Қош бол, балабақша (сценарий)

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№16 «Ьөбек» бөбекжайы

Тәрбиеші: Алдонгарова Анар  Бердибаевна

Қош бол, балабақша!

1-Жүргізуші: Қымбатты  ата-аналар , балабақша  қызметкерлері, құрметті  қонақтар! Бүгін  біз  бірнеше  жыл  мәпелеп, күтіп  тәрбиелеген  бүлдіршіндерімізді  ұямыздан  ұшырып, мектепке  шығарып  салғалы  отырмыз.

Өтті  қызық  көп  күндер ,

Алты жасқа  жеттіңдер.

Барасыңдар  мектепке,

Бір  белестен  өттіңдер.

Өсті  ақыл-ойларың,

Өсті, міне, бойларың.

Қуанышқа  ортақпыз,

Құтты  болсын  тойлары!

Түлектерді  қарсы  алыңыздар!

(Түлектер қол ұстасып, жарты  шеңбер болып тұрады)

2-Жүргізуші: Құрметті  ата-аналар, қонақтар  бүгінгі  «Қош  бол  балабақша»  атты  ертеңгілігімізді  ҚР  Әнұранымен  ашуға  рұқсат  етіңіздер.

Әнұран.

(Балалардың  тақпақтары  )

1-бала:Балабақша бесігім,

 Тағы  бір  той  жасайық.

 Ашып  мектеп  есігін,

 Өзіңменен  қоштасайық.

2-бала:Талай  қызық  күнді  өткіздік,

  Бірақ  орны  бөлекше.

  Бақшамызбен  қоштасатын,

  Бүгінгі  той  ерекше.

3-бала:Алты  жасқа  толамыз,

 Әдепті  бала  боламыз.

 Қуантып  ата-ананы.

 Мектепке  кетіп  барамыз.

4-бала: Сезімді  туған  баламыз,

  Оянды  ақыл-санамыз.

  Адамдықтың  бастауын,

  Өзіңнен  алып  барамыз.

5-бала: Бүгін  қызық, бүгін  той,

  Біздер  үшін  біліп  қой.

  Әнге  салып  би  билеп,

  Жалғастырсын  ойды-ой.

1-Жүргізуші:  Балалар, қанеки орнымыздан тұрайық

2-Жүргізуші: Кітаппенен  дос  болып,

Жалқаулықпен  өш  болып.

Өседі  ой  мен  санамыз,

        Біз  мектепке  барамыз.

Ән: «Біз  мектепке  барамыз»

1-Жүргізуші:   Ендешебалаларорнымызға отырайық

(Балалардың  тақпақтары  )

1-бала: Оқимыз, білім  аламыз,

  Болашақ  жолын  саламыз.

  Бақшамызбен  қоштасып,

  Біз  мектепке  барамыз.

2-бала: Үлкендердей  тап-таза,

  Жазамыз  біз  тақтаға

  Үлгілі  бала  боламыз,

  Жүретіндей  мақтана.

3-бала: Балабақшам, қош  енді

  Әркез  аман  бол  деймін.

  Әкем  менен  шешемді,

  Ертіп  енді  келмеймін.

4-бала: Тәрбие  берген  ұямыз,

  Тәртіпті  бала  боламыз.

   Қоштасып  балабақшамен,

   Біріншіге  барамыз.

5-бала: Мектепке  ертең  барамыз,

Оқимыз, сауық  құрамыз.

Қашық  та болса  арамыз,

Сіздерге  келіп  тұрамыз.

1- жүргізуші: Қымбатты балалар, ата-аналар ендігі кезекті «Жауқазын» байқауыныңжүлдегер  қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: «Испан биі»

2-ші жүргізуші:   Бірге болсын ойымыз!

                               Құтты болсын тойымыз!

                                    Ұл- қызымыз шаттана,

                              Ән айтады тамсана!

1-ші жүргізуші: Құрметті  түлектер! Бұл  сендердің балабақшадағы  соңғы  мейрамдарыңыз. Сендермен  барлық  балабақша  қоштасады.

(осы кезде ортаға тілші келеді)

Тілші бала : Шынымен  кешігіп  қалдым ба? Неге осылай! Қалада   репортаж  істеп, сіздің  балабақшадағы  мерекені  өткізіп  алдым!

(Тілші  әртүрлі  тараптарда  фотоаппаратпен  түсіреді)

  • Жарайды міне, барлығы да  дұрыс.
  • Мен көңілді  тілшімін.
  • Сіздерді Мектепке  шығарып  салғым  келеді.
  • Микрофонымды қосамын, сіздерден  сұхбат  аламын!

(Сұрақтарға  бітірушілер  жауап  береді)

1.Сенің толық аты жөнің кім?

2.Сен өскенде кім болғың келеді?

3.Сен  мектепке не үшін барасың?

4.Қандай геометриялық пішіндерді білесің?

Тілші бала: Қызықты  сұхбатыңызға  рахмет!

(балаларға  қолын  беріп  рахметін  айтады)

Қазір  бір  минутке  назар  аударыңыз! Сіздерді  суретке  түсіріп  алайын.

Сурет  естеліке!  Күлімсірейміз!  Түсіремін!

Балалар  мен  фотосуретті  тез  басып  шығарып  келейін, сендерге  сюрприз  жасаймын. Жарайма! Мен  әлі  келемін.

(тілші залдан  шығып кетеді)                                                                                                                      

Би:  «Морячка»

1-жүргізуші:  Қымбатты балалар, біз бірнеше жыл бұрын балабақшаға келген кезімізді есімізге алайық «Ботақандар» тобының  бүлдіршіндерін қарсалайық

Енді  өнерлерін тамашалайық

Ән: «Тәуелсіздік ел ұраны» (1-топ балалар әні)

Әріптер ханшайымы: Сәлеметсіздер ме! Балалар мен сендерді балабақшамен  Қоштасатындарыңды естіп  сендерге қонаққа келдім.

Балалар сендер әріптерді білесіңдер ме? Дыбыстар нешеге бөлінеді.

Балалар:  Дауысты  дауыссызболып екіге бөлінеді.

Әріптер ханшайымы: Жарайсыңдар балалар,  енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойынның аты: «Сиқырлы сөздерді құрастыру» 

Шарты: Мына кубиктерді құрастырсаңдар  жақсы сөздер шығады.

(Мысалы: Ана, отан, бала, ата, әже т.б)

Әріптер ханшайымы: Жарайсыңдар балалар сендер дұрыс  құрастырдыңдар енді мен сендермен қоштаспаймын мектепте кездескенше.

(Әріптер ханшайымы қоштасып шығып кетеді)

(залға  музыка  әуенімен  Бестік  келеді)

Бестік: Сәлеметсіңдер ме, балалар!   Құрметті де, сүйікті  балалар! Мені  сендерге  Білім  ханшайымы  сендердің  мектепке  барардағы  дайындығыңызды  тексеру  үшін   жіберді. Менің  қолымда  тапсырмалар  жазылған  билеттер  бар.  Сол  билеттерді  оқып, орындауын  талап етемін. Сендер  сол  билетке  жауап  бересіңдер. Жарайма?!

Бестік: Мен  1-ші  билетті  оқимын.

1.Біз  қандай  мемлекетте  тұрамыз?

2.Кім  біздің  елбасымыз? 

 2-ші  билет

1.Бір  жылда  қанша  жыл мезгілі  бар?

2.Ал, қане апта күндерін  атап  беріңдерші?

3-ші  билет

1.Ақ  балапан,

   Сары  балапан,

   Шұбар балапан

   Қара  балапан

   Барлығы  неше  балапан?

4-ші  билет

Балалар  сендер балабақшада  қандай  ертегілер  оқыдыңдар?

(Мысалы: «Бауырсақ», «Шалқан», «Жеті  лақ», «Мақта қыз»  «Қызыл телпек» т.б.)

