ЖББ №89 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Илиева Захидам Абдулмажитовна
4-сынып. Жаратылыстану пәні.
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Ғарышта не бар? |
Оқу мақсаты |
4.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау. |
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: |
Оқушылардың басым бөлігі: |
|
Кейбір оқушылар: |
|
Тілдік мақсат |
Негізгі терминдер мен сөз тіркестер: Қазақстандық қандай ғарышкерлерді білесің? Ю.А. Гагарин кім? |
Ресурстар |
Жұлдызды аспанның картасы; |
Күтілетін нәтижелер |
Оқушылар: |
Тірек сөздер |
Астрономия, ғарыш, шоқжұлдыз. |
І. Қызығушылықты ояту. |
Самұрық құс самғады, |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІ. Мағынаны тану
Сабаққа байланысты деректі материалдар Астрономия — жер бетіндегі ең ежелгі ғылым. Ол ғаламды, аспан денелерін, олардың қозғалыстарын, пайда болуы мен дамуын зерттейді. Ғалам — уақытпен және кеңістікпен шектелмеген алуан түрлі әлем. Ол — адамның санасынан тыс тіршілік ететін әлем. Ғалам өте көп аспан денелерінен тұрады, олардың көпшілігінің мөлшері Жерден бірнеше миллион есе үлкен. Жердің тартылыс күшін жеңе отырып, жердің тұңғыш жасанды спутнигі орбитаға 1957 жылы 4 қазанда көтерілді, бұл күн балалар космос дәуірінің басталуы болып есептеледі. — Ғарышқа ұшатын ғарышкер қандай болуы керек? (оқушылар ойын тыңдау). Балалар адам ғарышқа көтерілер сәтте өте қолайсыз жағдайларға тап болады, қуатты мотор дауысы құлақты тұндырады, тек орбитаға шыққан сәтте тылсым тыныштық орнайды, өз салмақтарын сезбейтін халге келеді. Ал осының бәріне шыдау үшін ғарышкерлерге ең алдымен өте күшті денсаулық, мықты төзімділік қажет. Болашақ ғарышкерлер ұшу алдында ұзақ жылдар бойы дайындықтан өтеді. Олар спорттың әр түрімен жаттығып, парашюттерден секіріп үйренеді. Ұзақ уақыт бойы сурдокамерада (дыбыс өткізбейтін камера) тұрады, көптеген сындардан өтеді, сондықтан да «Азамат сыны -ерлік» -деп бекер айтылмаған. Ғарышкерлерге жерден көтерілу мен түсер сәтте де өте мықты төзімділік қажет, соған шыдау үшін оларды «центрифуга» -деп аталатын, тағы да басқа ондаған аппараттарда айналдырып сынақтан өткізеді. Сонымен бірге балалар, ғарышкерлердің міндеті тек ұшу емес, олар математика, физика, астрономия сияқты көптеген ғылымдарды меңгерген жан-жақты болу тиіс, себебі олар ғарышта атмосфераға, жерге, жұлдыздарға зерттеулер жүргізеді. Міне сондықтан да «Бәрінен күшті адам – өзіне — өзі сенетін адам» -деп біз ғарышкер ағаларымызды айта аламыз, себебі олар өздеріне сенгендіктен осы ұшқыш мамандығын таңдаған. — Ғарышқа алғашында нелерді ұшырып еді? — Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі. — 1957 жылдың 4 қазанда ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. |
1. Ғарыш, аспан, Жер, жұлдыз дегенде не елестейді? (оқушылар пікірін тыңдау).
— Ғарышкер киімі қалай аталады? (скафандр) — Тұңғыш ғарышкерді атаңыздаршы? — Тұңғыш әйел-ғарышкер кім? 1961 жылдың 12 сәуірінде, бір орынды «Восток» кемесімен, тұңғыш рет Совет Одағының азаматы Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа көтерілді, С.П. Королевта өз арманына жеткен болатын. Кейіннен көп орынды «Восход» кемесі іске қосылды, тағыда көптеген кемелер жасалды, олармен Совет Одағының және шетелдік ғарышкерлер орбитаға барып барып, ғарыш кеңістігін зерттеуде өз үлестерін қосты, олардың ішінде әйел-ғарышкер В.Терешкова да бар еді. Енді міне балалар қазақ халқының «Бір қазақ ұшса ғой» — деген арманы қашан орындалды? — Ең алғашқы қазақ ғарышкерін атаңыз, ғарышқа қашан көтерілді? Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы 1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Бірінші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры. 1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ — 13” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіді. 1991ж қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут. — Тоқтар Әубәкіровтен кейін ұшқан қазақ ғарышкері кім еді? -Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы – ғарышкер 1951 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы аулында дүниеге келген. Ол – Қазақстан Республикасының әрі Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері. Т.А. Мұсабаев Рига қаласындағы авиация инженерлік институтын, кейін Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар училищесін бітірген. 1986 жылы азаматтық авиацияның 30 жаттығу дайындығынан өтіп, осы саланың ұшқышы мамандығын алды. Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан. 1994ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген. 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабынде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге. 2001ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген. — Ғарышкерлер тағамдарының қайда сақталатынын білесіздер ме? (арнайы тюбиктерде).
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекіту
ІІІ. Қорытынды |
Мәтінді сатылай кешенді талдау. Сөзжұмбақ шешу.
1.Қазақ ғарышкері. 2.Ғарышкер киімі. 3.Бас конструктор. 4.Ғарыш айлағы 5.Тұңғыш әйел-ғарышкер. 6.Қазақтың тұңғыш ғарышкері. 7. Ғарышқа адамзат аттанатын планета. 8.Алғаш рет ғарышқа ұшқан ғарышкер.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия |
Оқушылар ғарыштың не екенін түсінеді.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау |