Сабақтың мақсаты: Дипломатиялық өкiлдiктерiнiң және
қызметшiлерiнiң иммунитетi мен басымдылығымен танысу.
Жоспар:
- Дипломатиялық иммунитеттiң теориясы: экстерриториялық
теориясы, функционалдық қажеттiлiк теориясы, өкiлдiк теориясы.
- Дипломатиялық қызметшiлерiнiң жеке басымдылығы мен
иммунитеттерi. Жеке басына қол сұқпаушылы: қылмыстық, азаматтық
және әкiмшiлiк iстерi юрисдикциясынан алып қою
- Дипломатшылар мен елшiлiктерге қарсы террорлық әрекетiн
жасайтындармен қарсы күрес жүргiзу
- Дипломатиялық иммунитеттiң теориясы: экстерриториялық
теориясы, функционалдық қажеттiлiк теориясы, өкiлдiк теориясы
Иммунитет дегенiмiз-ол, латын сөзiне алынған (immunitas) тәуелсiз, тартылмайды деген мағынаны бiлдiредi.Иммунитет деп мемлекет басшыларының, үкiмет басшылары мен мүшелерiнiң, шетел мемлекеттерiнiң парламент мүшелерi мен өкiлдерiн, сондай-ақ шетелдегi мүлiктер мен мемлекеттiк кемелердiң дипломатиялық өкiлдiк орналасқан елдiң сотының, қаупсiздiк қызметiнiң қаржылық аппаратынынң мәжбүрлi әрекетiненқорғалуын, оның iшiнде талап-арыздың, қамаудан, тiнтуден, жауап және.т.б.қорғалуын айтады. Экстерриториялық дегенiмiз-ол, елшiлiк орналасқан елдiң белгiлi бiр жер аумағын сол елшiлiктiң юрисдикциясына берудi айтады. Бұл сол келген елдiң билiк органдары жүзеге асырады. Елшiлiкке баспана, ғимаратты берудi ұйымдастырады.
- Дипломатиялық қызметшiлерiнiң жеке басымдылығы мен
иммунитеттерi. Жеке басына қол сұқпаушылы: қылмыстық,
азаматтық және әкiмшiлiк iстерi юрисдикциясынан алып қою
Дипломатиялық қызметшiлерiнiң жеке басымдылығы дегенiмiз-ол, келген елдiң жергiлiктi билiк органдарынан: соттан, тергеу,анықтау, тексеру т.б. қорғануы мен жауап алуға, жауапқа тартылудан қорғалуын айтады.Иммунитеттер мынадан тұрады: елшiлiк резиденциясына қол сұқпаушылық; жеке басына қол сұқпаушылық; баспанаға қол сұқпаушылық; юрисдикциядан иммунитет; салықтық иммунитет; кедендiк иммунитет; дипломат жанұя мүшесiне де осы аталған иммунитеттiң таралуы.
- Дипломатшылар мен елшiлiктерге қарсы террорлық әрекетiн
жасайтындармен қарсы күрес жүргiзу
1961 ж.,18.04.Вена Конвенциясының 27-бабы бойынша: Диаломаьтиялық елшiлiк мекемесiн сол келген мемлекет күзетуге мiндеттi болады. Сонымен қатар сол келген елдiң органдары қастандық жасау әрекеттерiнен қорғауға мiндеттi болады. Қазiргi терроршыдықпен күресу ол өте өзектi мәселе болуда.
Әдебиеттер:
1 Бельсон Я.М.Интерполд в борьбе с премступностью.М.,Наука.1989.-239с.
2 Блищенко И.П.Дипломатическое право. М: Высшая школа,1990.-287с.
3 Бобылев Б.В.,Зукбков Н.Г.Основы консульской службы.М., Международное
отношения,1986.-125 с.
4 Боярс Ю.Р. Вопросы гражданства в международном праве.М., Международное
отношения,1986.-160с.
5 Васильевская Э.Г.Правовые прорблемы освоения Луны и планет.
М:Наука.,1986.-224с.
Бақылау сұрақтары:
- Иммунитет дегенiмiз не?
- Жеке басына қолсұқпаушылық дегенiмiз не?
- Елшiлiк пен консулдықты қорғаудың маңызы неде?