Тыңдаймыз. Оқимыз
Сөздік қор Денсаулық, бағалы дүние, зор байлық, нығайту, салауатты өмір, ғалым, басты міндет, ағза, көңіл-күй, қоғам байлығы, қоршаған орта, ықпал ету, денсаулық сақтау, мәлімет, көмекке тәуелді, дұрыс тамақтану, уақытында демалу, дене қимылымен айналысу, жасы ұлғайған адамдар, майлы тамақтар, қажетті дәрумендер, шамадан тыс, ағызамызға зиян, таза ауада серуендеу, күнделікті жұмыста, дәрі-дәрмектер, жазылып кету, темекі шегу, қатерлі ісік, ең қорқыныштысы, төрт шарт, жаттығулар жасау, дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу, демала білу.
Ой түрткі
-Денсаулық сақтау үшін не істеу керек?
-Салауатты өмір сүру дегенді қалай ойлайсыз?
-Денсаулықтың жақсы болуы кімге байланысты?
-Сіз өз денсаулығыңызды қалай сақтайсыз?
Тыңдаймыз. Оқимыз
Мәтінді таспадан тыңдап, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
Денсаулық – баға жетпес байлық
Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.
Денсаулық – зор байлық!
Денсаулық табиғаттың ең қымбат сыйы.
Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40% экологияға, 40% өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20% ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен. Денсаулық сақтаудың алдын
алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс-жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Шамадан тыс көп тамақтану да ағзамызға зиян. Ал, спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.
Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?
Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себепкер болады. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды», -деген болатын.
Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты — бақытты өмір сүру!
Жазамыз. Оқимыз
1. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз.
Денсаулықтың мықты болуы …… . Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, …….. . ………… дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Шамадан тыс көп тамақтану ….. . Күнделікті жұмыста жүргенде, …………. . Дені сау адамның көңіл-күйі …….. . Күн сайын таңертең үйдің ….. …….. тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Денсаулық мықты болу үшін ………….. . Олардың құрамында адам ………… . Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы …….. .
2. Мәтіндегі етістіктердің орыс тіліндегі баламасын тауып, нақ осы шақта сөйлем құрыңыз
Қарастыру, құлшына кірісу, тамақтану, демалу, айналысу, көңіл бөлу, пайдалану, спортпен айналысу, жақсарту, жүгіру, серуендеу, жаттығулар жасау, жазылып кету, тырысу.
Грамматика
Мен спортпен айналысып жүрмін
Сөйлейміз. Жазамыз
3. Берілген сөз тіркестерін оқыңыз. Түсініңіз. Көшіріп жазыңыз
■ Адам өмірі
■ Бағалы дүние
■ Өмірдің шаттығы
■ Зор байлық
■ Денсаулықты сақтау
■ Үнемі нығайту
■ Басты міндет
■ Ағзаларға жолатпау
■ Көңіл-күйдің эсері
■ Аурудың алдын алу
■ Валеологияның міндеті
■ Салауатты өмір сүру салты
4. Берілген сөйлемдерді окыңыз. Түсініңіз. Қатесіз
көшіріп жазыныз.
1. Денсаулық — адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние.
2. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты.
3. «Денсаулық — зор байлық», — дейді қазақ.
4. Денсаулықты сақтап, оны үнемі нығайтып отыру керек, — дейді
ғалымдар мен биологтар.
5. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты
міндеті.
6. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінэлі.
7. Ауруды апаларға жолатпау адамдардың өз қолында.
Денсаулыктың нашарлауына көңіл-күйдің де әсері зор.
8. Денсаулықты қалай сактау керек?
9. Осы сұрақтарға жауап беру — валеологияның міндеті.
10. Валеология — денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым.
Суретпен жұмыс.
5.Берілген сөздерді пайдалана отырып сөйлем құраңыз.
Спорт, спортшы, күрес, былғары, қолғап, доп, жүлдегер, ойын, спорт залы, спорт мектебі, жаттықтырушы, футболшы, боксшы, жарыс, байқау, жеңімпаз, бағдарлама, еңбекқор, жігерлі, мықты, палуан.
Жазамыз.
6. Етістіктерді қатыстырып, ауыспалы осы және бұрынғы өткен шақта сөйлем жазыңыздар.
Ойлану, жүгіру, тебу, жасау, үйрену, айналысу, жаттығу, шынығу
Грамматика
Мен спортпен айналысқанмын (айналысамын)
7. Рим цифрымен берілген ғасырлар атауын сөзбен жазыңыздар.
XIX ғасыр –он тоғызыншы ғасыр XVIII ғасыр_______________
XV ғасыр -________________ XIX ғасыр_______________
XVI ғасыр-_______________ XX ғасыр________________
XVII ғасыр-________________ XXIғасыр-________________
8. Берілген сандарды қатыстырып, сөйлем құраңыздар.
7 рет – жеті рет
3, 15, 231, 2010, 19314
Пікірталас
9. Топтық жұмыс.
Тақырыпты талқылаңыздар.
Қай спорт түрін олимпиада бағдарламасына енгізер едіңіздер? Неге?
Тыңдаймыз. Оқимыз
10. Полилогті тыңдаңыздар.
Әуесқойлық
Мехмет: -Сен бос уақытыңда немен айналысасың?
Радмир: -Маған бокс ұнайды. Мен белгілі боксшылардың суреттерін жинаймын.
Мехмет: -Сенде барлық боксшылардың суреттері бар ма?
Радмир: -Иә, тек қана Серік Сәпиевтің суреттерін таба алмай жүрмін.
Ал сен немен әуестенесін?
Мехмет: -Мен спортшылардың өмірі туралы кітап оқығанды ұнатамын.
Әнуар: -Ал мен үнемі олимпиада символдарының суреттерін сатып аламын. Бекжанды не қызықтырады екен?
Бекжан: -Мен спорт машиналарының түрлерін жинаймын.
Радмир: -Маған бір қызық ой келді. Келесі айда “Менің әуес ісім” тақырыбына көрме ұйымдастырайық. Өте қызықты болады.
Әнуар: — Келістік.
Сұраққа жауап беріңіздер.
1. Достар не жайлы әңгімелесті?
2. Оларды не қызықтырады?
3. Сіз бос уақытыңызда немен айналысқанды ұнатасыз?
Кітаптың бетін жабыңыздар. Диалогті тағы бір рет тыңдаңыздар. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Радмирді не қызықтырады екен?
2. Мехмет немен әуестенеді?
3. Әнуар бос уақытында немен айналысады?
4. Радмир нені ұсынды?
Сөйлейміз
11. Топтық жұмыс.
Қазақстанның футболы дамымай жатыр.
Бірінші топ бұл оймен келіседі.
Екінші топ бұл оймен келіспейді.
Пікірлеріңізді дәлелдеңіздер.
Оқимыз
12. Мәтінді оқыңыздар.
Еркін күрес
Күрес — ұлттық спорт түрі. Еуропада грек – рим күресі, ал Азия мен Шығыста еркін күрес жақсы дамыған.
Қазіргі кезде елімізде спортқа ерекше көңіл бөледі. Жасөспірімдер мен жастар еркін күреспен жиі айналысады.
XX ғасырдың аяғында елімізге гольф, теннис, велоспорт және бильярд ойындары келді. Бұл спорт түрлерін дамытуға мемлекет ерекше назар аударуда. Спорт кешендері, гольф және теннис алаңдары салынды.
Біздің еліміз теннис пен велоспорт бойынша жақсы көрсеткіштерге ие. Биыл Лондонда өткен велоспорт жарысында А.Винокуров “Алтын медальді” жеңіп алды. Ол Қызылжар қаласында дүниеге келді.
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Әңгіме не туралы?
2. Гольф ойыны туралы не білесіздер?
3. Еліңіздегі спорт жетістіктері туралы не білесіздер?
Жазамыз
13. Берілген суреттер бойынша спорт түрлерін жазыңыздар.
Суреттерді пайдаланып, спорт түрлеріне қатысты сөздерді жазыңыздар.
14. Өздеріңізге ұнаған суретті таңдап, диалог жазыңыз.
15. Өздеріңіз құрған диалог бойынша, сұрақтар құрастырыңыз.
16. Сөйлем құрыңыздар. Грамматика
Менің досым
спортшы. Ол адам
17. Кестені толтырыңыздар.
№ Адамны қасиетіне байланысты өздеріңіз білетін сөздерді жазыңыздар Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсідіріңіздер
1 Боксшы -денесі шыныққан, қиындықты жеңе білетін қайратты, еңбекқор
2 ______________ -тәртіпті талап ететін, өзіне де, басқаға даталап қоятын адам
3 ______________ -ең жақын, сенімді адам
4 ______________ -туыстарын ойлап, оған көмек бергісі келеді
Оқимыз
18. Тілшінің Еркежан мен Алдиярдан алған интервьюін рөлдерге бөлініп оқыңыздар.
Тілші: — Сәлеметсіз бе, Еркежан? Байқау жеңімпазы болғаныңызбен құттықтаймын!
Еркежан:- Рақмет!
Тілші: — Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
Еркежан:-“Бурабай” спорт кешеніне барып, теннис ойнаймын.
Тілші: -Солай ма? Болашақ жоспарыңыз қандай?
Еркежан:-Мәскеуде өтетін шахмат ойындарына қатысуды жоспарлап отырмын.
Тілші: -Алдияр, бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?
Алдияр: -Бос уақытымда спортпен айналысам, бассеинге жиі барамын.
Тілші: -Болашақта кім болғыңыз келеді?
Алдияр: -Болашақта ақпараттық технология саласының маманы болғым келеді.
Тілші: -Қандай жоғары оқу орнына түскіңіз келеді?
Алдияр: -Қазақ – Британ технологиялық университетінің студенті болсам деп армандаймын.
Мәтінді таспадан тыңдап, түсінгеніңізді әңгімелеңіз.
19. Жұппен жұмыс.
Үлгі бойынша бір –біріңізден интервью алыңыздар.
Жазамыз
20. “Салауатты өмір салты” тақырыбына шағын әңгіме жазыңыздар.
Сөйлеу жағдаяттық тапсырма
Илья Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясында оқиды. Оның дипломдық жұмысының тақырыбы “Спорттағы жетістіктерге жетудің негізгі жолы – табиғи тамақтарды пайдалану”. Сіз оның диплом жұмысын қорғау сәтін көрсетіңіз.