Мәңгілік ел, Бір ел –бір тағдыр

«Мәңгілік ел, Бір ел –бір тағдыр» (Ұйымдастырылған тақырыптық оқу іс- қызметі)

Орындаған : Жумашова М. Х.
Ақтөбе қаласы.


Оқу іс-қызметінің мақсаты: Жас өрендерді елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған жаңа жолдауымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттарды түсіндіру арқылы өз елі мен жерін мақтаныш етуге , өткен тарихын біле отырып, Отанын сүюге , ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Міндеті: балалардың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту , жас ұрпақтың патриот- тық сезімін жандандырып, елін, жерін сүйіп , құрметтеуге жетелеу. Көрнекіліктер: Әнұран үнтаспа, Қазақстан картасы,Қазақстан рәміздері. Методикалық әдіс тәсілдер : Әңгімелесу,түсіндіру,жапсыру,ойнау,дидактикалық ойындар. Әнұран орындалады. Оқу іс- қызметінің барысы : Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді. Саламатсыздарма балалар ! Қош келдіңіздер қонақтар! Бүгінгі жаңа оқу жылы құтты болсын! Деніміз сау болып жаңа белестерге жете берейік! Бүгінгі күндерің құтты болсын! Бүгінгі «Мәңгілік ел, Бір ел-бір тағдыр» атты оқу іс-қызметін бастайық. «Ой-қозғау» .Сұрақтар қойып жауап алу. 1. Қазақстан қандай мемлекет. 2.Ел президенті кім ? 3. Еліміздің халқа қай тілде сөйлеу керек? -Ал ендібалалар «Күн сәулесі» ойынын ойнайық. -Бәріміз күндей жарқырайық ! -Бәріміз дос болайық! -Әрқашан күн сөнбесін ! -Деніміз сау болсын! -Еліміз аман болсын.! -Қайырлы күн қонақтар !
-Балалар бүгін бізде өте қызық болғалы тұр. Мен сендерге елтаңба мен ту туралы аңыз әңгіме оқып беремін.Отан туралы өлең,мақал-мәтел үйренеміз.
«Елтаңба мен ту туралы аңыз» Ерте заманда қазіргі Қазақстанның орнында Еркенүкен деген ел болған. Бұл елде екі ай мүйізді алтын қанатты арғымақтар болыпты .Қанатты арғымақтарды көшпенділер қолға үйретіпті .Содан бері «Ер қанатты ат» деген мақал алған. Осы асау арғымақтарды үйреткен жігіттерде керемет күш, жылдамдық, асқақ арман болыпты.Олар арғымақтарды мініп алып орман ,қырат тау елден-ел асып әлемнің жартысын жаулап алыпты.Рим мемлекетіне дейін жетіпті.Бірақ олар өз отанына ,өз еліне «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас» «Өз елімнің басы болмасамда сайының тасы болайын» деп елге қайтып оралып,киіз үй тігіп, шаңырақ көтереді. Олар киелі шаңырақты қос қапталмен орап,пәле жаладан, қауіп-қатерден қорғап тұрған.Биікке ұшқан қыран құс,қос арғымақтан былай деп сұрайды: -Басқа елде, басқа жұртта не көрдіңдер,не ұқтыңдар? -Көргеніміз көп, айтып жеткізу ұзақ,ал ұқанымыз әркімге өз Отаны жұмақпен тең .Отан оттанда ыстық екен.Қиялға серпілген қыран оларды мақұлдапты.Біз үлкен өз шаңырағымызды,өз отанымызды көтереміз -.Ендеше жолдарың ақ шаңырақтарың биік болсын.Мен сендерді аспан астындамадақтап жүремін. Біздер Қазақстан деген елдің мәңгілік белгілері болып қаламыз,Бақыт деген осы емеспе.Әр уақытта еліміздің туы жығылмасын.Ел тыныш болсын.Әумин,! -Ал енді балалар осы тумен елтаңбаға зейін салып қарайық.Осы белгілерді табар ма екенбіз!
-Балалар ертеде біздің ата-бабамыз жазу, сызу,санау білмеген,бірақ мақал-мәтел аңыз әңгімелерді ауызша таратып отырған.Бұл мақалдарда қазақ халқының тарихи өмірлік тәжірибесі,салт-дәстүрі,тиым сөздердің тәрбиелік мәні өте зор.Қане ел мақал мәтелдерді айтайық. -Өзге елде сұлтан болғанша, — Өз еліңде ұлтан бол! -Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. -Жері байдың елі бай
Релаксация.
Т : Балалар қолдарыңды алдарыңа қойып ,көздеріңді жұмып әуенді тыңдай отырып,еркін дем аламыз.
Т : Енді балалар мына картаға қараймыз бұл картада біздің отанымыз, жеріміз бейнеленген,Біздің жерімізде түрлі жануарлар мекен етеді .Қане осы жануарларды мекен ететін жерлеріне байланысты картаға орналастырайық.
-Балалар тапсырманы мұқият орындайды.
Т : Балалар біздер бүгін Отан ,ел, жер туралы көп айттық. Енді мына әулие ағашына ,әрқайсымыз өз тілегімізді арнап мына бауларды байлайық .Бірінші болып мен байлайын.
-Еліміз тыныш болсын.Әрі қарай балалар өз тілектерін айтып әулие ағашына бау байлап шығады. Мадина :Біздің бір ғана Отанымыз бар ол-Тәуелсіз Қазақ-стан. Еркеназ : «Мәңгілік ел» жасасын. Әміре: Көк туымыз желбірей берсін. Тәрбиеші: Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыр» болатынына сенемін. Тақырыптық оқу іс –қызметін қорытындылай келіп мадақтау сендер үлкен азамат болып өсіңдер елімізді көркейтетін абзал азамат болыңдар.
-(Балаларға жүрекше сыйлығын тарату)
«Менің Қазақстаным » әнімен аяқтайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *