Тірі және өлі табиғат

  

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
№16 «Бөбек» бөбекжайы
Тақырыбы: Тірі және өлі табиғат.
Мақсаты: Балаларға қоршаған ортаға тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір-бірімен байланысы жайлы мағлұмат беру, танымдық әрекетін шыңдау. Дамытушылық: Сөздік логикалық, ой-қиялдарын, қызығушылық сезімін дамыту. Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе білуі, дүние танымын кеңейту, табиғатты қорғауға,адамгершілік қасиетке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Жануарлар, өсімдіктер, аңдар, жемістер, көкеністердің суреті. Шаттық шеңбері. Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз. Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз қоршап тұрған мына табиғат туралы болмақ. Бұл табиғат өлі және тірі болып бөлінеді. Тірі табиғат- олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер көкеністер, балықтар жатады. (суреттер көрсету)
Дидактикалық ойын: «Бөліктерді құрастыр» Ойынның мақсаты: Балаларға үлгі суретті көрсетіп, тақтадағы бөліктерден суреттер құрастырады. Ендеше балалар мен сендерге тірі табиғат иелері туралы жұмбақтар жасырайын. Жұмбақ шешуге мұқият болайық. Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Аузы бар, тілі жоқ, Терісі бар, жүні жоқ. Қанаты бар, ұшпайды, Су астында қыстайды. (Балық)
Бұдыр-бұдыр балшықты, Жинады да талшықты. Ұқсатып қамытқа, Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)
Ендеше балалар мына сөздерді буынға бөлейік. Қой, қар-лы-ғаш, ба-лық, доң-ыз, қас-қыр, ба-қа, а-дам Өлі табиғат-қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді. (Суреттер көрсету). Балалар ендеше мен сендерге тағы да жұмбақ жасырайын.
Жылт-жылт еткен, Жырадан өткен. (Су)
Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн)
Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар, Алдымнаң жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үлкен болып өседі. Балалар төрбиешімен қимыл-қозғалыс арқылы жаттығу жасайды.
Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты». Мақсаты: аяқ-қол бұлшық еттерін дамыту қимыл қозғалыстарын жетілдіру. Мазмұны: Тәрбиеші балаларға ұшты-ұшты қарлығаш ұшты дегенде балалар қолдарын көтеріп ұшады, тәрбиеші ұшты-ұшты орындық ұшты дегенде отыра қалады. Осылай ойын бірнеше рет қайталанады. Қорытынды: — Табиғат нешеге бөлінеді? — Табиғат екіге бөлінеді. Тірі табиғат және өлі табиғат. — Балалар, біз қандай табиғатқа жатамыз? — Біз тірі табиғатқа жатамыз. – Тау мен тас қандай табиғатқа жатады? — Өлі табиғатқа жатады. – Қой мен қарлығаш қандай табиғатқа жатады? — Тірі табиғатқа жатады. Ал, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізді мақал-мәтел, тыйым сөздермен аяқтайық.
Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
Адам көркі-шүберек, Ағаш көркі жапырақ.
Құстың ұясын бұзба.
Суға түкірме.
Көк шөпті жұлма. Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендерге көп-көп рахмет.

Жақсыбаева Жамила Алпысбаевна

                       

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *