дұрыс жауабы — б)

Мәслихат сессиясының ұзақтылығы кіммен анықталады:

а)  сессия төрағасымен;

б) депутаттардың тобымен;

в)  мәслихат хатшысымен.

(дұрыс жауабы — а)

Мәслихаттың тұрақты комиссиясының өкілеттік мерзімі:

а)  үш жыл;

б) бес жыл;

в) сәйкестелген мәслихаттың өкілеттік мерзіміне сай.

(дұрыс жауабы — в)

Әкімнің аппараты туралы ереже кіммен бекітіледі:

а)  мәслихат хатшысымен;

б)  әкіммен;

в)  мәслихат сессиясымен.

(дұрыс жауабы — б)

Мәслихат депутатығына неше жастан өзін-өзі ұсынуға болады:

а)  25 жастан;

б)  30 жастан;

в)  20жастан.

(дұрыс жауабы — в)

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері кіммен тағайындалады:

а)  Қазақстан Ресупбликасы Президентімен маслихат депутаттарынның келісімі бойынша;

б)  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен;

в)  Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Парламентпен.

(дұрыс жауабы — а)

Мәслихат төмендегі қай актіні қабылдайды:

а)   шешім;

б)  жарғы;

в)  жарлық.

(дұрыс жауабы – а)

Әкім төмендегі қай актіні қабылдайды:

а)  шешім;

б)  жарғы;

в)  жарлық.

(дұрыс жауабы — а)

Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңы қашан қабылданды:

а)   10 желтоқсан 1991 жылы;

б)  28 қаңтар 2001 жылы;

в)  10 қаңтар 1993 жылы.

(дұрыс жауабы — б)  

  

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *