Газизуллина Гульмира Кабдиевна
Атырау облысы, Индер ауданы,Көктоғай селосы
«Гүлдәурен-7» бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі.
Жаңартылған бағдарлама бойынша ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тобы:Ортаңғы топ |
|||
Білім беру саласы «Таным» |
|||
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жаратылыстану |
|||
Тақырыбы: «Қызықты тәжірибе алаңы –Зертханаға саяхат» |
|||
|
|
||
Смарт мақсат : |
Қарапайым тәжірибелерді бақылап,жасай алады. |
||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
4 К сыни ойлау,коммуникативтілікті дамыту,командамен жұмыс,педогог жетекшілігімен жүргізілетін ойын,еркін ойын,ширату,«Екі жұлдыз,бір тілек»-мадақтау,уәждеу. |
||
Ресурстар: |
АКТ (Триггер),қағаз,қағаздан жасалған гүлдер,су,магнит,әртүрлі материалдан жасалған заттар,зертханаға арналған алжапқыш,баскиім,ойынға арналған магнит ілінген баскиім,гүлдер суреті,магниті бар қанқызы ойыншығы,магнитті балықтар, аудиодыбыс,түрлі стикерлер |
||
Күтілетін нәтиже:қарапайым тәжірибелерді қайталай алады. қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды түсінеді. нысандардың ерекшелігін түсіне отырып,тәжірибелерді жасай алады.
|
|||
Жоспар |
|||
Ұйымдастырылған оқу қызметінің кезеңдері |
Педогог әрекеті |
Балалардың әрекеті |
|
Ұйымдастырылған оқу қызметінің басы |
Ұялы телефоннан хабарлама келеді. Хабарламада Данабек балаларды өзінің зертханасына саяхатқа шақырады.
Педогог балаларға4 К(коммуникативтіліктідамыту Бала үні)ашық сұрақтарқойып олардыңзертхана туралы не білетіндерін сұрайды. 1)Балалар, сендер зертхана дегенді білесіңдерме? 2)Оны қайдан көрдіңдер? 3)Зертханада не жасады? 4)Зертханадан нені көрдіңдер,қандай құралдар бар? 5)Тәжірибені үлкендердің қадағалауынсыз өзіміз жасауға болама? 6)Біз өзіміз топта бұрын қандай қарапайым тәжірибелер жасадық,еске түсірейікші. 7)Тәжірибені үлкендердің қадағалауынсыз өзіміз жасауға болама? 8)Тәжірибе жасағанда қандай ережені есте сақтауымыз керек? Ережені қайталап айтады: Тәжірибе жасағанда тыныштық сақтау керек Тәжірибе жасау кезінде үлкендердің рұхсатынсыз құралдарды қозғамау керек. Құралдарды аузымызға салуға болмайды. Балаларға Данабекпен бірге қызықты тәжірибе жасауға зертханаға саяхатқа баруға ұсынысын білдіреді.Балалар қатармен жүріп көңілді әуен ырғағымен зертханаға келеді.
Оларды Данабек қарсы алады. Данабек балалармен амандасып оларға қораптан суреттер тандап алуды ұсынады,балалар өздері таңдап алған таразы, микроскоп,колба суреттері бойынша топтарғабөлінеді. |
Таңырқап,аудиодыбысты тыңдайды.
Қойылған сұрақтарды тындап,өз пікірлерін айтады. «Балапан» арнасынан қызықты тәжірибелер көргендерін айтады.
Сумен,қармен т.с.с қарапайым тәжірибелерін еске түсіреді.
Ережені мұқият тыңдайды.
Педогогтың зертханаға бару туралы ұсынысын қуанышпен қабылдайды.Барлығы қатармен жүріп,тақпақты айтып: -Біз кішкентай баламыз, Ақылдымыз,дарамыз Білім іздеп әрқашан Саяхатқа барамыз,-зертханаға келеді.
Данабекпен амандасып, таңдаған суреттері бойынша топтасады. |
|
Ұйымдастырылған оқу қызметінің негізгі кезеңі |
Данабек балаларды қызықты тәжірибелер тамашалауға шақырады. Педогог АКТ-ны қолданып,бүгінгі тәжірибенің немен жасалатынын анықтайды.
Балалар өздері таңдап алған суреттерімен топқа бөлініп,командамен жұмысжасайды.4 К (Саралау жүреді) 1Қағазбен тәжірибе:Педогог жетекшілігіменжүргізілетін ойын:« Гүлдің ашылуы» Мақсаты:бүктелген қағазды суға салғанда ылғалдың әсерінен ашылып тегіс күйге түсетінін түсіндіру. Неліктен олай болды?-деп балалардың ой-пікірлерін сұрайды.
Балалардың назарын экранға аударып,триггер арқылы шыққан суретке аударады. Бұл темір заттарды өзіне тартып,ұстап тұратын тартылыс күші бар тас –магнитпен деп таныстырады. 2.Магнитпен тәжирибе: Мақсаты:магниттің әртүрлі материалдарға тигізу арқылы оның ерекшелігін анықтау Әртүрлі материалдарға магнитті тигізіп қарауды ұсынады.Балалардан не байқағанын сұрайды.
Педогог жетекшілігімен жүргізілетін ойын:«Қанқызының саяхаты» Мақсаты:Магнитті қатты кағаздың екі жағынан қатар жылжытқанда арқылы оның тартылыс күшін көрсету
3.Еркін ойын:«Көңілді балықшылар» Мақсаты:Судан балықтарды жіпке ілінген магниті бар баскиіммен,қол қимылынсызіліп алу арқылы магниттің тартылыс күшінің суда неліктен сақталып тұрганын көрсету.
Видеоролик арқылы әуенмен би қимылдарын жасату арқылыширату ұйымдастырады.
|
Экранға назар аударып,көрінген суреттерді атап,тәжірибені бақылап,орындайды. Қарапайым қызықты тәжірибелер жасайды.
1.«Колба» тобы.Су құйылған арнайы ыдысқа бүктелген қағаз гүлдерді салады.
Балалар тәжірибені жасап,бақылап,өздерінің пікірлерін айтады.
2 «Микроскоп» тобы. Магнитті түрлі түсті карандашқа,матаға, платмасса ойыншыққа,қағазға, темір қасыққа тигізіп байқайды.
Қатты картон қағазға салынған гүлдің екі жағынан магнитті,магнитті ойыншықты қатар жылжыту арқылы оның тартылыс күші сақталғанынын байқайды.
3.«Таразы» тобы.Жіпке ілінген магниті барарнайы жасалған баскиімді кию арқылы су ішінен балықтарды аулайды.
Әуен ырғағымен бірге түрлі қимыл-қозғалыстар жасап,көңілдері көтеріледі. |
|
Ұйымдастырылған оқу қызметінің қорытынды кезеңі |
Кері байланыс:«Екі жұлдыз,бір тілек». Педогог балаларды «дана бала», «зерек бала», «ұшқыр ойлы», «білімге құштар» стикерлерімен мадақтап, уәждейді. Данабек балаларды мадақтап,оларға алғыс айтады. |
Әр топтан балаларыөздері жасап көрген ойын, тәжірибеден алған әсерлеріменбөліседі. Данабекке рахмет айтып, куанышты көңіл-күйлерін көрсетті. |
|