Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың сөздердің байланысу түрлері туралы алған білімдерін нығайту,бір жүйеге келтіріп қорыту,теориялық білімін бағалау.
Дамытушылық: ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды туған тілі-қазақ тілін қүрметтеуге, дамытуға, адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,тірек сөздер,тірек сызбалар,кесте.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
- Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақ бойынша жаттығу.
- Сабақты пысықтау.
- Бағалау.
- Үйге тапсырма.
Үй тапсырмасын сұрау.
1.Сұрақтар:
1.Сөздердің байланысу тәсілдері қандай?
2.Сөздердің жалғау арқылы байланысу тәсіліне он сөз тіркесін жаз(2 мин.)
- Шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін жаз.
- Орын тәртібі арқылы байланысқан он сөз тіркесін жаз.
- Интонация арқылы байланысқан сөздер.
- Көркем шығармадан жазып келген сөйлемдердегі сөздердің байланысу тәсілін талдау.Мысалы: Аймен аталас емеспіз,күнмен баталас емеспіз,бұлтпен туысқанымыз жоқ,сол күні жауған жаңбырмен жуысқанымыз жоқ.
Сөз тіркесі Байланысу тәсілі
Аймен аталас Ай+мен көмектес септік жалғауы
Күнмен баталас Күн+мен көмектес септік жалғауы
Бұлтпен туысқанымыз жоқ Туыс-қан-ымыз т.ж 1 жағы
Жаңбырмен жуысқанымыз жоқ жаңбыр+мен көмектес септік жалғауы
Сол күні жауған орын тәртібі арқылы.
Аталас емеспіз орын тәртібі арқылы
Жаңа сабақ: Сөздердің байланысу түрлері
(1) Қиыса байланысқан сөз тіркестері. қиысу
|
2.Матаса байланысқан сөз тіркестері. матасу
|
3.Меңгере байланысқан сөз тіркестері. меңгеру |
4.Қабыса байланысқан сөз тіркестері. қабысу |
5.Жанаса байланысқан сөз тіркестері. жанасу |
|||||||||||||||||||||||||||||
Баяндауыштың бастауышпен жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. |
Біріншісі зат есім немесе затталған сөз ілік септік жалғауында, екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысу. |
Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан түрі. |
Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысқан түрі. |
Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысуы. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр. |
Ана тілі-бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. |
Экологияны сақтайық, соған ат салысайық. |
Мәліктің талдырмаш жас денесі баяғы сол арықтау қалпында. |
Шақырылған қонақтар кештете келді. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Санжар көрсете алмай жүр
бастауыш баяндауыш
қиысу |
Атаңның тілі Анаңның тілі Халқыңның тілі
Ілікжалғаулы тәуелдік сөз жалғау III Жағы матасу |
Экологияны сақтайық
табыс жалғаулы етістік сөз етістікті меңгеру |
Талдырмаш денесі
сын есім зат есім
арықтау қалпында
сын есім зат есім есімді қабысу |
Кештете келді
үстеу етістік
жанасу |
Тапсырмалар:
1 –тапсырмасы.
1.Мәтіннің мағынасын түсініп оқы.
Мәтін ішінен сөз тіркестерін жасап,байланысу түрін анықта.
Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі-көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші-сол нәрсені көргенде, я естігенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұншығып, ынтамен ұғу керек. Үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші-ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
А. Құнанбайұлы.
Отыз бірінші сөз.
Үлгі: Естілген сөзді қабысу есімді;
2 -тапсырмасы.
- Сөйлемді дұрыс құра.
Сөздердің байланысу түрін анықта.
а) болса, ауылында, қарияң,
тең, хатпен, қойған, жазып
б) жетпіс, де, адамға, өнер, жігіт, аз
в) інінен, сөйлесең, жылан, жылы — жылы, шығады.
- Сөздердің байланысу түрін сызба түрінде көрсетіп түсіндір.
3-тапсырмасы
- Бүгінгі сабақ барысы туралы ой толғау жазу.
- Шығарма тақырыбы:
- Адал достық.
- Табиғат аясында.
- Басты байлық — денсаулық.
ТАПСЫРМА: СУРЕТТЕ
Салыстыр /кубизм стратегиясы бойынш
4 4
|
- Суретте. Өз досының бейнесі.
- Салыстыр. Сөздердің байланысу тәсілдерін салыстыр.
- Суретте. Табиғат көрінісі.
- Салыстыр. Сөздердің байланысу түрлерін салыстыр.
«ТОПТАУ» СТРАТЕГИЯСЫ:
ТЕСТПЕН ЖҰМЫС
- Матасуды табыңыз.
А. Он күн. Д. Жылы сөз.
В. Көкке қарады. Е. Қаланың іші.
С. Ұзын бойлы.
- Есімді қабысу.
А. Қара шашты Д. Дауыстап сөйледі
В. Жоғары шықты. Е. Жақсы оқиды.
С. бырт-бырт үзді
- Меңгеруді белгіле.
А. Жас-кәрінің тілегі Д. Ертелі — кеш дайындалды.
В. Ұлжан да күлді. Е. Бақытты болашақ.
С. Бөжейді жоқтады.
- Қиыса байланысқан сөз тіркесі.
А. Бағдарлап қарады. Д. Бірге дайындалды.
В. Отанға оралу. Е. Сәбит дайындалды.
С. Жіп-жіңішке темір.
- Жанасуды тап.
А. Күз аспаны. Д. Қалың кітап.
В. Үй іші. Е. Сіз барасыз.
С. асығып-үсігіп киінді.
- Орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркесі.
А. Хат арқылы жеткізді. Д. Туған жерге.
В. Ұстазымнан үйрендім. Е. Абайды оқыдым.
С. Марат-студент.
- Жалғау арқылы байланысқан сөз тіркесі.
А. Қаз-қатар тізілді. Д. Сен үшін келдім.
В. Сіздің арқаңызда. Е. Кеңесіп пішкен тон
С. Екпінді жел.
- Интонация арқылы байланысқан сөз тіркесі.
А. Тарс-түрс дауыс. Д. Бұл — жігіт.
В. Қып — қызыл көйлек. Е. Қара торы.
С. Оспан кіріп келді.
- Сөздердің байланысу түрлері қанша?
А. 5 Д. 6
В. 4 Е. 2
С. 3
- Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің тіркесуі.
А. Матасу Д. Жанасу
В. Меңгеру Е. Қиысу
С. Қабысу
ТЕСТ ЖАУАПТАРЫН КЕСТЕГЕ МЫНАДАЙ БЕЛГІ БОЙЫНША БЕЛГІЛЕ (•)
|
А |
В |
С |
Д |
Е |
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
|
10 |
|
|
|
|
|
- Сабақты пысықтау.
- Оқушыларды бағалау.
- Үйге тапсырма:
Көркем шығармалардан сөйлем жазып, сөздердің
байланысу түрін ажырату.