Ауа райының ауылшаруашылық іс-әрекеттеріне әсері  

Мектеп:

Сабақ  тақырыбы: 84-сабақ Графиктер / Ауа райының ауылшаруашылық іс-әрекеттеріне әсері

 

Күні:

Мұғалімнің есімі: Кулманова Салтанат Абдижапбаровна

 

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

 

4.5.1.2** есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік/егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы/ жылдамдық, арақашықтық, уақыт шамалары арасындағы тәуелділігін пайдалану;

4.5.1.1 есепті сызба, алгоритм, дөңгелек диаграмма, график түрінде модельдеу;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

егіннің түсімділігін көрсететін графиктен қажетті ақпараттарды алады және егіннің түсімділігін көрсететін график салады.

Бірқатар оқушылар:

Егіннің түсімділігіне берілген әртүрлі есептерді шығарады.

Кейбір оқушылар:

Егіннің түсімділігіне берілген есептерді талдайды және шығарады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

егіннің түсімділігін көрсететін графиктен қажетті ақпараттарды алады және егіннің түсімділігін көрсететін график салады.

Егіннің түсімділігіне берілген әртүрлі есептерді шығарады.

Егіннің түсімділігіне берілген есептерді талдайды және шығарады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

Оқушылар егіннің түсімділігі, ауданы, массасын қалай табу керектігін түсіндіру

Терминология:

Өзара байланысты шамалар .

Сөз тіркестері:

Талқылау:

Шамалардың өзара байланысын есіңе түсір.

Егіннің түсімділігі, ауданы, массасын қалай табуға болады?

Жазу:

Егіннің түсімділігі, ауданы, массасының формулалары.

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.

АКТ қолдану дағдылары

Электронды тапсырмалар.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Егіннің түсімділігі, ауданы, массасы түсініктері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Қол алысып, қане, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш-жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріңе сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

 

Ортасы

 1-тапсырма  Есепті шығар.

   Биылғы жылғы картоптың түсімділігі – 200 ц/га, ал былтыр 150 ц/га болған. Егер картоп отырғызуға бөлінген жердің ауданы 10 га-дан өзгермеген болса, шаруа қожалығын­да биылғы жылы қанша картоп артық жиналды? Шешуі: 200 · 10 = 2000 ц) (биылғы)  (150 · 10 = 1500 ц) (былтырғы)  Шаруа қожалығында биылғы жылы қанша картоп артық жиналды?   (2 000 – 1 500 = 500ц)

Дескриптор: Егіннің түсімділігіне берілген есептерді талдайды және шығарады.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

2-тапсырма Есепті шығар Бір фермерде картоптың түсімділігі – 160 ц/га, ал екіншісінде 80 ц/га болды. Егер олар картопты бір­дей 320 тоннадан алған болса, онда фермерлердің әрқайсысы картопты қан­дай ауданға еккен?

Дескриптор: Егіннің түсімділігіне берілген есептерді талдайды және шығарады.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Есіңде сақта!  График (грекше graphikos — сызылған) – қандай да бір шаманың (мысалы, жолдың) басқаға (мысалы, уақытқа) тәуелділігін көрнекі бейнелеу үшін қолда­нылатын сызба.
   ​График – кейбір есептерді шығарудың ыңғайлы тәсілі.
   ​Күнделікті өмірде сен пойыздардың қозғалыс графи­гін, ауа температурасының өзгеру графигін және басқа түрлі графиктерді кездестіруің мүмкін.

Жұптық жұмыс №3Ә тапсырмада график бойынша қажетті ақпараттарды алады.

Фермер 8.00-де фермадан шықты.

30 км жол жүріп бидай егістігіне 8.30-да келді. Мұнда

10 минут аялдап, 8.40-та жолға шықты.

Тағы 30 км жол жүріп сағат 9.10-да базарға келді. Базарды 10 минут аралап, 9.20-да жолға шықты.

Тағы 40км жол жүріп сағат 10.20-да картоп егілген жерге келді. Мұнда 10 минут аялдап, 10.30-да жолға шықты

Дескриптор:

егіннің түсімділігін көрсететін графиктен қажетті ақпараттарды алады .

Егіннің түсімділігіне берілген есептерді талдайды және шығарады

. Егіннің түсімділігіне берілген есептерді талдайды және шығарады

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

 

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

.

 

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

 

 

Аяқталуы

 

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Сен зерттеушісің

№8 тапсырманы «INSERT» әдісі

Кестені (3Ә) тапсырмадағы график бойынша дәптерлеріне толтырады

 

Өткенмен жұмыс.

Топтық жұмыс№4 тапсырмада тауарлардың жаңа бағасын біледі, кестеге түсіреді.

Дескриптор: тауарлардың жаңа бағасын біледі, кестеге түсіреді.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

 

Өзіндік жұмыс №5 тапсырманы фигураның боялған бөлігінің ауданын табады. Оны түрлі тәсілдермен орындауға болатынын анықтайды.

1-тәсіл.

S = 4 м · 6м = 24 м2 (үлкен тіктөртбұрыштың ауданы)

S = 1 м · 2м = 2 м2 (боялмаған тіктөртбұрыштың ауданы)

Sб= 24 м2 — 2 м2 = 22 м2 (боялған фигураның ауданы)

2-тәсіл.

S1 = 2 м · 6м = 12 м2 (бірінші боялған тіктөртбұрыштың ауданы)

S2 = 2 м · 5м = 10 м2 (екінші боялған тіктөртбұрыштың ауданы)

Sб = S1 + S2 = 12 м2 + 10 м2 = 22 м2 (боялған фигураның ауданы)

№6 тапсырмада «Фишбоун» әдісі қолданылады. Есеп бойынша өрнектер жазады.

А) Шешуі: (33 900 – 230 · 30) : 1800 = 15

Ә) Шешуі: 650 – (7 · 21 + 8 · 16) = 375

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау

Үйге тапсырма №9 Есепті шығар

Рефлексия «Жұлдыздар шеруі» әдісі

Тапсырманы орындаған  оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді  кері байланыс орнату.

 

 

 

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары  арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат

 

Саралау — Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

 

 

Бағалау — Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

           

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *