Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Ж о с п а р ы:

 

  1. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні.
  2. Демократияның дамуындағы азаматтық қоғамның қалыптасуының қажеттілігі.
  3. Азаматтық қоғамның мемлекеттің сыртқы саясатына әсері.
  4. Қазақстандағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы: ерекшелігі және құқықтық-саяси аспекті.

 

Әдебиеттер тізімі:

Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.

Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.

Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.

Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж.

Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж.

               ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократияландыру үрдістері:        конференция материалдары/ Б.К. Султанов, Алматы, 2009.

 

 

  1. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәні

Бұл екі ұғым көптің аузына соңғы жылдары ғана ілікті. Бұрын 20-жылдары, кейінірек алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, кейін ұмыт болған-тын. Оның есесіне жалпы халықтық мемлекет және қоғамдық өзін-өзі басқару тіркестері қолданыла бастаған.

Қазір азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қайтадан құжаттарға еніп, ғалымдар ден қоя бастады. Ал шындығында бұл екі ұғымның мән-мазмұны неде, ара-қатынасы қандай, шығыстық ойда қандай көрініс тапқан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Саяси ой тарихында азаматтық қоғам туралы ой-тұжырымдамалар Г.В. Гегель еңбектерінде орын тапқан. Гегель бойынша, «азаматтық қоғам – жеке меншіктілердің бірлестігі», және де азаматтық қоғам тарихи процесстің диалектикалық дамуының ерекше кезені болып табылады. Сонымен қатар, азаматтық қоғам туралы идеялары марксизм де ерекше орын алады. Гегель мен бірдей, К.Маркс азаматтық қоғамды тарихи феномен деп қарастырған. Әсіресе оның «Капитал», «Саяси экономияны сынау» еңбектерінде осы мәселеге көп көңіл аударған.

Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған,\. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.

 Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл

-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.

Адамның өзі дүниеге келтірген саяси күш – мемлекет бірте-бірте оның өзіне ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға күш салды.

Азаматтық қоғамның ең радикалды концепциясын Т.Пейн «Адам құқығы» еңбегінде ұсынған.Ол бойынша, азаматтық қоғам мемлекетке қарсы тұрады, мемлекет – ол ұлы зұлымдық. Көпшілік арасында азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекетті бір біріне қарсы қойып, оларды бірін бірі теріске шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну кеңінен етек алып отыр. Бұл әрине дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, керісінше ол құқытық мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.

Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен шалыс қадамы жазаланып отырылады. Төрт-бес күнге көршілес елге барып қайту үшін де мемлекеттен

рұқсат сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет өз үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына да қол сұғып, жөн-жосықсыз араласудан біржола

арыла алмайды. Мұны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық мемлекеттің қызметі.

Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы әрекет етпейді. Керісінше, адам құқығын қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет деген ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы  аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны ажырата білген абзал.

  1. Демократияның дамуындағы азаматтық қоғамның қалыптасуының қажеттілігі.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты.

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.

Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму дәрежесімен ғана өлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз үшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тұрғаны белгілі. Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде – алда тұрған жаңа белес.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.

Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, қоғамның әрбір мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей қызмет етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын, жариялылықты қорғауға тиісті. Құқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан, әділдіктен жалтарудан аулақ болуға тиіс.

Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық жүзеге асырылады.  Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.

Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым.

Құқықтық мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын. Құқықтық мемлекетте заң емес, құқық қалай жүзеге асырылатыны арқылы саяси институттар мен олардың әрекеттеріне баға беріледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің ара-жігін ажыратып, оларды даралауға тікелей байланысты болмақ.

Құқықтық мемлекет  — адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген жоғары, биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік құрылым өз бетімен келмейді.

Ол көп шарттарға байланысты. Құқық жүйесі – қондырма, базистің өзгеруімен бірге ол да жаңа сипат алады. Заңды адамдар жазады, бірақ бұл олардың ойына келгенін қағазға түсіреді деген сөз емес. Заң қоғамдық құбылыстардың дамуын қамтамасыз ететін шынайы ішкі байланыстарды бейнелейді.

Халық ежелден еркіндікке, бостандыққа ұмтылған. Осы жолда небір тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешірген. 

 

10 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Handouts)  – белсенді үйлестірмелі материал:

  1. Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.

 

  1. Құқықтық мемлекет ең бастапқы :

—  заңға негізденеді

ел психологиясына сүйенеді

мораль негіздерін алға алады

ар алуан билікке негізденеді

  1. «Азаматтық қоғам» идеясы туралы көп ілес қосқан:
  • И.Кант
  • Сократ
  • Зенон
  • Калликрат
    1. «Америкадағы демократия» еңбегінің авторы:
  • А.Токвилль
  • Сократ
  • Платон
  • Геродот
  • Аристотель
    1. Азаматтық қоғам дегеніміз:
  • мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы
  • Жоғарғы орындарға сайлау мүмкіндігі
  • Шағын қала-мемлекеттердің бар болуы
  • адамның жан дүниесінің жетілуі
  • саяси құбылыстардың әлеуметтік механизмдері
    1. Азаматтық қоғамның ең маңызды, бастапқы элементі:
  • белсенді тұлға
  • қара тобыр
  • республика
  • тирания
    1. Азаматтық қоғамның радикалды концепциясын қалыптастырған:
  • Т.Пейн
  • И.Кант
  • З. Фрейд
  • А.Швейцер
  1. «Азаматтық қоғам – жеке меншіктілердің бірлестігі» — сөз кімдікі?
  • Гегель
  • Фома Аквинский
  • И.Кант
  • Сократ
  • Аристотель
  1. Тоталитаризмнің негізгі сипаттамасының бірі —
  • оппозицияға жол бермеу
  • теологиялық позицияға сүйену
  • әлеуметтік қозғалыстарды күшейту
  • биотехнологиялық салаларға сүйену
  1. Томендегі ойшылдардың қайсысы азаматтық қоғам мәселесіне ерекше назар аударған?:
  • К.Маркс
  • Мусоллини
  • Фома Аквинский
  • Н.Макиавелли
  • Сократ
  1. «Капитал», «Саяси экономияны сынау» еңбектерінің авторы:
  • Р. Даль
  • Мартин Лютер
  • К.Маркс
  • Жан Боден
  • Жан Жак Руссо

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *