Сабақ жоспары № 13-15
Сабақтың технологиялық картасы:
(білім-біліктігін тексеру сабағы)
Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: білім алушыларды жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кәсіпке бейімдеу, меңгерген материалдарын қолдануға дағдыландыру.
Дамытушылық: білім алушылардың іскерлігі мен бейімін, шығармашылығын, ізденісін қалыптастыру, ЕТ кабинетінде қауіпсіздік сақтау ережелерін естен шығармауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын, отан сүйгіштігін ояту, еңбекқорлыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Түсіндіру элементтері бар практикалық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ жауап, өз бетінше жұмыс,тапсырма беру әдісін тиімді пайдалана отырып, дамыта оқыту, ой туғызу.
Сабақтың пән аралық байланысы: тарих, математика, геометрия
Оқытудың нәтижесі:білім алушылар MS Word бағдарламасында мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктерін игеру.
Сілтеме: Полякова И.М., Сейдилдаева А.К., Омарова Р.Д., «Информатика зертханалық жұмыс»
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлік класс, интерактивті тақта,презентация, жаңа материалды игеруге арналған тапсырма жұмыстары
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Білім алушылармен амандасып, түгендеп, білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Білімді тексеру:
Білім алушылардың өткен тақырыпты сұрап интерактивті тақтада көрсетілген сұрақтарға жауап алу. Бүгін үйге берген сабақты “Алтын тасты сұрақтар ” арқылы сұралады. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беруіміз қажет.
- Жаңа сабақты түсіндіру:
Жаңа сабақ
Word – тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндер, фигуралық мәтін кірістіруге және автофигуралар енгізуімізге болады болады.
Word – та енгізген мәтінімізге дайын суретті және Paint графикалық редакторында салған суреттеріңді кірістіруге болады. Paint — та салған суретті алмасу буферінің көмегімен орындалатын командаларды пайдаланып кірістіруімізге болады. Сонымен қатар Word-та әсем, әдемі ашық хаттар, жарнамалар, хабарландырулар әзірлей аламыз.
Дайын суреттер қорынан алынған суретті кірістіру үшін:
1.Файлды ашып, мәтіннің суретті кірістіретін жерге меңзерді орналастырамыз.
2.Вставка →Рисунок →Картинки командасын орындаймыз.
- Суреттері бар терезе ашылады, таңдалған суретте маусты шертеміз.
- Суреттің өлшемін қалауымыз бойынша өзгерте аламыз.
Автофигура – бұл дайын геометиялық фигуралар, оның қосымша негізгі фигуралары бар. Мысалы : тіктөртбұрыш, шеңбер, әр түрлі сызықтар, бағыттауыштар, жұлдызша және жаушалар т.б. фигуралар бар.
Автофигураларды құжатқа кірістіру үшін: Вставка→Автофигуры командасын орындаймыз.
Кез-келген фигураға мәтін жазу үшін: Фигурамызды белсенді етіп, тышқаның оң жақ батырмасын шертеміз, ашылған қосымша терезеден «Добавить текст» командасын таңдаймыз.
Түзу сызық салу – Word графиктік редакторының ең қарапайым мүмкіндігі. Ол үшін экранның төменгі жағындағы Сурет салу саймандар панеліндегі түзу сызық бейнесі тұрған батырманы сырт еткізсе жеткілікті.
Сызық салып алған соң, оның төңірегіндегі тышқанды екі рет шертсеңіз, экранға «Салынған обьект» деген сұхбат терезесі шығады. Енді сызық параметрлерін, яғни оның сызылу стилін (тұтас немесе пунктирлі), түсін, қалыңдығын таңдап алуға болады.
Дөңгелектер мен эллипстерді де төмендегі саймандар панелінің көмегімен салуға болады. Ол үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы сырт еткізіп, сосын курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек. Осы әрекеттерді орындау кезінде эллипс центрі де жылжытылып отырады. Оны бір нүктеге бекітіп алу үшін салу батырмасында Ctrl пернесін басып ұстап тұрса болғаны.
Төртбұрышты тұрғызу үшін алдымен оның бейнесі тұрған батырманы сырт еткізіп, содан кейін курсорды тіктөртбұрыш төбелерінің біріне сәйкес келетін нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей ұстап тұрып тіктөртбұрышты толық етіп салу керек. Ctrl пернесінің көмегімен төртбұрыштың центрін белгілі бір орынға бекітуге болады. Ал квадрат салу үшін, оны салу барысында Shift пернесін басулы күйде үстап тұру қажет.
Доға. Бұл батырманың көмегімен шеңберлер ман эллипстер доғаларын сала аламыз. Оны салу барысында Shift пернесін жібермей ұстап тұрсақ, 450-ті шеңбер секторын тұрғызуға болады. Сондай-ақ Ctrl пернесін басып, шеңбер немесе эллипс центрін бір орынға бекітіп те алу мүмкіндігі барКез келген көпбұрыш оның бейнесі салынған батырма көмегімен салынады. Курсорды көпбұрыштың бір төбесіне оррналастырып алып, сол жақ батырманы жібермей ұстап тұру арқылы көпбұрыштың бір қабырғасын саламыз. Көпбұрыштың келесі төбесін анықтау үшін тышқанды сырт еткізіп, одан ары келесі қабырғаны салуға болады. Shift пернесі көпбұрыш қабырғасының горизонтпен жасайтын бұрышын тұрақты етіп ұстап тұруға мүмкіндік береді. Соңғы қабырғаны өшіріп қайта сызу үшін backspace пернесін қолдануға болады. Соңғы төбені алғашқы төбемен дәл түсіру үшін Esc пернесін басу керек, сонда олар автоматты түрде бір нүктеге түседі. Кез келген бір суретті салып алған соң, тағы да мынадай мүмкіндіктерді қолдануға болады.
Сурет салу панеліндегі сызықтың түсі батырмасы көмегімен контурлық сызықтың тұтастығы мен түсін өзгерту;
Тұйық сызықпен қоршалған фигураның ішкі аумағын бояу үшін Толтыру түсі (Цвет заполнения) батырмасын пайдалануға;
Ұсынылған нұсқалар (шаблондар) арқылы тұйық аймақты белгілі бір өрнекпен толтыру мүмкіндігі де бар.
1 сурет 2 сурет
Фигуралық мәтінді енгізу үшін – Word ART коллекциясын таңдаймыз.
3 сурет
Өзіндік жұмыстар
Тапсырма № 1 Бөгде планеталықтар.
Геометриялық фигуралардан композиция құр.
- Жаңа сабақты бекіту.
Тапсырма №2. SmartArtты пайдалана отырып топ белсенділердің тізімін жасау
Тапсырма №3.Автофигуралар командасын қолданып қазақ үй салу.
Тапсырма №4. Автофигуралар командасын қолданып ұшақ макетін салу.
V.Қорытындылау
- Білімгерлердің білімін бағалау.
VII Үйге тапсырма: Полякова И.М. 49-52беттер оқу. Тақырып бойынша өз бетінше әр білім алушы практикалық тапсырма дайындап келу.