Ән:  «Мектепте біз үйренеміз»

Бестік: О,балалар, жарайсыңдар! Сұрақтарыма  өте  жақсы  жауап  бердіңдер, есептерді  де  дұрыс  шештіңдер. Ал, енді  ойын  ойнайық балалар.

1- жүргізуші:  Ия, балалар Бестіктің өзімен бірге алып келген ойынның  шартын  түсіндіріп  өтейін.

Ойынның  аты: «Сөздерді буынға бөлу»

Шарты:Берілген сөздерді буынға бөлу.

(Мысалы:көбелек, кітап, дәптер, қалам т.б.)

Бестік: Жарайсыңдар! Ойынға  өте  жақсы  қатыстыңдар.

Енді, сендермен  қоштасатын  кез  келді. Мен  білім  ханшайымына  сендердің  мектепке  дайындықтарыңыздың  өте  жақсы  екенін  айтып  барайын.  Балалар  мен     Білім  ханшайымының  табыс  ет  деп  берген,  «Білім  кілтін»  тәрбиешілеріңізге тапсырамын.Ал, балалар  сабақты  жақсы  оқып, тек  бестік  деген  баға  алыңдар, сонда  әркез мен  сендердің  қастарыңнан  табылам.

(Бестік қоштасып  шығып  кетеді)

2-Жүргізуші: Алдыңдағы  балалар,

Мектепке кетіп  барады.

     Тақпақ  айтып  тамсанып,

     Қимай  кетіп  барады.

     Өзіңізге  арнап  балалар,

     Әдемі  ән  шырқап  береді.

Ән: «Тәрбиеші»

Би: «Қазақ биі»

(Сол  кезде  зал  ішіне  улап-шулап, төбелесіп  Дымбілмес  пен  Жалқаубек  кіреді)

Жалқаубек  пен  Дымбілмес: О, Сәлеметсіңдер ме, балалар?  Қалдарың  қалай?

Би:  «Барбарики» (екеуі билетеді)

Жалқаубек: Оқымап  ем  1  алдым

  Кейіп  қалды  мұғалім

  Әкеп  едім  екілік

  Мамам  шықты  зекіріп

Үш  алғанда  байқадым

  Папам  басын  шайқады

  Бес – деп  едім, бүгін  кеп,

  Қарады  бәрі  күлімдеп.

Дымбілмес: Қане  бесің?  Көрсетші  күнделігіңді.

Жалқаубек: Міне  бес  алдым.

Дымбілмес: Мынау  тұрған  үш делік,

 Ал, мынауың  екілік.

 Бес  алдым  деп  бүгін  сен –

 Не  айтасың  өтірік?

Жалқаубек: Ой, Дымбілмес  есепті,

  Білмеуіңді  қарашы.

  Үшке  қоссаң  екіні,

  Бес  болмайма  санашы.

Дымбілмес:  Өй, жарайды  қойшы. Балалар   біз  бір  жыл  бойы  Жалқаубек  екеуміз  мектепке  бардық.

2-Жүргізуші:  Балалар, осы екі бала мектепке барғанға ұқсайма?

Балалар: Жоқ….

1- Жүргізуші: Қәне, балалар оларға арнап, бәріміз ән айтып берейікші.

Ән: «Сказочный город  Актау»

2-Жүргізіші:Көңілді  өскен  баламыз,

Күлім  қағып  тұрамыз.

  Тойымызға  сән  беріп,

Қызықты ойын ойнаймыз

(Жалқаубек  ойын  өткізеді)

Жалқаубек: Ой, жарайсыңдар! Қане, балалар  бәріміз  ойын  ойнайық. 

Ойын-жарыс: «Портфельге  керекті  оқу-құралдарды  салу» (2 бала)

1-Жүргізуші: Рахмет,  Жалқаубек. Өте  жақсы  ойын  болды.

(кейіпкерлер  қоштасып  шығып  кетеді)

Би: «Спорттық би»

Қызметкерлерге арналған  тақпақтар:

Директорға

Орын  берген  бақшадан,

Рахима апай  жақсы  апай.

Сондықтан  да  біз  үшін,

Артықсыз  өзіңіз  басқадан!

Әдіскерге

Армандарды  аңсаған,

Оқығанда тамсанам.

Тексеру  үшін  білімді,

Сайыстарға  дайындап,

Біздер  үшін  жан  салған.

Аманбибіапай  жақсы  адам!

Дәрігерге

Витамин  жеп  қолынан, 

Өскен  сәби  баламыз.

Мая  апай  сізге  де,

Алғыс  айтып  барамыз.

Тәрбиешіге

Баулып , баптап  өсірдіңіз,

Бұзықтық  етсек  кешірдіңіз.

Ұмытпаймыз  сөзіңізді,

Анар апай  өзіңізді!

Тәрбиешінің  көмекшісі

Ақ  төсекке  жатқызған,

Тәтті  тамақ  жасаған.

Бала  болып ойнаған,

Гулмира  апай  мың  алғыс.

(Музыканттарға)

Тамылжыта  ән  салдырып  үйреткен

Мың  бұралта  белімізді  билеткен

Апайлар  Маржан  және  Ирина  сіздерге  де  алғыс  айтамыз

Мың  қайтара  сәби  бала  жүректен!

Дене шынықтыру  ағайға

Барсақ  спорт  залына,

Еркіндік  сезіп  үніңнен.

Шынықсаң  шымыр  боларсың  деп,

Үйреткен  тынбай  жаттығу.

Роза   апай  сізге  де.

Көп  алғыс  айтып  барамыз!

Аспазшыларға

Біздің  гүл  бақшада,

Бар  әсем  асхана.

Бар  онда  аспазшы,

Ақ  көңіл, жақсы  апайлар.

Әлде  май,  қаймақ  па?

Борщ  па,  сорпа  ма?

Тұрады  ортада.

Ағылшын  апайға

Мектепке  енді  барамыз,

Үлгілі  оқушы  боламыз.

Жақсы  ағылшын  сабақтан,

Кілең  бестік  аламыз.

Мадина апай сізгеде

Алғыс айтып барамыз!

Би: «Өзбекше»

(осы  кезде  тілші  келеді)

Тілші бала : Балалар  мен  сендерге  естелікке  суреттеріңді  алып  келдім. Міне,  қараңдаршы  қандай  әдемі  болып  түскенсіңдер.  Осы  суреттерді  сіздерге  тарту  етемін. 

2-Жүргізуші: Рахмет  сізге.

Тілші бала : О, мына әдемі сандықшаны қараңыздар. Мұның ішінде не бар?

1-Жүргізуші :  Ұмытып барады екенмін балалар. Бұл сандықшаның кілтін маған Бестік тапсырған еді. Осы «Білім кілтімен» сандықшаны ашып қарайықшы.

(2-Жүргізушіге кілтті береді)

2-Жүргізуші: (кілтті  қолына алып, сандықшаны ашады)

1-Жүргізуші:  (таңғалып). О-о балалар, бұл сандықшада  қағаздар бар екен. Міне, керемет! Осы арқылы сендердің қандай манандық таңдайтындарыңды байқап көрейік.

(сандықшадан алынған карточкаларды терісінен орындықтың үстіне қояды. Балаларды ортаға шақырып, балалар оларды таңдап «Мен мұғалім боламын» т.б. деп айтуы керек)

1-Жүргізуші: Қош, балалар, сәт  сапар,

Бақытты  бәрің  болыңдар.

Жақсы  оқып  сабақты,

Кілең  бестік  алыңдар!

Ән: «Қош бол балабақшам!»

Би: «Вальс»

2-Жүргізуші:Айналайын  гүлдерім,

  Ақ  шуақты күндерім.

  Ерекше  қызық  тілдерің,

  Естен  кетпес  үндерің!

1-Жүргізуші :Сүйкімді  балғын  бала  шақ,

   Сендердікі  болашақ!

   Озат  болып  оқыңдар,

   Ойға  білім тоқыңдар!

Би: «Флешмоб»

Сәт  сапар  бітіруші  түлектер!!!

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *