Халықаралық отбасы күні

    15 мамыр – халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген.

   Отан   отбасынан басталады. Отбасы да кішігрім мемлекет. Өз отбасының бақытты, еш бір қиындықсыз өмір сүрүіне ата – аналар көп еңбек етеді. Отбасы заңы бойынша оны отағасы немесе отанасы басқарып, олардың айтқан сөздерін, ақыл – кеңестерін орындап, жерде қалдырмайды. Отбасы белгілі бір салт – дәстүрлерді сақтайды.

     Жас нәресте дүниеге келгеннен бастап ата-ана оның өміріне қамқорлық жасап, жақсы тәрбие беріп, білімді, өнегелі, мейірімді, саналы азамат болып өсуіне қажетті жағдай жасайды. Ол үшін баланы еңбекке баулу, күн тәртібін дұрыс үйымдастыру, салауатты өмір сүруге, адал болуға, жақсылық жасауға, бойында мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.  

  Отан – қуат, отбасы – шуақ. Отбасыңызда шуақты күндеріңіз көп болсын!

ЖЖБ №89 мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Сопахунова Гулниса Салайдиновна

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *