№8 сабақ
Пәні: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлігі: «Қоршаған ортаны қорғау» Күні:28.02.2020 ж Сынып: 4 «Ә» |
Мектеп: № 104 ЖББМ Мұғалімнің аты-жөні: Жанұзақ Мақпал Ақжігітқызы Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
||||
Сабақтың тақырыбы |
Глобус және карта |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)
|
4.2.1.2 глобус пен карталардың қолдану аясын түсіндіру, олардан негізгі нысандарды көрсете білу. 4.2.1.3 глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды, экваторды көрсету |
||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: ü Нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды. Көптеген оқушылар: ü Өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді. Оқулықта берілген ақпараттарды қолданады. Кейбіроқушылар: ü Глобус пен карталардың қолдану аясын талқылап, олардан негізгі нысандарды көрсетуді үйренеді. Меридиан, параллель ұғымдарын түсініп, глобустан таба білу дағдылары қалыптасады. |
||||
Бағалау критерийлері:
|
• адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерін талдайды; • табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды; • нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды, • глобус, параллель, меридиан туралы түсіндіре алады. |
||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: Оқушылар: • адамдардың табиғатты қорғау шараларын талдайды; • табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды; • нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды; • глобус, параллель, меридиан туралы түсіндіре алады. |
||||
Терминология: • шаруашылық іс-әрекет; • табиғи апаттар; • нысандар, бағдарлау; • глобус, параллель, меридиан. |
|||||
Талқылауға арналған сұрақтар: · Глобус дегеніміз не? · Карта дегеніміз не? · Мұхит дегеніміз не? · Құрлық дегеніміз не? Жазуға арналған кеңестер: • Мұхиттардың атауларын жазады; • Құрлықтардың атауларын жазады; |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
Қоршаған ортаны қорғай білуге және оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, көркем еңбек. |
||||
АКТ, ресурстар |
Интерактивті тақта, ұялытелефон, слайд, видео, топқа бөлуге арналған суреттер, гобус аен карта, жұмыс дәптері, қалам мен кескін карта, А3 парағы, маркер, қима қағаздар, қима суреттер т.б. |
||||
Бастапқыбілім |
Оқушыларқоршағанортатуралыбіршаматүсініктермен 4 — сыныптың «Табиғиқұбылыстар» тарауындаоқыптанысқан.Табиғаттықорғаушараларынбіледі. Картаменжұмысжасаудағдыларықалыптасқан. |
||||
Сабақтың мақсаты |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басталуы
3 мин
2 мин |
Қызығушылығын ояту. Психологиялық ахуал қалыптастыру. (Ұ) «Менің көгілдір планетам»әдісі бойынша балалар жасыл түсті шарды ұстап табиғат туралы өлең жолдарын хормен айтады. Табиғат біздің анамыз, Жер-Ана біздің панамыз. Таза болса табиғат, Бізде аман боламыз. (Ж)Алдыңғы білімді еске түсіру 1. Ауылшаруашылығы қандай салаларға бөлінеді? Санжар 2. Экологиялық проблема дегеніміз не? Адема 3. Экологилық проблемаларға нелер жатады? Анел 4. Қоршаған ортаны қорғаудың қандай шараларын білесің? Аруна (ҚБ): Ынталандыру әдісі«Жарайсың», «Жақсы», «Толықтыр». (Т)«Пазл» әдісі бойынша суреттер қиындыларын құрау арқылы топтарға бірігеді. 1-топ «Глобус» 2-топ « Карта» 3-топ «Мұхит» 4-топ « Құрлық»
Топ ережесімен келісу Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз! Нақты,дәл жауап береміз! Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз! Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
|
Жасыл түсті шар
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары.
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
|
|||
Сабақтың ортасы
4 мин
7 мин
7 мин
3 мин
5 мин
5 мин |
Мағынаны тану. (МК) Глобус және карта туралы видео көрсету.Видеодан керекті мәліметтерді жинақтау. (Т)«Сиқырлы кітап» айдары. Кітаптан керекті мәліметтеді жинақтайды және топта талқылайды. 1-топ: Глобус туралы мәлімет айту. 2-топ: Карта туралы мәлімет айту. 3-топ: Мұхиттартуралы мәлімет айту. 4-топ: Құрлықтар туралы мәлімет айту. Бағалау критерийі: Глобус, карта, құрлықтар, мұхиттар туралы мәлімет айтады. Дескриптор: ü Энциклопедиядан мәлімет жинақтайды; ü Жинақтаған мәліметтерін айтады; (ҚБ): «Бағдаршам» әдісібойынша өте жақсы жауап берген жұптарға – жасыл түсті, жақсы жауап берген жұптарға – сары түсті , орташа жауап берген жұптарға – қызыл түсті көтереді . (Т) «QR код»айдары. Ұялытелефондарын пайдаланып сұрақтарға жауап береді. 1-топ: Глобус пен жартышарлар картасын салыстыр. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары барын біл. 2-топ: Картадан ірі мұхиттарды тауып ата. 3-топ: Глобустар мен карталар бізге не үшін қажет? Адамдар күнделікті өмірде картаны қолданады ма? 4-топ: «Дүниежүзілік жартышарлар картасын» қара. Қазақстаннан Солтүстік Америкаға бару үшін жолда қандай елдер мен мұхиттарды кездестіресің? Ол жаққа көліктің қай түрімен баруға болады. Бағалау критерийі:Глобус пен картаны пайдаланып айырмашылықтарын айтады және мұхиттар мен құрлықтарды картадан табады. Дескриптор: ü Глобус пен картаның айырмашылығын айтады; ü Картадан мұхиттарды табады; ü Картадан құрлықтарды табады; (ҚБ): «От шашу» әдісібойынша тапсырманы дұрыс орындаған топтар бір-бірін қол шапалақтап от шашу жасау арқылы бағалайды. (Ұ) Сергіту сәті. «Дұрыс – дұрыс емес», «Артыгын алып таста» ойыны. (ЖЖ) «Құпиялы карта» айдары. Кескін картаға ірі мұхиттар мен құрлықтардың атауын жазып , белгілейді. Бағалау критерийі: Кескін картаға ірі мұхиттар мен құрлықтарды түсіреді. Дескриптор: ü Кескін картаға құрлықтарды картаға түсіреді; ü Кескін картаға ірі мұхиттарды картаға түсіреді; (ҚБ): «Басбармақ» әдісібойынша жұптар бір-бірінің жұстарын бағалайды. Жоғары – өте жақсы, көлденең – жақсы, төмен қарай – орташа. Қорытынды. (Ж) «Балық аулау» айдары. 1. Глобус дегеніміз не? 2. Карта дегеніміз не? 3. Дүниежүзінде неше мұхит бар? 4. Құрлықтарды ата. 5. Ең үлкен құрлық қалай аталады? 6. Мұхит дегеніміз не? 7. Құрлық дегеніміз не? (ҚБ): «Бағдаршам» әдісібойынша өте жақсы жауап берген оқушыға – жасыл түсті, жақсы жауап берген оқушыға – сары түсті , орташа жауап берген оқушыға – қызыл түсті көтереді .
|
|
|||
Сабақтың аяқталуы
2 мин |
Рефлексия. (ӨЖ) «Аралдар картасы» айдары. Аралдар картасына оқушылар жеке өздерінің кемесін аралдарға тоқтатады. Түсіндім аралы, Көңілді арал, Қуаныш аралы , Құпия арал.
|
|
|||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейіне қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
Сабақ барысында оқу мақсатына жету үшін оқушылардың қажеттілігін ескере отырып саралаудың бірнеше түрін қолданамын. ü Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру, қызығушылығын ояту үшін «Пазл» әдісі арқылы бейтарап топқа бірігіп, ұжым болып сабақтың оқу мақсатына қол жеткізуге болатынын түсінеді. ü «Сиқырлы кітап» айдарында балалар өзіндік жан-жақты ойланып мәліметтер жинақтайды. ü «QR код»айдары арқылы балалардың ізденушілігін, «Қызықты деректер» айдары арқылы балалардың зерттеушілік, заман талабына сай түрлі гаджеттерді тиімді пайдалануды топтық жұмыстың нәтижесінде талдау, талқылау арқылы жететінін ұғынады. ü «Құпиялы карта»айдарында оқушылар бірлескен белсенді оқу ортасын құрып, жұпта талқылауға үйренеді. ü «Балық аулау» айдары ü барлықоқушыларды шапшаң ойлауға, жылдам жауап беруге және де өзіндік сын арқылы сыныптастарын тыңдай отырып сабақты қорытындылайды. ü «Аралдар картасы»әдісінде жеке саралану арқылы алған білімін қорыту, рефлексия жасауға бағалау критерийінің шкаласы бойынша айқындайды . |
(ҚБ): Ынталандыру әдісі«Жарайсың», «Жақсы», «Толықтыр». (ҚБ): «Бағдаршам» әдісібойынша өте жақсы жауап берген жұптарға – жасыл түсті, жақсы жауап берген жұптарға – сары түсті , орташа жауап берген жұптарға – қызыл түсті көтереді . (ҚБ): «От шашу» әдісі бойынша тапсырманы дұрыс орындаған топтар бір-бірін қол шапалақтап от шашу жасау арқылы бағалайды. (ҚБ): «Басбармақ» әдісі бойынша жұптар бір-бірінің жұстарын бағалайды. Жоғары – өте жақсы, көлденең – жақсы, төмен қарай – орташа.
|
Сабақ өту кезінде оқушылардың парта үстінде дұрыс отыруын қадағалау. Топтық жұмыста желімді дұрыс пайдалануын, аузына салмауын қадағалау. Дәптермен жұмыс барысында қаламды дұрыс ұстау және қарындаштарды дұрыс пайдалану ережелерін ұстанамын. Сабақ барысында қолданылған сергіту сәті кезеңінде сабақтың келесі этабына сергек жетуіне көмегі зор. |
|||
Сабақ бойынша рефлексия сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
ü Оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сай құрылып, SMART мақсаттарға негізделіп жасалған. ü Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру және қызығушылығын ояту кезеңінде, танымдық қасиеттерін оятуға, өзіндік жан-жақты ойлауына арналған тапсырмалар берілген. ü Тапсырмалар балалардың жас ерекшелігіне және жинақтаған біліміне сай жасалғандықтан сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталған. ü Балалардың барлығы топтасып және жұптасып жұмыс істеуінің нәтижесінде сабақ жоспарынан ауытқу болмады. |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойларыңыз)? 1. «Сиқырлы кітап» айдарында кітаптан керекті мәліметтеді жинақтап және топта талқылағаны тиімді 2. «QR код» айдарында топқа берілген кодты негізге ала отырып түрлі гаджеттерді, интернет желісін пайдаланып қызықты сұрақтардан ассоциация құрауы тиімді . Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туралы да ойларыңыз )? 1. Оқушылардың жеке жұмыс жасау мақсатындағы тапсырмаларды танымдық деңгейде алу. 2. Тапсырмаларды орындау барысында кері байланыс ретінде қалыптастырушы бағалауды әрдайым түрлендіріп отыру. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Алдағы уақытта оқушылардың сабақтағы ізденушілігін арттыру. |