Жаңа жыл орманда

«Жаңа жыл орманда»
Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы,
№16 «Бөбек» бөбекжайының
Тәрбиеші: Сүлейменова
Ұлжан Зейловна
Зал іші күз мезгіліне байланысты әсем безендірілген. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.
Балалар «Жана жыл » әуенімен қолдарында ұлпа кар, ойыншықтар \жасыл шырша \ би композициямен залға кіреді.
Жүргізуші:
Даламызға қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартымызда, баламызда
Жалынды сәлем береді.
Балалар: тақпақ: 1.2.3.4.5.
Ән: « Жана жыл»
Жүргізуші:
Балалар жаңа жыл мерекесі де келіп жетті, бірақ қарандаршы әсем шыршамыздың жұлдызы жаңбаған? Енді не істесек болар екен?
\Ойланып\
Балалар: Сиқыршыны шақырайық, сиқыршы өз сиқырымен шыршамызды жағып берер?
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар, қалайша менің ойыма келмеген!
\Музыка әуенімен Сиқыршы ортаға келеді\
Сиқыршы: Сәлеметсіздер ме балалар! Сіздердің дауыстарынды естіп, осында келіп жеттім! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Қандай әсем орта! Қандай әсем шырша………
Бала: Біздің әсем шыршымыздың шамдары жанбай тұр.
Сиқыршы: Көрдім көрдім, шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Сиқыршы:Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат!
\Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады\
Жүргізуші: Міне, керемет, ендеше шыршамызға арналған тақпақтарымызды айтайық.
Тақпақтар: 1.2.3.4.5..
Сиқыршы: Балалардың мәнерлеп оқуы тамаша екен! Балаларсендер көңілді жаңа жыл мерекесін кіммен қарсы алғыларын келеді.
Балалар: Ергежейлімен
Сиқыршы: Ендеше сим салавин….
\Таяқшасын қозғалтып\
Қорапшанын ишинен жыбырлап, ашылып Ергежейлі шығады.
\Музыка әуенімен шеңбер айналып, амандасады\
Ергежейлі: Мен қайда келгенмін ? Ой менің достарымда осында екен ғой?
Келіңдер достарым!
Әуеледі әніміз,
Жаңа кірді сәніміз.
Жиналамыз бәріміз,
Би билейміз қазір біз.
Би: «Гномик»
Ергежейлі: Мен негізі басқа балалардың хаттарын Аяз атаға жолдау үшін поштаға бара жатыр едім, бірақ сиқыршының көмегімен сендердің тілектеріңмен мен осы жерге келіп жеттім. Мен мына хаттарды поштаға салу керекпін балалар. Сендер сендер маған көмектесесіңдер ме?
Бала: Әрине көмектесеміз, біз сенімен қиындықта тастамаймыз!
Ойын: « Хат тасу »
Ойынның шарты: Екі топқа, екі поштаға бөлініп хат тасу.
Ергежейлі: Балалар мен қорапшаға кіріп келгеніме өкінбеймін. Себебі мен сендермен сондай көңіл күйде болдым. Сендерге рахмет мені ормандағы
Достарым мені іздеп қалған болар, қалай орманға жетсем екен, достарымды тапсам екен?
Сиқыршы: сен мұнайма, Ергежейлі қазір мен сиқырлы таяғымен сені ормандағы достарына жеткіземін. Ал енді кешіктірмей кетейік сау болыңыздар!
\шапанына кіргісіп шығып кетеді. \
\Аяздың дауысы естіледі, боран соғып тұрады\
Балалар: Күн суытып кетті.
\Музыка әуенімен Аяз келеді\
Мен өзіммен бірге ұлпақарлар мен аязымды ала келдім. Мен сендерді қатырам.
\Қыздар мұз билейтіңдер қатып тұрады.\
Ақшақар кіреді: Бұл жер неге тым тырыс, бізді осы жерге мереке тамашалауға шақырған еді? Бірақ тыныштық мында, аааа бұл жерге аяз келген гой!
Аяз ата: Иә, немерем. Қазір мен сиқырымен мұздан құтқарайын!
\ Барлығы жібіп қыздар билейді\
Би: «Мұздар»
Аяз ата: Сәлеметсіздер ме балалар!
Асулармен алысқан,
Асау желмен, жарысқан.
Аталарың сендерді,
Сағынып келді алыстан. Сендерді әрдайым есіме алып жүремін. Мен, әрине, құр қол келмедім. Барлықтарыңа сыйлықтарым бар.
Ақшақар: Сүйсіңдірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сауле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ .
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Ақшақар, балалар сенің әсем көйлегіне таңданып қарап тұр. Бала: Сізге ән-сұрақ қойсақ болады ма? Жауап бересіз бе?
Ақшақар: Жауап берейін.
Ән: «Ақшақар мен балалар»
Аяз атаға арналған тақпақтар: 1.2.3.4.5…………..
Аяз ата: Ал ескі жылға рахмет, еш өкпеміз жоқ. Мен өзіммен бірге жаңа жылды ала келдім. Ортаға шық төрлет Тауық жылы.
Мен жаңа жылмын,
Мен жаңа нұрмын.
Нұрымды да себейін.
Жырымды да себейін.
Флешмоб: « Жаңа жыл»
\ дауыс естіледі\
Жүргізуші: Балалар бұл кімнің дауысы. Ой, қарандаршы балалар Пингвин шыршаның жанында жүр екен.
Пингвиндер: Біздер көңілді дауысты естіп, осында салқын жақтан келдік.
Жүргізуші: Ендеше сендер біздерге салқын жақтан қонаққа келген екенсіңдер? Қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар!
Ән: «Жаңа жыл»
Пингвиндер: біздің пингвиндер тамаша билейді, биін тамашалаңыз.
Би: «Пингвиндер »
Жүргізуші: Біздің пингвиндер ән айтып, би билеп қана қоймайды сонымен қатар жүйрек жүгірегі. Қане ата-аналар кім жарысқа шығады екен!
Ойын: «Кім жүйрек»
Ойынның шарты: 1 топқа 5 пингвин 2топқа 5ата аналар шығады.
Аяз ата: Балалар менің басқа да балаларға баратын кезім келді. Менің сендерге сыйлықтарым осында, топқа барғасын апайлырын береді. Ал ендеше балалар сау болындар!
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды мағайды.
Бақыт шаттық молшылық әкелсін,
Бәрімізге мына жыл арайлы, -дей келе қызғалдақ тобының мерекелік ертеңгілігін аяқтай отырып, құттықтау сөзді Балабақшамыздың меңгерушісі: Шакирова А.К. сөз бергіміз келеді.
Қош сау болыңыздар, амандықта жүздесейік дегіміз келеді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *