Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

Жоспары:

  1. Әлемдік саясат.
  2. Халықаралық қатынастар.
  3. Халықаралық саяси ұйымдар.
  4. Қазіргі заманның демографиялық мәселелері.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

Назарбаев, Н.Ә.   Елмен сырласу. Т.10: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011.  

Назарбаев, Н.Ә.   Елмен сырласу. Т.7: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011  

 Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.8: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011  

 Назарбаев, Н.Ә. Елмен сырласу. Т.9: сөздер, сұхбаттар / Н.Ә. Назарбаев; жобаның авт. М.Жолдасбеков.- Астана: Күлтегін, 2011

Нарикбаев М.С. Біздің әділет жолымыз. Астана, 2010.

Зиманов, С.З.       Парламент Республики Казахстан в трудные годы провозглашения независимости [Текст] / С.З Зиманов.- Алматы: Алаш, 2011.

Ұлтаралық және дінаралық келісімнің тәжірибесі: ЕҚЫҰ үшін ұсыныстар (25 ақпан 2009ж.): конференция материалдары/ Б.К. Султанов  

ШЫҰ және Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері: конференция материалдары

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

               ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократияландыру үрдістері:        конференция материалдары/ Б.К. Султанов, Алматы, 2009.

             Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы

Қазақстанның ел бірлігі доктринасы: талқылауға арналған жоба, Астана, 2009.

 

 

 

  1. Әлемдік саясат.

 

Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде)[ағылш. world politics] — XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің орнына келген, жаһандану жағдайында қалыптасқан әлемнің жаңа саяси жүйесін зерттейді. — Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, Вестфаль бейбіт келісімі жаңа сая¬си қатынастарға жол ашты. Ол бойын- ша мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет өз аумағында толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Өзіне тән басқару тетіктері мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын «молекула» күйіне түсті. Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері — қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе өз беттерінше әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен айналысатын ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде — саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы деңгейінде — халықаралық қатынастар.                

«Көпвекторлы саясат» деген термин «көпжақты, әртарапты және теңдестірілген» саясат деп түсініктеме. Біздің ел көпвекторлы саясат ұстанып келеді. 

Қазақстанның көпвекторлы саясаты түпкілікті жүйеге түсті және елдің өсіп өркендеуі мен бақуаттылығына жұмыс істеп жатыр. Өзінің геосаяси орны мен экономикалық әлеуетіне байланысты Қазақстанға дәл осындай саясат жүргізу қажет болды. Қазақстанды екі құрлықта да мүддесі алысты көздеген, ірі еуразиялық мемлекет ретінде қарастыра отырып, орталықазиялық өңірдің ғана акцияларымен шектелетін, тар ауқымды географиямен тұйықталу жөн болмайды. Мұндай ұстаным біздің елдің әлеуеті мен стратегиялық мүдделеріне кереғар келер еді.

  1. Халықаралық қатынастар.

         Халықаралық қатынас — XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады — капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі — әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр — Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда (АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.

  1. Қазіргі заманның демографиялық мәселелері.

Демографиялық саясат — [ көне грекше: demos — халық, көне грекше: graphio — жазу] — елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны — кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.

Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады:

  • экономикалық (ақысы төленетін демалыс және бала туылған кезден әртүрлі жәрдемақылар, баланың санына, жасына, отбасы жағдайына қарамай жәрдемақылар тағайындау; қарыздар, несиелер, салықтық және тұрмыс, үй жеңілдіктерін беру және т.б.);
  • әкімшілік-құқықтық (заңнамалық актілер, реттелетін некелер, ажырасу, отбасындағы балалардың жағдайы, алименттік төлем міндеттері, ана мен бала денсаулығын сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану құралдарын қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмыс істейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі, ішкі және сыртқы көші-қон және т.б.);
  • қоғамдағы нақтылы демографиялық климатты қалыптастыруға, демографиялық мінез-құлықтың қоғамдық пікірді, ережелерді, стандарттарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және насихаттық шаралары.

 

 14 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Handouts)  – белсенді үйлестірмелі материал:

  1. Тесттік сұрақтар.

 

  1. «Көпвекторлы саясат» деген термин:

— «көпжақты, әртарапты және теңдестірілген» саясат деп түсініктеме

— дәстүрлі саясат

— тек қана Америкалық өмірге сай саясат

ар алуанды саяси пікірлер

  1. Геосаясат терминін алғашқы рет енгізген:

— Р.Челлен

— Ш.Монтескье

— К.Маркс

— И.Кант

  1. Демография – ол:

— халық санын реттеуге арналған саясаттың бір бөлінісі

— саяси процесстердің географиялық ортаға тәуелділігі

— демография туралы ілім

— қоршаған орта туралы ілім

— глобализацияның мәселелері

  1. Табиғи шекара деген:

— табиғаттың күші арқылы пайда болған шекара – теңіз, таулар

— табиғи жолда адам қолымен жасалынған шекара

— темір жол шекарасы

— ауа райының ерекшелігі

  1. Геосаясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырған, неміс ойшыл:

— Фридрих Ратцель

— Давид Юм

— Ш.Монтескье

— К.Маркс

— И.Кант

  1. Хартленд деген ол:

— Евразияның өңірі

— Европа елдері

— Африка елдері

— Американың Атлантикалық жағалауы

  1. Адамзаттың құтқарылу жолдары:

— техногенді өркениеттен қашу

— глобалды мәселелерді шешу

— діни нормаларды жаңғырты

— космосты мекендеу

  1. Биполярды саяси модельден «көпполярлыға» көшу:

— кіші және осал мемелекеттердің қауіпсіздігін сақтау

— Ядерліқ қаруды жасауға тиім салу

— Көптеген мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтау

— ядерлы державалардың күшін шектеу

  1. Макиавелли бойынша, мемлекеттің сыртқы істері дұрыс болса:

— ішкі істері де дұрыс болады

— сыртқы саудасы өрлейді

— экономикасы құлдырайды

— экономикасы өркендейді

— қауіпсіздігі арттайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *