Мұхамеджан Сералин

 

(1872-1920)

       Мұхамеджан Сералиннің қазақ халқының XX ғ.б. үлкен қоғам қайраткері, белгілі санаткері, көрнекті ақыны, танымал көсемсөзшісі екені. «Топ жарған» (1900), «Гүлкәшима» (1903) поэмаларының қазақ жазба әдебиетіне елеулі үлес болып қосылуы. М.Сералин өлеңдерінің қазақ өміірінің, әлеуметтік тұрмысының шындығын танытатыны («Бай, патша һәм кедей», «Бай, қасқыр, аңшы т. б.).

     «Топ жарған» поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің нақ  шындығының көрініс табуы. Поэманың басты кейіпкері адай жігітінің бостандықты көксеген ой-арманының Кенесары көтерілісімен желілес берілуі. Поэмада Кенесары-Наурызбай көтерілісін қалың бұқараның жақтауы жеке кейіпкерлер сөздері арқылы беріліп, шындықтың көрінуі. «Топ жарған» поэмасында Кенесары көтерілісінің қазақ бұқарасының мүддесін қорғаған көтеріліс екендігі қилы тағдырлар тоғысы арқылы көрініс табуы. Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі. «Топжарған» поэмасының тіл соны лығы. Тарихи шындықты, нақты өмірді тың теңеу, көркем суреттеулермен бере білген ақын поэмасының тарихи мәні.

        М.Сералиннің «Гүлкәшима» атты шығармасы (1903) қазақ өмірінен алынып жазылған романтикалық поэма екені. Поэманың негізгі идеясы бас бостандығын аңсаған жастар мен әйел тендігін жырлау болып табылатыны. «Гүлкәшима» поэмасының махаббатты жырлауда жазба кәсіптік әдебиет дәстүріне сай жазылғаны. Өмір шындығын нақты көрсететін шынайы көркем туынды екені. Ескілікті әдет-ғұрыптарға және қазақ коғамының кертартпа күйіне бас кейіпкердің (Баймағанбет) өлімі арқылы наразылық білдіруі. Поэма сюжетінің авторлық шешіммен жаңа жүйеде құрылуы. Оқиғаның өрбуі көбіне хат арқылы беріліп, авторлық көзқарас арқылы түйінделіп отыруы. Поэманың публицистикалық сипаты. Поэмадағы ауыз әдебиеті дәстүрінің белгілері. Поэмадағы қазақ тұрмыс-салтының кең көрініс табуы. М.Сералиннің «Гүлхашима» поэмасының XX ғ.б. қазақ поэзиясының табысы саналуынын басты себептері.

        М.Сералиннің «Рустам-Суһраб» поэмасын орыс тілінен аударуы. Аударма жасаудағы өзіндік тәсілдері. Поэманың кұрылымдық ерекшелігі. Поэманың көркемдік түрғыдан алғандағы кейбір кемшіліктері. Шығыстың классикалық шығармасы «Шаһнаманың» түңғыш аударылуының тарихи маңызы.

       М.Сералиннің журналистік кызметі. «Айқап» журналын шығаруы. Журналдың бас редакторы ретіндегі идеялық көзкарастарының қазақ санасын оятудағы мәдени-эстетикалык маңызы. М.Сералиннің көсемсөзші ретіндегі өзіндік қолтаңбасы.

      Журналдың қазақ мәдениеті мен әдебиетін дамытудағы М.Сералиннің басшылық кызметінің әсері. Өзінің жеке мақалаларында («Аштық хаһында», «Келешек заманымыздың қамы», «Қазақ халқының мұң-мұқтаждығы», «Қазақ жастары», «Отырықшы болған қазақтар туралы» т.б.) қазақ қауымының жоғын жоқтап, отырықшылдық, оқу-ағарту секілді басты мәселелерді көтеретіні. Мақалаларының тілдік тұрғыдағы жетістіктері. М.Сералиннің жалпы ұлттық сананы ояту тұрғысында еңбек етіп, XX ғ.б. қазақ қоғамының көрнекті әлеуметтік санаткерлері қатарына көтерілуі.

 

Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары

  1. Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы.
  2. Шәкәрім шығармашылығының негізгі тақырыптары мен идеялық бағыттары.
  3. Шәкәрім поэзиясының ірі саласы – поэма, дастандары.
  4. Шәкәрім аудармалары.
  1.  Мұхамеджан Сералиннің «Топ жарған» (1900), «Гүлкәшима» (1903) поэмалары
  2. М.Сералиннің «Рустам-Суһраб» поэмасын орыс тілінен аударуы.

 

Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар

1.Кенжебаев Б. Әдебиет белестері, Алматы,1986.

2.Кенжебаев Б. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті. Алматы,1993.

3.Кенжебаев Б. Шындық және  шеберлік. Алматы,1986.

  1. Сәтбаева Ш. Ш. Құдайбердиев. Алматы,1990.

5.Бес арыс. Алматы,1992.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *