ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ



           Соңғы уақытта қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктерін зерттеу (осы жүйенің оң және теріс жақтары) көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Әлемдік білім жүйесінде үлкен прогресс бар. Күн сайын қазіргі заманғы адам өмірін жеңілдететін жаңа теориялар мен бейімделулер пайда болып жатыр. Қазақстанда  қашықтықтан оқыту — бұл жаңалық емес. Қашықтықтан білім беруге білім реформасы ұзақ уақыт дайындалып келеді.  Оқушыға да, ұстазға да  уақытты үнемдеуге көмектесетін бұл жүйенің ерекшеліктері мен кемшіліктеріне тоқталуды жөн санаймын. Мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың пікірлері білім берудің бұл формасында өзін-өзі тәрбиелеудің үлкен рөл атқаратындығын білдіретін ортақ ойға келді. Мысалы, қашықтықтан оқу басталғалы жауапкершілігі мықты шәкірттердің, сыныптардың білім сапасы жақсара бастаған. Сонымен қатар ұстаздардың бақылауынан, оқушылардың көзқарасынан қысылатын кейбір балалардың қашықтықтан оқыту кезінде сабақ үлгерімі ілгерілеген. Себебі, ол көп нәрсеге көңіл аудармай сабақ процесімен ғана әуре болады.            Түрлі сылтаулармен сабақтан қалатын оқушылар да қашықтықтан оқыту кезінде еріксіз сабақ оқи бастағаны айқын. Оқушылар ауырып қалған жағдайда да смартфон, комьютерін қосып түрлі тапсырмаларды орындай беруіне ешқандай кедергі жоқ.  Сондықтан, қашықтықтан оқыту оқушының ұзақ уақыт ауырып қалған кезінде де  немесе мектепке бара алмау жағдайында да  жалпы оқушылар арасында қалып, мектеп бағдарламасымен оқуға көмектеседі. Сонымен қашықтықтан оқытудың тиімді жақтарын санамалап көрейік:1.     Оқуға дайындалу, тапсырманы орындау уақытын оқушы өзі белгілейді.2.       Еркіндік пен шығармашылық ойлау дами бастайды. Оқушы өзін қаншалықты дамытқысы келседе, креативті ойларын жүзеге асырса да ешкім кедергі емес.  3.     Қол жетімділік – оқушы үйде отырғанымен оған барлық нәрсе қол жетімді. Көрнекілік, қажетті құралдар т.б. Тек өзінің тәуелсіздігін тиімді пайдалана білгені дұрыс. 4.     Ұтқырлық — мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты тиімді жүзеге асыру оқу процесінің табысты болуының негізгі талаптарының бірі болып табылады.5.     Технологиялық тиімділік — оқу үрдісінде оқушы мен ұстаз ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың соңғы жетістіктерін қолдану.6.     Әлеуметтік теңдік — білім алушының тұрғылықты жеріне, денсаулығының жай-күйіне, элита мен материалдық қауіпсіздігіне қарамастан бірдей білім алу мүмкіндігі бар.7.     Шығармашылық — оқушының шығармашылық ойын дамытуға, жетілдіруге қолайлы жағдай. 

         Иә, оқу ыңғайлы жерді қажет етеді. Ыңғайлы ортада оқытудың  маңызы зор. Европа елдерінің қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкеніне көп уақыт болды. Олар үшін қашықтықтан оқыту қалыпты жағдай. Бүгінгі біздің қолданып отырған  Zoom, Classroom бағдарламалары он жыл бұрын қолданыла бастады. Бұл бағдарламаларда екі мыңға адам жұмыс істейді. Біздегі басты кемшілік ұстаздар мен оқушыларда емес. Басты қиындық туғызғаны интернет желісінің баяу болуы, сол арқылы бағдарламардың ақау беруінің дау тудырған еді.

Қашықтықтан оқыту ұйымдастыру мен тәртіпті талап етеді. Мысалы, бастауыш сыныптағы кішкентай балалар үшін қашықтықтан өз бетінше білім алу қиын. Олар үнемі ата-ананың, ұстаздың бақылауын қажет етіп тұрады. Дәстүрлі оқу кезінде үйде де, мектепте де оларға арнайы көңіл бөлінеді. Ата-ананың орындай алмайтын кейбір функциясын ұстазы орындайды, ал ұстазы жеткізе алмаған нәрсені ата-ана іліп алып кетіп отырады. Ал қашықтықтан оқыту кезінде бастауыш сыныптарда оқитын балаларға эмоция, кері байланыс жетіспейді. Сондықтан, жоғары сыныптарға қарағанда бастауыш сыныптарға қашықтықтан білім беру тиімсіз. Сонымен қашықтықтан оқытудың тиімсіз тұстарын тізбелеп көрейік:

 

  1. Оқушы мен оқытушы арасында толыққанды байланыс болмауы. Яғни, жеке көзқарас пен білімге байланысты барлық сәттер алынып тасталады.
  2. Егер жақын жерде білімді эмоционалды түрде бояйтын адам болмаса, бұл айтарлықтай минус.
  3. Бірқатар жеке психологиялық жағдайлардың қажеттілігі. Қашықтықтан оқыту үшін өзін-өзі ұстау қатаң талап етіледі, оның нәтижесі оқушының дербестігі мен санасына тікелей байланысты.
  4. Ақпарат көздеріне үнемі қол жетімділіктің қажеттілігі. Жақсы техникалық жабдықтар қажет, бірақ оқығысы келетіндердің барлығы бірдей компьютер мен интернетке қол жеткізе бермейді.

5.     Әдетте, оқушылар  практикалық сабақтың жетіспеушілігін сезінеді.6.     Оқушыларға  үнемі бақылау жасалмайды және жасау да қиын. 7.     Үйірме жұмыстарына кері әсерін тигізеді.8.     Қашықтықтан оқыту жағдайында оқытудың негізі жазба түрінде жасалады.  Кейбір оқушылар  үшін өз білімдерін жазбаша түрде жеткізу үлкен  кедергі болуы мүмкін

          Қорыта келгенде заман талабына сай білім беру, үнемі жаңалықтан құр қалмау, дамыған елдердің ізімен ілгерілеп отыру міндет болып табылады. Қазақстанның технологиясы озық елдерден көш бойы қалып қоймау саясатының оң нәтижесі де жетерлік. Соның бірі төтенше жағдай кезінде қашықтықтан оқытуды ақпараттық құралдар арқылы игеріп теледидар, интернет, түрлі бағдарламалар арқылы іске асыруы болды. Болашақ ұрпақ үшін жасалған дұрыс қадамдардың бірі деуге толық негіз бар.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Черемисин А.Г. Интернетті дамыту — ақпараттық қоғамдағы білім. // Білім берудегі инновациялар.-2005. -№5. –П.36-40.
  2. Zoom Video Communications Википедия ашық энциклопедиясы.
  3. Соловьева Т.А. Болашақ мұғалімдердің пәнді дайындаудағы қашықтықтан оқыту технологиясы
  4. Сергиенко И.В. Қашықтықтан оқыту процесін модельдеу негіздері. // Білім берудегі инновациялар. — 2005.-№2. — S.43-53
  5. Зенкина С.В., Чернеби Е.В. Электрондық оқытуды құру үшін мұғалімдердің АКТ-ты пайдалануы.

 

Жайлаубай Назира Тыныштықбайқызы

Шымкент қаласы, N78 жалпы орта білім беретін мектептің (ЖОББМ) физика пəнінің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *