Жұмбақтар күні

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Күні:14.11.2019 жылы

Тәрбиеші: Абылкасымова Сандуғаш Аширбек қизи

Білім беру саласы:  «Комуникация» 

Бөлімі: Тіл дамыту 

Тақырыбы:Үй жануарлары

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға үй жануарын таныстарып, төрт түліктің төлдері жайында балаларға түсінік беру; жұмбақтар жасыру, төлдер туралы тақпақтарды жатқа айтқызу. Балаларға төрт түлік малдың өрісімен, тіршілік табиғатпен, малдың қадір – қасиетімен таныстыру. Мал мен адам арасындағы байланысты ашу.
Дамытушылық: Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту; тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;Сүйіспеншілігін арттыру және олардың төлдерін дұрыс атай білуге, төрт түлікті күтіп бағуға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: макеттер , призентация
Әдіс — тәсілдері: Сұрақ — жауап, топтастыру, әңгімелеу, сергіту жаттығулары, ойын.
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетінің түрі: Ашық сабақ.

Сөздік жұмыс:төл

Билингвальды компонент:төл- дети- olds

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық,
Келіп қалған қонаққа
Сәлем беріп, алайық.

Бір-бірімізге сәттілік тілейік!

«Угәй-ай» әнімен: 
-Угәй, угәй әніміз, 
Арпа –бидай дәніміз, 
Ашық болып аспанымыз, 
Сәтті болсын күніміз!

 

 

 

Шаттық шеңберіне тұрып орындайды.

 

 

 

 

Балалар бірге айту

Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе кезең.

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде өзімізді  қоршаған ортамызда өзімізге жұмбақ болып жүрген,үй жануарлары және олардың төлдері  жайлы  анықтап көрейік.

-Балалар сендер жалпы жануарларды білесіңдер ме?

Жануарларды қалай бөлеміз?

-Дұрыс айтасыңдар.

Жаңа сабақ:

Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?
— Дұрыс айтасыңдар

Осы сиыр, қой,жылқы, түйе, ешкі тіпті ит пен мысықта үй жануарына  жатады.

 Мысық — ол үйде тұрады.

Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді.

Ит — жеті қазынаның бірі.
— Балалар, сендерді ата — әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
Сендерді ата — әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!
Тәрбиеші:Сурет арқылы үй жануарларын таныстыру, әр жануардың ерекшелігін түсіндіру.
• Балалар сендер үй жануарларын білесіңдер ме?
• Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?
• Олар немен қоректенеді?
• Түйе, жылқы, сиыр, қой туралы не білесіңдер?
• Олардың бізге берер пайдасы бар ма?
• Әрине, біз олардың сүтін, етін, жүнін пайдаланып,  яғни көлік ретінде де пайдаланамыз.
Енді балалар мына слайдтан үй жануарларының төлдерін атап шығайық.

Олар: Түйенің төлі — бота, сиырдың төлі — бұзау,

қойдың төлі — қозы,

ешкінің төлі — лақ,

жылқының төлі — құлыншақ.

Билингвальды компонент: төл- дети- olds

(Слайдтан көрсету)
(Осы кезде жел соғып, есік ашылып шопан кереді)
Бахташы ата: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
— Бұл қай жер екен?
— Балабақша.
— Қандай балабақша?
-«Гүлдер» балабақшасы.
— Естілмейді қандай балабақша?
-«Гүлдер»  балабақшасы.
— Мен, желден адасып кеткен төлдерімді іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар. Көрмедіңдер ме?
Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз, ата төрлетіңіз! Бүгінгі ұйымдастылырған оқу
іс — әрекетінде үй жануарлары туралы айтып жатыр едік, сизде бізбен бірге қызықты жануарлар туралы айтып берсеңіз.
Бақташы ата: Жарайды,балалар ендеше мен сендерге  осы үй жануарына байланысты жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?
Жұмбақтар:

1.Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.
Бақташы ата: Ой, бәрекелді балалар жарайсыңдар!
2.Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
(Түйе)

 3.Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Бірақ тағы сақалы бар
(Ешкі)

 4.Екі мүйізібар
Төрт аяғы бар.

Ұзын құйрығы бар
Сүтінде дәрумені бар
(Сиыр)
5.Екеуі елеңдеп келеді
Төртеуі төбелесіп келеді
(Жылқы)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады шаршаған шығарсыз бәріміз бірге сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті.

