«Айшуақ» санаториялық бөбекжай» КММ
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:
«Өз денсаулығың — өз қолыңда!»
(ересектер тобы)
Тәрбиеші : Насихатова А. У
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Роганова Н. В.
Ән-саз жетекшісі: Писахова Л. Г.
Міндеттері:
— өз денесінің құрылысы туралы көзқарасын қалыптастыру;
— салауатты өмір салтының қажеттілігі;
— жұмыс барысындағы барлық әрекет түрінің дұрыс орындалуы;
-қос аяқпен құрсаудан-құрсауға алға жылжи отырып секіруді жаттықтыру;
— «жыланша» жүгіру, кеглиді айналып өту;
-екі қолмен допты лақтырып және ұстап алу, белгіні нақты сезіну;
— өз ағзасын «ести» және «тыңда»» білуге үйрету;
— достық қарым-қатынасты тәрбиелеу;
— қабылдауды жетілдіру;
-есту сезімдерін жаттықтыру;
-сезім және көру, иіскеу, дәмнің көмегі заттарды зерттей білуге машықтандыру.
-би қимылдарын, әуенді ойын қимылдарды орындауға ынталандыру;
-әнді табиғи дауыспен, мәнерлі, салмақ салмай, әндетіп ән салу;
-музыканың ауысуына назар аударту.
Керекті құралдар:
— «Көңілді адамдар» ойыншықтары: Қарашық, Иісшіл, Құлақ, Дәм;
— «Көңілді адамдарына» төрт үйшік;
— әрқайсысына қоңырау;
— кемпірқосақ бейнеленген эмблема;
— сарымсақ, апельсин, шоколад салынған киндер сюрприз қорапшалары;
— айна,
-көз және мұрын құрылысының сызбасы;
— пайдалы тағамадрының муляждары;
— 2 үлкен доп;
— 10 үлкен кеглилер;
— балаларға сурет салуға түрлі-түсті фломастерлерімен ватман қағазында адам бейнесі;
— 8 дене бөлшектері туралы жұмбақтар;
— әуенді заттар.
Оқу іс-әрекет барысы:
Залға балалар кіреді. Қонақтарға «Сәлеметсіңдер ме!» деп амандасады.
Асықпайық, саспайық,
Оқуды біз бастайық!
Балалар залға маршпен кіріп, бір рет периметрмен айналып өтеді де, шеренгіге қонақтарға қарап тоқтайды.
Тәрбиеші: Қымбатты балалар, бүгін біз сендермен денсаулық туралы әңгімелесуге жиналдық. Адамның дені сау болуы керек. Ал осы денсаулық қайда тығылған екен? Бұл қиын сұраққа біз, Денсаулықтың сиқырлы еліне саяхат жасаған соң жауабын ала аламыз. Ал бізге көңілді де, күлкілі адамдар көмектеседі.
Музыка ойналады.
Тәрбиеші: Естисіңдер ме, әуен естіледі. Көздеріңді жұмып, көз алдарыңа елестетіңдерші, үлбіреген ұлпа құс қауырсынына ұқсап жеңіл Сиқырлы елге ұшып барасыңдар.
Балалар көздерін жұмады да, теңселеді.
Осы кезде дене шынықтыру нұсқаушысы үйшіктерді орналастырады.
Тәрбиеші: Мінеки, Сиқырла елге де келіп жеттік.Қаншама әртүрлі үйшіктер бар! Кәнеки, біріншісіне барып, кім тұратынын білеміз бе?
Осы кезде дене шынықтыру нұсқаушысы қолында ойыншығы бар үйшіктен шығады. Балалармен амандасады.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдар, қандай көңілді де, күлкілі адам. Оның не ерекшелігі бар?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Дұрыс. Мына адамның аты – Құлақ, өйткені оның құлағы үлкен. Ал, құлақ не үшін қажет?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Расында да, құлақ біздің бір-бірімізді, теңіз шуылын, құстар әнін ести алуымызға көмектеседі. Ал, сендер мұқият тыңдай аласыңдар ма?
Құлақ сендерге қызықты ойын «Затты дыбысы бойынша таны» дайындап қойды. Келіңдер ойын ойнайық.
Шарты: Балалар екі командаға тұрады. Әр команданың себетінде әуенді заттар бар. Әр қатысушы дыбысты естуі керек, мысалы, сылдырмақтар. Сылдырмақты себеттен алып, кедергілерден өтіп, бос себетке салуы керек. Балалар қос аяқпен құрсаудан-құрсауға алға жылжи отырып секіріп барады.
Ойын: «Затты дыбысы бойынша таны»
Тәрбиеші: Қай дыбыс сендерге көп ұнады.
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Біздің Құлаққа қоңырау үні өте қатты ұнайды және де ол сендерге сыйлық дайындап қойды.
Қорапшаны ашады, оның ішінде қоңырау жатыр. Қоңырауды соғып, үнін естуді сұрайды. Ал біз Құлақ екеуміз сендерге қоңыраумен әсем ән салып береміз.
Ән жетекшісінің таңдауымен ән.
Балалар Құлақпен қоштасады. Екінші үйшікке жақындайды.
Тәрбиеші: Қызық, бұл үйшікте кім тұрады екен?
Осы кезде дене шынықтыру нұсқаушысы қолында ойыншығы бар үйшіктен шығады. Балалармен амандасады.
Тәрбиеші: Ал мына адамның аты –Қарашық. Айтыңдаршы, көз не үшін қажет?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Дұрыс, көз, оқуға, мульфильм қарауға, бір-бірімізді көруге, жүруге, сүрінбеуге үшін қажет.
Көздің қарапайым сызбасын экраннан көрсетеді.Оны қарауды ұсынады. Балалар көздің бөлшектерін атайды.
Тәрбиеші: Айнаны қолдарыңа алып, көздеріңді мұқият қараңдар. Жоғарғы қабақтың кірпіктерін табыңдар, төменгі қабақтың кірпіктерін, көздің қарашығын табыңдар. Көздеріңнің қарашығының түсі қандай?
Қарашықтарыңа қараңдар. Түсі қандай? Дұрыс, әркімнің көзінің қарашығы әртүрлі болды. Біреудікі қоңыр, қара, жасыл, көк т.б. Наталия Владировнаның көзі — қой көз. Біздің көзіміз сау болсын десек, көзге арналған жаттығулар жасайық.
Жәй музыка ойналады. Көзге арналған жаттығу жасалады.
1.Көзді жоғары көтеру, төменге түсіру.
2.Оңға қараймыз, солға қараймыз.
3.Көзді айналдыру.
4.Көзді жұму, ашу.
Тәрбиеші: Көздеріміз тынықты, енді ойын ойнайық.
Ойын: «Қай пішін қайда тығылды тап»
Шарты: Мольбертте түсі мен көлемі бойынша пішіндер орналастырылған, тәрбиеші оларды қарап және естеріне сақтауды ұсынады.Балалар көздерін жұмады. Бір пішінді алып тастайды. Көздерін ашып, қай пішіннің жоқ екенін
балалар анықтайды.
Тәрбиеші: Қарашық маған, өзінің кемпірқосаққа қарағанды ұнататынын айтты. Қалай ойлайсыңдар, неліктен?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Расында да, кемпірқосақ өте әдемі, әртүрлі екен. Қарашықта бізге сыйлық әзірлеп қойыпты. Ол кемпірқосақтың бөлшегі. Біз оны қызықтайық. Балаларға кемпірқосақ бейнеленген эмблема таратады.
Балалар ән-саз жетекшісінің таңдауымен кемпірқосақ туралы ән айтады.
Үшінші үйшікке жақындайды.
Тәрбиеші: Мінеки, үшінші үйшікте тұр екен.
Онда Иісшіл адам тұрады.
Осы кезде дене шынықтыру нұсқаушысы қолында ойыншығы бар үйшіктен шығады. Балалармен амандасады.
Тәрбиеші: Қандай ерекше адам? Ол несімен ерекше?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Ия, расында оның мұрны үлкен екен. Келіңдер, қарайық.
Мұрынның қарапайым сызбасын көрсетеді. Балалар мұрынның құрылысын атайды (мұрын танауын, кеңсірігін, мұрын жақтауын көрсетеді).
Тәрбиеші: Қолдарыңа айнаны алып, өздеріңнің мұрындарыңа, танауларыңа қараңдар.Терең демалыңдар және демді кері шығарыңдар. Мұрындарыңның қалай қозғалатынына назар салыңдар.
Тыныс алу жаттығулары.
Иісшіл адамда бізге ойын дайындап қойыпты.
Ойын: «Жұмбақтар мен шешулері»
Шарты: Үстел үстінде үш поднос тұр. Біреуінде апельсин жатыр, екіншісінде сарымсақ, үшіншісінде шоколад. Әр балаға корапша береді.Оның ішінде үш киндер сыйлық қорапшасы бар. Біреуінде апельсин жатыр, екіншісінде сарымсақ, үшіншісінде шоколад. Балаларға әр қорапшаны иіскеу ұсынылады. Иісі арқылы ішінде не барын анықтап, тиісті подностарға әкеліп қою.
Иісшіл адам балаларға өздеріне ұнаған қорапшаларды алуды ұсынады.
Тәрбиеші: Ал, біздің балалар саған арнап ерекше би билеп береді.
Би: «Дененің бөлек бөлшектерінің биі»
Музыка ойналады, балалар шеңберге тұрады. Дене шынықтыру нұсқаушысы дене бөлшектерін атайды, балалар музыкамен қимылды орындайды.
Басымызды көтереміз, түсіреміз.
Иықты көтереміз, түсіреміз.
Жан-жаққа қарап, бұрыламыз.
Бөксемізді айналдырамыз.
Бір отырып, бір тұрып, серпілеміз.
1.Алға қадам басамыз.
Тәрбиеші: Мінеки, ең соңғы үйшік. Онда кім тұрады екен көрелік.
Осы кезде дене шынықтыру нұсқаушысы қолында ойыншығы бар үйшіктен шығады. Балалармен амандасады.
Бұл –Дәм. Ол барлық заттың дәмін татқанды ұнатады. Ал, сендер балалар білесңдер ме, дәмді сезінуге ненің көмекке келетінін?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Дұрыс. Тіл келеді көмекке. Тілімізде ұсақ бөлшектер бар. Сол бөлшектер дәмді сездіртеді.
Айнаны алып, өздеріңнің тілдеріңді мұқият қараңдар. Сонда сендер тілдегі ұсақ бөлшектерді көресіңдер. Балалар айнаға тілдерін қарайды. Енді ойын ойнайық.
Ойын: «Дәмді және пайдалы тамақты ата»
Шарты: Балалар екі командаға тұрады. Белгі бойынша кеглиді айналып жүгіреді, себетке келіп, муляжды алып, атап, келесі себетке салады да, жүгіріп орнына келеді.
Тәрбиеші: Дәм білгіш те сендерге сыйлық әзірлеп қойыпты. Қалай ойлайсыңдар, ол бізге қандай тағам береді тәтті ме, дәмді ме?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Дұрыс, шоколад.
Музыка ойналады. Залға Денсаулық періштесі кіреді.
Д. Періште: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бұл менің ең жақсы көретін сөздерім. Өмірде мен денсаулық тілегенді ұнатамын. Менің Денсалық сиқырлы елімдегі саяхаттарың ұнады ма? Ендеше сендерге менің ойынымда ұнайды.
Ойын: «Жұмбақты шеш те, адамның суретін сал»
Шарты: Балалар екі командаға тұрады. Ватман қағазында алдын-ала дайындалған: басы мен денесі. Балалар жұмбақтың жауабын шешіп, содан соң кезектесіп сурет салады.
Жұмбақтар:
Қара түнек қос үңгір
Діңгегі асу бермейді. (Мұрын)
Жар қабақта екі бастау,
Жапсар тастың астында
Жасыл ала құс жатыр. (көз)
Жас кезінде қара орман,
Жыл өткен сайын ағарған. (шаш)
Ғаудыр-ғаудыр шанашым,
Қартайғанша көрмедім. (құлақ)
Екі достың бірі ыңғайлы,
Біреуінен ебі жоқ.
Екеуін де бірдей көрем,
Маған артық-кемі жоқ. (қол)
Құрамалы сырық,
Берсең ырық.
Кетесің тұрып,
Барасың жүріп,
Қаласаң,
Отырасың бүгіп. ( Аяқ)
Д. Періште: Жарайсыңдар, балалар. Мені қуанттыңдар. Сендер дені сау адаммен, ауру адамды сипаттай аласыңдар ма?
Тәрбиеші: Кәнеки, ойын ойнайықшы.
Ойын: «Сөз таңда»
Шарты: Балалар екі командаға тұрады. Ойынды жүргізуші допты балаға лақтырады. Бала допты қағып алып, сын есімді атайды (сымбатты, бүкір, мықты, күшті, арық, семіз, епсіз, шырайлы, бозарған және т.б.). Содан соң допты жүргізушіге лақтырады, отырады. Жүргізуші допты келесі балаға лақтырады.
Д. Періште: Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы дұрыс орындадыңдар! Мен сендерге құпияны ашайын. Біздің денсаулығымыз- біздің қолымызда. Әркім өз денсаулығын қорғауы қажет. Денсаулықты сақтап және қорғау керек!
Музыка ойнайды.
Д. Періште: Мен сиқырлы әуенді естіп тұрмын. Менің кететін уақытым болды.
Денсаулық Періштесі кетеді.
Тәрбиеші: Денсаулық Періштесі бізге ең маңызды құпияны ашты. Қәнеки, барлығымыз оны қайталап айтайық.
Балалар: Өз денсаулығың-өз қолыңда!
Тәрбиеші: Сиқырлы елден қайтатын кезде келді.
Сиқырлы музыка ойналады. Балалар көздерін жұмады, жәй теңселеді. Дене шынықтыру нұсқаушысы үйшіктерді алып тастайды.
Тәрбиеші: Мінеки, өзіміздің балабақшамызға да келдік. Мынау балалар, көңілді адамдардан сендерге сыйлық.
Тәрбиеші сыйлық салған ыдысты алады, балалармен топқа кетеді.