Аляска штатындағы Уиттер қаласының халқы шамамен 200 адамды құрайды және олардың барлығы дерлік бұрын казарма болған 14 қабатты ғимаратта тұрады екен. Бір қалада, бір үйде тұратын тұрғындарға көп нәрсені ізеп далаға шығып та керегі жоқ. Себебі, үлкен үйдің бірінші қабатында аптека, дүкен, супермаркет, әкімшілік, аурухана, полиция, пошта бөлімшесі бар. Бұл қала журналистердің назарына коронавирусқа байланысты іліккен.