Жануарлардың қимыл-қозғалысын салу.
Тәрбиеші:

Бақташыата,біздің балалар үй жануарларына қаншалықты қамқор болады екен , соны байқап көріңіз.

Бақташы ата: Жарайды.

1-бала:

Сиырды алып сипаттап, оған жемін,шөбін,суын береді.

Түйені алып сипаттап, оған жемін,шөбін,суын береді.
Жылқыны алып сипаттап, оған жемін,шөбін,суын береді.
Қойды алып сипаттап, оған жемін,шөбін,суын береді.
Ешкіні алып сипаттап, оған жемін,шөбін,суын береді.
Атрибуттар киіп сиыр, жылқы, түйе болып тақпақ  айту.

Аяулым:

Шөре — шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секендеме, деміңді ал, 
Селтең демей құлағың.

Медина:
Ботақаным — бөбегім,
Қара көзің мөлдіреп.
Қызықтырмай қоймайды,
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам, көз тоймайды.

Б.Сезім:

Әукім — әукім, әукешім,
Қасиыншы әукесін.
Енең, әуке, келеді,
Ақ мамасын береді. 

Азиза:

Құлыншағым — құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған — жұлдызым,
Құстай қанат қағады

Шахкерім:
Кіп — кішкене момақан,
Қошақанды ұнаттам.
Сүйеді апам «қозым» деп,
«Қошақаным — өзің» деп!

Әбжан Сезім:
Ақ бұзауым ұнайды
«Мө — мө» деп сүт сұрайды
Келеді өсіп күн сайын
Тұмсығын созып қарайды
Тілімен мұрнын жалайды

Байдәулет:

Айналайын, ботам
Қандай күлте жотаң
Табандарың жалпақ
Теріп жейсің жантақ.

Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май,
құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды.

Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады?
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, ойын: «Ненің төлі?»
(әр балаға макеттер беріледі төлдерін қосу.)

Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды, өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған. 
Төрт түлік туралы көп жырлар, өлеңдер, мақал — мәтелдер шығарғанекен.

Бақташы ата байқадыңызба біздің балалар бүгінгі  сбақта көптеген үй жануарлары жайлы мағлұмат алды.

Бақташы ата: жарайсыңдар балалар , сендер тақпақта,жұмбақта шешіп,қызықты ойындар ойнап әбден мені қуанттыңдар.  Менің сендерге сыйлығым бар.Мынау қоржын ішінде.Оны мен кеткеннен кейін тәрбиешілірің берер.Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған. 
Төрт түлік туралы көп жырлар, өлеңдер, мақал — мәтелдер шығарған екен.Мінекей сендерде енді төрт түлік малымызға қамқор болыңдар.Енді мен қайтайын малдарым да кетіп қалған болар.

 

Балалар мұқият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

Ия

Үй жануарлары, жабайы жануарлары

 

 

Үй жануарлардың

 

 

Мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы.

— Балалар: ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.

 

 

 

 

—         Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе

—         Себебі олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.

 — Шөп, жем, сумен қоректенеді;

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жауабы

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды

 

 

 

Балалар қуанады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар:  — Жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Қой)

 

 

Балалар: Қой — мә — мә маңырайды

 

 

(Түйе)

Түйе — бө — бө боздайды

 

(Ешкі)

Ешкі — бе — бе бақырады

 

 

 

 

(Сиыр)

Сиыр — мө — мө мөңірейді

 

(Жылқы)

Жылқы — е — е — е кісінейді

 

 

 

 

Балалар қимыл-қозғалыста орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

• Сиырды — аухау — аухау дейміз.

• Түйені — көс — көс дейміз.

• Жылқыны — қырау — қырау дейміз.

• Қойды — пұшайт – пұшайт

• Ешкіні — шөре — шөре дейміз.

Рефлексиялық -түзетушілік

Сұрақ-жауап

Біздер үйдің несімен таныстық?
• Үй жануарларына нелер жатады екен?
• Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?
• Жануарлар қалай дыбыстайды?
Балаларды сұрақ — жауап арқылы, үй жануарлар суреттері арқылы марапаттау.
Сауболыңыздар!

 

 

КГКП  « Ясли сад №10 «Қызыл телпек»»

 

 

 

Жұмбақтар  күні

(ашық сабақ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Разработано воспитателем : Абылкасымова Сандуғаш Аширбек қизи

 

 

 

 

 

 

2019-2020г

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *