АҚҚЫСТАУ

АҚҚЫСТАУ — Атырау обл- ның Исатай ауд-ның орталығы, т. ж. ст. Облыс орталығы — Атырау қ-нан солт,- батысқа қарай 75 км жерде, Нарын құмынан оңт.-шығысқа қарай Жаптыр к-нің оңт. жағасына таяу, Каспий маңы ойпатының оңтүстігіндегі, шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 6,2 мың адам (1997). Іргесі 1973 ж. Атырау — Астрахань т. ж-н салуға байланысты қаланды. 1996 жылға дейін Чапаев атынд. қаракөл қой кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде кооп. шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Машина жөндеу және тұрмыс қажетін өтеу шеберханалары, шағын электр ст., орта және сегіз жылдық мектеп, мәдениет сарайы, қонақ үйі, аудандық аурухана бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *