Адам туралы
Атымды адам қойған соң
Қайтіп надан болайын.
(«Жүректе қайрат болмаса», 1898 ж.)
***
Адам деген даңқым бар
(«Адам деген даңқым бар», 1890 ж.)
***
Адамның адамшылдығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
(37- қара сөз, 1896 ж.)
***
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі еріншектік, үшіншісі зұлымдық.
(38- қара сөз, 1896 ж.)
***
Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза қуаты артында болғаны. Егер де аузынан қара қан ағызса,-домбыт, мақтаншақ, қорқақ.
(37- қара сөз, 1896 ж.)
***
Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап -күлмес
(«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», 1895 ж.)
***
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге болама, ойлаңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған ?»
(«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», 1895 ж.)
***
Үш ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
(17- қара сөз, 1893 ж.)
***
Адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват.
(37- қара сөз, 1896 ж.)
***
Дүниеде жалғыз қалған адам-адамның өлгені.
Қапашылықтың бәрі соның басында. (37- қара сөз, 1896 ж.)
Бірлік туралы
Бірің қазақ бірің дос
Көрмесең істің бәрі бос
(«Сегіз аяқ өлеңі», 1889 ж.)
***
Бірлікті шайқайды
Араз боп өнбеске
(«Антпенен тарқайды», 1894 ж.)
***
Туысқаның, достарың- бәрі екі ұшты
Сол себепті досыңнан дұшпан күшті
Сүйсе-жалған, Сүймесе-аянбаған,
Бұл не деген заманға ісім түсті
( «Ұяламын дегені көңіл үшін», 1901 ж.)
***
Бас -басына би болған өңкей қиқым
Мінеки, алған жоқпа елдің сиқын
(«Қалың елім қазағым, қайран жұртым», 1886 ж.)
***
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып
(«Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат», 1886 ж.)
Ғылым туралы
Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, орыстың ғылымын үйрет!. Мына мен айтқан жол-мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын деп,оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсете ме, өзі рақат көре ме, яки жұртқа рақат көрсете ме ?
(25- қара сөз, 1894 ж.)
***
Бір ғылымнан басқаның
Кеселі көп асқанға
(«Мәз болады болысың», 1889 ж. )
***
Ғылымды іздеп
Дүниені көздеп
Екі жаққа үңілдім
(«Сегіз аяқ өлеңі», 1889 ж.)
***
Талаптың мініп тұлпарын
Тас қияға өрледің
Бір ғылым еді іңкәрің
Әр қиынға сермедің
(«Әбдірахман өліміне»)
***
Болмасаң да, ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз
(«Ғылым таппай мақтанба», 1886 ж.)
***
Дүние де өзі, малда өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз
(«Ғылым таппай мақтанба», 1886 ж.)
***
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге
(«Пайда ойлама, ар ойла»)
***
Шәкіртсіз ғалым-тұл
(37- қара сөз, 1896 ж.)
***
Сөзіне қарай кісіні ал
Кісіге қарап сөз алма
(«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», 1895 ж.»
Өмір, тіршілік және уақыт туралы
Бұл өмірдің қызығы махаббатпен
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де, өлмегенмен боласың тең
(«Ерекше естен кетпес қызық қайда?»)
***
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа
(«Адам бір боқ көтерген боқтың қабы», 1899 ж.)
***
Адамзат -бүгін адам, ертең -топырақ
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ
Ертең өзің қайдасың, білемісің
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ
(«Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен», 1899 ж)
***
Өткен өмір қу соқпақ
Қыдырады талайды
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды -соны санайды
(«Көлеңке басын ұзартып», 1895 ж.)
***
Болсам деген талапты ұмытқан соң
Құр кеудеге өмірдің несі дәрі?!
(«Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?», 1897 ж.)
***
Ұзақ өмір не берер
Көрген, білген болмаса ?!
(«Әбдірахман өлгенде»)
***
Өмірдің алды- ыстық, арты-суық,
Алды-ойын, арт жағы -мұңға жуық
( «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», 1896 ж.)
***
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл
Көсем де өткен не дүлдүл
(«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», 1895 ж.»)
***
Өмір, дүние дегенің ағып жатқан су екен
(«Не іздейсің, көңілім, не іздейсің»)
***
Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес
(«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», 1895 ж.»)
Халық, ұлт туралы
Көп айтса, көнді
Жұрт айтса, болды
Әдеті надан адамның
(«Сегіз аяқ», 1889 ж.)
***
Көптің аузын күзетсең -күн көрмейсің
Өзіңді өзің күзет, кел, шырағым
(«Жапырағы қуарған ескі үмітпен», 1901 ж.)
***
Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын
Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін
Көздің жасы, жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды ішкі мұзын
(«Талай сөзбұдан бұрын көп айтқанмын», 1895 ж.)
***
Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын
Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін
Көздің жасы, жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды ішкі мұзын
(«Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын», 1895 ж.)
***
Адасып, алаңдама, жол таба алмай
Берірек түзу жолға шық, қималмай.
Не ғылым жоқ, еңбесе еңбекте жоқ,
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай
(«Талай сөзбұдан бұрын көп айтқанмын», 1895 ж.)
***
Осы біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай ?!
(«Елді пысық билегені несі?», 1897 ж. )
***
Кей жұрт ақыл айтарлық кісіні іздеп таба алмайды. Қылығының қыпшағын танитұғын кісіден қашық жүретұғыны қалай ?!
(«Елді пысық билегені несі?», 1897 ж. )
Еңбек туралы
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап
( «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» 1897 ж.)
***
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
(«Сегіз аяқ», 1889 ж.)
***
Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле
(«Берекені көктен тілеме»)
***
Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
(«Әсемпаз болма әрнеге», 1894 ж.)
***
Егер ісім өнсін десең, ретін тап
(37-қара сөз, 1896 ж.
***
Тамағы тоқтық
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын
(«Сегіз аяқ өлеңі», 1889 ж.)
***
Әуелі, өнер ізделік қолдан келсе,
Ең болмаса, еңбекпен мал табалық
(«Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық», 1886 ж.)
***
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған
(«Түбінде баянды еңбек егін салған»)
***
Жан аямай кәсіп қыл
(«Сегіз аяқ», 1889 ж.)
***
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз
(«Ғылым таппай мақтанба», 1886 ж.)
Мәдениет пен өнер туралы
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
(«Әсемпаз болма әрнеге», 1894 ж. )
***
Құлақтан кіріп бойда алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй. («Құлақтан кіріп бойды алар», 1897 ж.)
***
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
(«Өлең сөздің патшасы сөз сарасы)
***
Әр елдің тілін. Өнерін білген кісі онымен бірдейлік пікірлесе алады.
(25- қара сөз, 1894 ж.)
***
Өнер өзі де мал, өнерді үйренбек-ихсан (38- қара сөз, 1896 ж.)
***
Өзі өнерсіз тез суынар
Ойлаған жолаушыдай бос қалғанын
(«Қарасам, қайғыртар жұрт бұл заманғы», 1896 ж.)
***
Өзге түгіл, өзіңе пайдасы жоқ
Есіл өнер қор болып кетер түзге
(«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», 1889 ж.)
Дос туралы
Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас (37- қара сөз, 1896 ж.)
***
Досыңа достық -қарыз іс,
Дұшпаныңа бол әділ
(«Жастықтың оты жалындап», 1891 ж.)
***
Есіңде бар ма жас күнің
Кімді көрсең -бәрі дос
Махаббат, қызық, мал мен бақ
Көрінуші еді досқа ортақ
(«Есіңде бар ма жас күнің», 1899 ж.)
***
Бір тәуір дос
Тым-ақ керек
Ойы мен тілі бөлінбес («Буынсыз тілің» )
***
Жаман дос — көлеңке : басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың (37- қара сөз, 1896 ж.)
***
Досы жоқпен сырлас
Досы көппен сыйлас;
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол (37- қара сөз, 1896 ж.)
Ұрпаққа өсиет
****
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
(«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап», 1897 ж.)
****
Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас
(37- қара сөз, 1896 ж.)
****
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол-бай тап,
Адам бол- мал тап,
Қуансаң, қуан сол кезде.
Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең істің бәрі дос
(«Сегіз аяқ», 1889 ж.)
****
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта, бар, қалан
( «Әсемпаз болма әрнеге», 1894 ж.)
****
Махаббатпен жаратқан адамзатты
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті
(«Алланың өзі де рас, сөзі де рас», 1902 ж.)
****
Сыпайы жүрде, шаруа ойла,
Даңғойланып қақтықпа
Беталды жанға бой салма,
Қорлық жүрмес сақтыққа
(«Қуанбаңдар жастыққа …», 1901 ж.)
****
Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде
Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме
(«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап…», 1897 ж.)
****
Қуанбаңдар жастыққа,
Елірме күлкі, мастыққа.
Көзің қайдан жетеді
Достық пенен қастыққа?
Құрбыңның қызық дегенін
Сөз екен деп ап шықпа.
Адалдан тапқан тиынды
Сал да сақта қапшыққа
(«Қуанбаңдар жастыққа …», 1901 ж.)
****
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
(«Сегіз аяқ», 1889 ж.)