— Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар (б.з.б. VII-6.3.IV ғ.ғ.)
— Қазіргі Қазақстан жерінде біздің заманымызға дейінгі VII ғасырлардан заманымыздағы IV ғасырлар арасында сақ, ғұн, үйсін тайпалары өмір сүрген.
— Тілі — түркі тілі, жазуы — түркі жазуы болғандығы жөніндегі бұлтартпас деректер бар. («Сақа», «сақы», «сақпан», «қарсақ», «сақсыну», т.б. сөздердегі «сақ» түбірінің сақталуы). (ғұн, үйсін тайпаларының өмір тіршілігі жайында қытайлықтар Сыма-Цянның «Жылнама», Бань-Гудың «Ханнама» кітаптарында жазылған). Сақтардың б.з.дейінгі дәуірлерде-ақ 26 әріптен тұратын өз жазуы болған. Оның дәлелі ретінде Алматы маңындағы Есіктен табылған Алтын адамның жанындағы күміс тостағандағы жазуларды айтуға болады. Жазу бар жерде мәдениет, әдебиет дамитыны анық.
Геродоттың «Тарих» кітабында жазылып қалған скиф-сақ дәуіріндегі аңыздардың бірі – Тарғытай. Тарғытай біздің заманымыздан 1500 жыл бұрын өмір сүрген, скиф-сақтың көсемі.(Тарғытай бабаның әкесі – Көк тәңірі, шешесі –су перісі, оның үш ұлы: Арпоқсай, Ылпоқсай, Қолоқсай (қол–әскер, оқ–ел, сай–патша деген ұғымды білдіреді). Осы үш ұлдан скифтер тарайды. Шаңырақты кіші ұл иелену дәстүрінің түпкі көрінісі. Осы аңыздың қазақта жұмбақ түрінде айтылуы (түрен, балта, мойынтұрық, шөмішті тұспалдау). Тарғытай сақтардың кейінгі ұрпақтарының есінде Ер Тарғын атымен есте сақталған. Скифтер тайқазан жасап, оған жылқы етін асып, аталарына ас берген. Бие сауып, қымыз ашыту дәстүрі де бүгінгі қазақтарда бар дәстүр.
Алып-Ер Тұңға (Тоңа) – ежелгі дәуірде өмір сүрген түрік көсемі. Фирдоусидің «Шаһнамасындағы» Афрасияб, «Авестада» Франграсиан болып суреттеледі.. Ол қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау — ежелгі түркі әдебиеті мен фольклорының алғашқы нұсқаларының бірі. Ол М. Қашқари «Сөздігінде» (XI ғ.) берілген.
Батырға арнаған елінің жоқтауы бар. Алып ЕрТұңғаның түріктерді жау табанына салдырмаған аяулы ұлы болғандығын көрсетеді.
Тұмар патшайым(б.д.д VІ ғасырдағы аталарымыздың мекені ұлы сақ даласын Тұмар атты әйел патшасы билепті. (ұлы сақ даласының билеушісі) Тұмар «Қобыланды батыр» жырындағы Қарлыға сияқты, көрікті де ақылды болған. Сол кезде парсының патшасы Кирдің көзі сақ даласына ауыз түседі. Жаулап алмақ болған Кир патшаның жансыз басына жиіркене қарап тұрып: «Аңсағаны» қан еді, іш енді соның, — деп қан толтырған сабаға тығып, өзенге лақтыруы.
Ел тағдыры үшін жанын қиған Ширақ батыр (б.з.бұрын VІ ғасыр) Кирдің орнына келген Дарий патшадан елін аман сақтап қалады.. Өз бақытынан ел бақытын артық санаған Зарина сұлу (сақ патшаймы Зарина сұлу б.з б. дейінгі V ғасыр). Мадия патшасының баласы Мадия патшасының баласы, Ханзаданың ұнатуы. Күйеуі Мөрмөрдің Ханзаданың қолынан қаза табуы. Бұнда да елінің еркіндігін, бақытын бірінші орынға қояды. Тұмар мен Зарина үлгісінің Қарлыға, Гүлбаршын, Гүләйім бейнелерінде сақталуы.
Көшпелі сақтардың ұлы, әйгілі шешен Анақарыс (Анахарсис).
Ғұн билеушісі Мөде (Мөте, Боғда) ерліктері жайлы аңыздар. Ғұндардың Мөде деген батыр ханы болған(б.з.б 209-174-жыл). Жер елдің байлығы. Өз байлығымды берсем де ел байлығын бере алмаймын деп қытайлармен соғысып, тас талқан етеді. Ғұндардың жаңа туған айға, күнге табыныуы қазақтарда да бар.
Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (V-VIII ғ.ғ.)
Бұмын қағанның (Елхан) түрік тайпаларының басын қосып, Түрк қағанатын құрған. Бұмынның мұрагерлері Мұқан қаған мен Естемі. Елтеріс қағанның түріктерді тауғаштардан азат етуі. Күлтегін мен Білге қаған, Тоныкөктің тұсындағы Түрк қағанаты.
Түркілердің киетегі (төтемі) — «Көк бөрі» аңыздары. Есіктен табылған заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар мен жазба деректер. Алтын адамның жанындағы тостағандағы жазу. «Аға, саңа очуқ! Без чөк! Бүкүн ічре азұқ» — сөздерінің мағынасы мен мәні. Ондағы көркемдік ойлаудың көріністері.
Деректі жазу бар жерде әдебиет болатындығы. Орхон ескерткіштері (VІІІ), (оның жазылу себебі. Зерттелуі. Ескерткіштің кілтін табудағы Дания ғалымы В.Томсен мен В.В.Радловтың еңбектері).
Бұмын қаған құрған «Түркі қағанаты» шамамен 630-680 ж.ж. көршілес ел – Тауғаштарға тәуелді болып, Елтеріс хан тұсында қайтадан бостандыққа қол жеткізеді. Елтеріс қайтыс болғанда, артында қалған ұлдары Білге мен Күлтегін жас болған. Бұл туралы жырдағы үзінді:
Әкем қаған өлгенде,
Інім Күлтегін жеті жаста қалды.
Он жаста Умай текті шешемнің бағына
Інім Күлтегін ер атанды.
Сондықтан Елтерістің інісі – Қапаған таққа отырады. Ол қаза тапқаннан кейін, Білге таққа отырып, хан (қаған) болады, ал Күлтегін – әскербасы болады. Тоңықұқ – Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың кеңесшісі болған.
Орхон ескерткіштері – осы тарихи тұлғаларға арнап орнатылған тастағы жазулар. Орхон-Енисей өзендерінің аңғарында табылғандықтан осылай аталған. Таста «Түркі Білге қағанның еліне арнап жаздырдым. Мен — Тоңұқұқ»(«Тоныкөк»)деген жазу кездеседі.
Негізгі ойы – елдің тәуелсіздігін, береке бірлігін сақтауға шақыру және ел қорғаған батырлар мен көсемдерді дәріптеу.
Білге қаған халқының қамын ойлап, күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған Елбасы.
Тонықұқ бейнесі «Оғыз қаған жырындағы» ұлық түрік және қазақтың Бұхар жырауымен ұқсас. Қара Ертісті жайлаған қарлұқтардың Сәбек тайпасынан шыққандығы. Тонықұқ сол кездегі түрк қағанатының саяси-әлеуметтік және әскери ісінің барлығын өз қолынан өткерген дана абыз.
Тапқандар: швед Иоганн, орыс ғалымы Н.М.Ядринцев(ХVІІІ-ХІХ).
Тұңғыш оқыған – даниялық ғалым Вильгельм Томсен.
Орысшаға аударғандар: Радлов, Милиоранский, Малов, Стеблева.
Тасқа жазылған бұл жазулар руналық жазулар деп аталады.
Көк тәңіріне, Күнге табынған. Құрбандыққа жылқы соятын болған. Ондағы мақсаты – ең жүйрік жануар саналатын жылқы – адамның тәңірге деген ризалығы. Көкке, Күнге тез жеткізеді деп ойлаған. Ғұндар ата-баба рухын сыйлап, оны өздеріне қиын-қыстау сәтте медеу тұтқан.
(Орхон жазуларының жанры. И.В.Стеблеваның, Қ.Өміралиевтің, Ғ.Айдаровтың, М.Жолдасбековтың пікірлері. Жырдың қазақтың дәстүрлі эпосымен ұқсас екендігі. Ортақ ұқсастық бірліктері: тақырыбы, көтерген мәселесі, көркемдеу тәсілдері, сөз қолданысы тұрғысынан қарастыру. Жырдың туындыгері кім? Йоллық тегін, Тонықұқ туындыгерлігі жөніндегі пікірлер. «Тегін» және «құл» сөздерінің мағынасы (Қашқари сөздігінде) тәжірибелік сабақта талданады).
«Күлтегін» жыры
Күлтегін 731 жылы қой жылының 9-айының 17-күні дүние салып, 27 күні жерленеді. Күлтегіннің немере інісі, әрі ақын-жырау Йоллығ шеберлерді жинап, 732 жылы Күлтегін басына құлпатас қойдырады. Ескерткіш мешін жылы, 7-айдың 27-күні аяқталған. Бұл ескерткіш бүгінде бізде, ЕҰУ- де тұр.
Күлтегін –негізгі кейіпкер. Жырдың үнемі өсу, даму үстінде көрінеді. 7 жаста жетім қалады, 10 жаста ер атанады, 16 жаста ел қайғысы мен кегін қуады, 21 жасында өзіне бір оқ дарымастан соғыстан аман шығады, 26-сында қырғыздарды жеңеді, әрі қарай түргештермен соғысып, тағы да жеңіске жетеді, 30-ында қарлұқтарды, 31-інде аздарды қиратады, 47 жасында қайтыс болады.
Елтеріс –Күлтегіннің әкесі.
Білге қаған – Күлтегіннің ағасы.
Тоңықұқ – Білге қағанның төбе биі.
2.«Қорқыт ата кітабы» (VІІІ ғ.)
Қорқыт ата Сыр бойындағы Жанкент қаласында (қазіргі Қызылорда облысы) дүниеге келді.
Ол – қобыз атасы, күйші, жыршы, қазақтың алғашқы ақыны (Ш.Уәлиханов). оғыз тайпасынан шыққан. Оғыздардың ақылшысы, данышпан сәуегейі болған. Өмірі жайлы нақты деректер жоқ. Ол туралы көптеген аңыздар жеткен.
«Қорқыт ата кітабы»
Бұл шығарма – ХV ғасырда жазылған Қорқыт туралы жазба дерек. «Қорқыт ата кітабын» тұңғыш зерттеуші – неміс ғалымы Н.Ф.Диц.
«Қорқыт ата кітабының» екі нұсқасы сақталған:
1. Дрезден нұсқасы (12 жырдан тұрады);
2. Ватикан нұсқасы (6 жырдан тұрады);
«Қорқыт ата кітабы» былай басталады: «Баят руында Қорқыт ата» дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңір зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары қатесіз болған… оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен».
«Қорқыт ата кітабындағы» жырлар:
«Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр»;
«Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр»;
« Оғыз қаған жыры» т.б.
(Тәжірибелік сабақта шығарма талданады).
3. «Оғызнама» («Оғыз қаған» жыры) дастаны (ІХ ғ.)
«Оғызнама» дастаны – ІХ ғ. Жетісу, Сыр бойында кеңінен таралған туынды. ІХ ғ қағаз бетіне түскен. Каир, Ыстамбұл, Лондонда оның араб, ұйғыр тіліндегі нұсқалары сақтаулы. 1959 ж Мәскеуде М.Щербак ұйғыр тіліндегі нұсқасын бастырды.
– «Оғызнама» қырықтан астам хикаядан тұрады. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы оқиға баяндалады.
– Жырда оғыздар Көк Тәңіріге табынып, өздерін Көк бөріден таратады.
– Оғыздар «көк» түсті қасиетті санаған.
– Ұлық Түрік — Оғыздың кеңесшісі.
– Айқаған – Оғыздың анасы.
(Тәжірибелік сабақта шығарма талданады).
Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары
1. «Түрік» сөзінің мәні
2. Орхон немесе руна деп аталатын жазулар
3. Орхон жазуындағы жәдігерліктерді қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеушілер, еңбектері.
4. Көне түрктердің наным-сенімі, өмір туралы түсінігі. Көк Тәңіріне сыйынуының көріністері.
5. Күлтегін жырының көркемдік ерекшеліктері
6. «Қорқыт ата кітабындағы» жырлар
7. «Оғызнама» дастаны туралы өз пікірің
Әдебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар
1. Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті ежелгі дәуірі. Оқулық. –А.1986.
2. Ежелгі дәуір әдебиеті. Бірінші кітап. Хрестоматия. / Құрастырған А.Қыраубаева/. –А.1991.
3. Келімбетов Н. Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия. –А.,1996.
4. Жолдасбеков М. Асыл арналар. –А.,1986