«Елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың
қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздың қолында»
(Н. Назарбаев.)
І. Кіріспе бөлімі.
Адамзат қоғамы өзінің даму сатысында қай кезеңде өмір сүрсе де, сол кезеңнің өмір сүруші адамдарға арналған қағидалары мен мінез-құлық ережелері, дағдылары болады. Әрбір тұлға әлеуметтік іс-тәжірибені өз бойына жинақтап, ең қажеттіліктерін таңдап, ретімен пайдалана білсе, бұл процесс ғылымда «әлеуметтену» деп аталады. Қазіргі мектепке дейінгі білім беру саласының алдында тұрған басты міндет жан-жақты жетілген, өзіне тән ерекшеліктері бар, рухы биік, адамгершілік қасиеттерді өз бойына сіңірген тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында көрсетілгендей: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген. Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшуі керек. «Мен басты міндетті балалардың бастыпқы мүмкіндіктерін теңестіруі болған «Балапан» бағдарламасын 2020жылға дейін ұзартуға шешім қабылдап, үкімет алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен 100% -ға қамтуға қол жеткізу міндетін жүктеген болатынмын» деген.
Тәрбиенің негізгі ғибратты ұлттық педагогика болып саналады демекші білім беру жүлдесіндегі қабылданған жаңа реформалардың мақсаттары мен талаптарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып жасалған «Зерек бала» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Бүлдіршіндерге білім берудің негізгі балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.
Балабақшада инновациялық білім берудің маңызы өте зор. Инновация дегеніміз не және инновациялық құралдарға нелер жатады? Инновация дегеніміз – инноватика ұғымының мәнін латынның «In-novus» деген сөзінен шыққан «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді және инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мултьтемедиалық құрал , электронды оқулықтар мен инновациялық сайттар жатады. Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалануды айтады.
Негізгі бөлім:
Меніңде мақсатым – ана тілінің базалық құндылықтарын жақсы меңгерген, шығармашыл, заман талабына сай жан-жақты дамыған мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу. «Бар жақсы балалар үшін» деген ұранның желісімен театрландырылған көрініс арқылы балаларды еркін сөйлей білуге, дарынды ойлауына, өзін жеке қажетті тұлға ретінде сезіне білуіне мүмкіншілік беру. . Меніңде мақсатым – ана тілінің базалық құндылықтарын жақсы меңгерген, шығармашыл, өзара мәдени әлеуметтік қарым-қатынасқа лайық, заман талабына сай жан-жақты дамыған мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу. «Бар жақсы балалар үшін» деген ұранның желісімен театрландырылған көрініс арқылы балаларды еркін сөйлей білуге, дарынды ойлауына, өзін жеке қажетті тұлға ретінде сезіне білуіне мүмкіншілік беру. Мен өз іс-тәжірибемде балаларды театрландырылған өнер ордасына деген құлшынысын арттыруды мақсат еттім.Сол себепте мен мына сегіз қағидаға сүйене отырып балалардың театрға деген қызығушылығын арттыруды ұйғардым:
1-ші: «Ойыншықтар театры.»
2-ші: «Саусақ театры.»
3-ші: «Үстел үсті театры»
4-ші: «Суреттер театры»
5-ші: «Стент — кітапша театры»
6-шы: «Фланелеграф театры»
7-ші: «Трафарет театры»
8-ші «Көлеңке театры»
1-ші:«Ойыншықтар театрында» Мен балаларға қысқа тақпақтарды ,өлеңдерді жаттатып,оның өзіне тән орындалу кезінен бастап ақ кішкене көлемді спектакльдер ойнатып отырдым.Ондағы адамдар ролін ойыншықтар орындыйды.Ойыншықтар театрына жіппен басқарылатын қуыршақтар жатады.Оларды балалармен бірлесе отырып әртүрлі материалдардан жасадым .Қуыршақтың басы мен екі қолына жіп байлап, оны бала басы мен қолына киіп әнмен, бимен,ойынмен көрсету арқылы өзін еркін сезінуге,өз күшіне сене білуге үйренеді.
2-ші: «Саусақ театрында» Мен балалардың саусақтарының көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең шумақтарын сахналай білуге үйреттім.Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы,қабілеті дамып,ынтасы артады.Сонымен қатар шығармашылық әрекетіне жол ашылады.Саусақ театрының маңызы:балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды,жан-жануарларды,құстарды және ағаштарды бейнелей алады.Сонымен қатар отбасы мүшелерінің ролдеріне ене отырып өз отбасымен еркін таныстыра алады.Саусақ театрының тағы бір ерекшелігі бала екі қолын қимылдата отырып оң жақ,сол жақ,жоғары,төмен түсініктерін бағдарлай алады.
3-ші: «Үстел үсті театрында» Мен бала көркем сөздермен ертегілерді айтқанда әсерлі естілу үшін пайдаландым.Мұнда үстелде құламайтын және қозғалғанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтарды қолдандым.Мысалы: әртүрлі биіктіктегі конустар,цилиндірлер,қораптар және тоқыма ойыншықтар.Тоқыма ойыншықтарды пластмас бөтелкелерге кигізу арқылы қолдандық.
4-ші: «Суреттер театры» Бұл театрда мен декорациямен кейіпкерлердің суреттерін қолдандым.Олардың әрекеттері шектелген.Бұл театрда балаларға дауыс ырғағы мен кейіпкердің мінез-құлқы беріледі.кейіпкер әрекет барысында пайда болады,сол себепті балалардың қызығушылығын арттырады.
5-ші: «Стент- кітапша театры» Мен бұл театрды былай пайдаландым: бала стент театрдың әр бетін ашқан сайын түрлі сюжеттерді көрсете алады.Бірін-бірі ауыстыру арқылы илюстрациялық оқиғаларға тап болады.Бұл жерде баланың бойында шығармашылық қабілеті ,сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісі кеңейіп өз-өзіне деген сенімділік арта түседі.
6-шы: «Фланелеграф театры» Бұл театрда суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі.Оларды фланемдер ұстап тұрады.Мұндағы суреттерді балалармен бірлесе отырып ескі кітаптар мен журналдардан қиып алып жасадым.
7-ші: «Трафарет театры» Мен трафарет театрында баланың сөз құрамының байлығын,диалог,монолог,еркін сөйлеу қабілеттерін арттыруға көмектесіп отырдым.Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды.Оларды түрлі-түрлі бояулармен бояп,дайын бейнені қайшымен қияды.Бұл жерде балалардың шығармашылық қабілеттері артып,ұжымдық жұмыс істеу үстінде өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын ,қимыл –қозғалысын өзгерте алатын жағдайға жетеді.
8-ші: «Көлеңкелі театр» Бұл театрда мен балаларға ертегіні, әңгімені, өлеңмен әндерді айтуға болатынын түсіндірдім.Көлеңке театрнда тәрбиеші мазмұнын оқиды ал балалар көрініс көрсетеді.Көлеңке театры жарық өте жақсы түскен экранда көрсетіледі.Балалар өзі сомдайтын кейіпкерлерін көрсету үшін экранның арт жағынан ұстайды.Кеіпкерлерді балалармен бірлесе отырып қатты картоннан жасап таяқшалар арқылы қозғалысқа енгізіп отырдық.Бұл көріністе балалардың ой-өрістерікеңейіп шығармашылықтары артады.Осылайша мен театрландырылған іс-әрекет арқылы балалардың ертегілер мен әңгімелерді ролдермен сомдап ойнау дағдыларын қалыптастырып отырдым.Театрландырылған іс-әрекет арқылы бала байланыстыра сөйлеуге,әдемі киінуге,жинақы жүруге,үлкендермен және өзге балалармен тіл табыса білуге үйренеді.Қалай десекте театр балалар үшін үлкен мереке, демалыс орны болып табылады. Театрландырылған әрбір көріністен кейін немесе қызу дайындықтан кейін – 15-20 минут үзіліс жасап балаларға арналған арнайы жасалған бұрыштарда өздерінің көңілі қалаған істерімен, ойындарымен айналысуға мүмкіндік беріп отырдым.. Балалардың қойылымнан алған әрбір әсерімен ойын қағаз бетіне түсіре білуге үйреттім.. Бүлдіршіндеріміздің ғажайып образға толы сыр сандыққа айналуына бағыт-бағдар беріп отырдым. Ол үшін театрландырылған ойындарды жие пайдаландым. Театрландырылған ойындардың тәрбиелік және білімдік мағынасы зор. Мен өзімнің іс-тәжірибемде балаларды театрландырылған өнер ордасына деген құлшынысын арттыру.Ол үшін театрландырылған ойындарды жие пайдаланып отырдым. Театрландырылған ойындардың тәрбиелік және білімдік мағынасы зор.
Театрландырылған ойындардың өзіндік
Мазмұны Әдістемесі Ұйымдастырылуы Жұмыс жоспары
болады
Театрландырылған ойындарға дайындық мынадай кезеңдерден тұрады:
— Ойынның мақсаты мен тілдік материалы айқындалады.
— Ойынның сценариі құрылады.
— Рөлдер бөлінеді.
Театрландырылған жұмыстардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі лингводидактикалық принциптерге негізделеді.
Ғылымилық
танымдылық
белсенділік
Олар: көрнекілік
қызықтылық
қолайлылық
оқытуды бағыттау балалармен жеке жұмыс жасау болып табылады.
Осы орайда мен балаларға түсінікті болуы үшін театрландыру әдісін мынандай үш кезеңге бөлдім:
1-ші кезең: Көркемдік шығармамен, ертегімен таныстыру. Бұл кезең мен үшін аса маңызды, өйткені 1-ші кезең баланың әдеби мәтінге эмоционалды лебіізін білдіру деңгейін, оның көркемдік тебіреніс қабілетін, эстетикалық құндылығын түсіну дәрежесін анықтауға көмектеседі. Осы кезеңде мен балалардың шығарма мен ертегі мазмұнын түсінуге үйреттім. Олардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ертегі әлемінің ахуалын және мәнін түсінуге көмектестім. Ертегі кейіпкерлерінің атынан өз бетімен ым, ишара, өз ойынан шығарған диолог пен мәтіндерді еркін пайдалана білуге үйреттім. Осы мақсатта «Қызыл телпен», «Мақтақыз бен мысық», «Тырна мен түлкі» ертегілерін пайдаландым. Ертеңгіліктер мен ашық көрсетілімдерде театрландырылған көріністер көрсетіп балалардың шығармашылық тебіреністерін күшейтіп отырдым.
2-ші кезеңде балаларды рөльдерге бөліп және оны игерту. Мұнда әр қатысушымен кейіпкерлер әлеміне ену және сол балалармен жеке-жеке жұмыс жүргізу. Бұл 2-ші кезеңде әр балаға ертегі мәтіні негізінде мүмкіншілігінше өзінің нұсқасын ойластыруға, яғни өз бетімен шығармашылық ізденіске ынталанатын жағдайын құру. Сонда бала жұмысқа белсенді араласып өзінің актерлік шеберлік дағдысын игеруге, мәнерлеп сөйлеуге және қозғалыс, ым арқылы көрсете білуге үйренеді. Осы кезеңде инновациялық технологияларға сүйендім, мысалы аудио дыбыстарына, видео түсірілімдеріне, әртүрлі музыкалық әуендерді пайдаланып балалардың театрландырылған көрініске деген қызығушылығы мен құлшынысын арттырып отырдым. Мақсатым балалардың музыкалық шығармаларға эмоционалдық ықыластығын, жоғары көркемдік музыка мен дыбысты тыңдауға ынтасын қалыптастыру, есте сақтауын дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
3-ші кезең: Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ата-аналардың көмегіне жүгіндім. Ата-ана көмегімен қалдық материалдарды қолданып бірнеше костюмдерді, жетіспейтін бетперделерді дайындап отырдым, өйткені театрландыру жұмысында ұжымдық дайындықтың маңызы зор.
Осылайша үш кезең бойынша балаларды жалпы жұмысқа біріктіріп, жалпы істің атынан өзінің міндетін мұқият орындауға үйретіп, олардың шығармашылық өзара әрекеттестікке жағдай туғыздым. Балалар өзара қарым-қатынаста екі тілді пайдаланады.
сөздер
Бірінші тілі: сөйлемдер,
фразалар,
түсініктер,
қортындылау тілі.
эмоция,
тебіреніс,
Екінші тіл: ым жымыңдау
күлкі
бет-ауызын тыжырайту тілі.
Театрландырылған көрініс балалар үшін бұл әрқашанда ойын, таңғажайып ертегі, әдемі кейіпкердің әрекетінің сиқыры. Сонымен бірге театрландырылған әрекетте импровизация қағидасын ұстанып отырдым өйткені бала мәтінді ылғи есте сақтап жүре алмайды содықтан кез-келген уақытта өз еркімен сөйлеп, қозғалыс жасай білуі керектігін түсіндім. Мысалы: «Жұмағұл атайдың ауылындағы шілдехана тойы» атты театрландырылған көріністе мен баланың өзін еркін ұстағанын, өзінің сомдап тұрған рөлін сезінгенін, жарқында қуанышты түрде жеткізе алғанын байқадым. Бұл қойылымдағы мақсатым балалардың Маңғыстау халқына тән өзіміздің аймақтық салт-дәстүрлерімізді сана-сезіміне сіңіру, оларға құрметпен қарауға тәрбиелеу еді.
«Жұмағұл атайдың ауылындағы шілдехана тойы»
Осы бағытта мен мынандай сызба арқылы балаларды бақылап зерттеу жұмыстарын жүргіздім.
Сызбаны талдайтын болсам:
Баланың есте сақтау
қабілетін арттырады.
Баланың шығармашылық Рухани қабілеттерін
адамгершілікке баулиды. арттырады.
Балалардың
пантонимикалық
қабілетін арттырады.
Импровизациялық
дағдыларын дамытады
Балалардың
эмоционалдық
көңіл-күйін дамытады.
Бір-біріне қарым-қатынас
мәдениетіне тәрбиелейді.
Жалықтырмайтын
әдіс-тәсілге жатады.
Балалардың сөйлеу
қабілеттерін арттырады. Баланы
әлеуметтендіреді.
Осылайша бала бойындағы негізгі қасиеттерін зерттеу үшін мынандай диогностикалық карта жүргіздім.
Баланың аты-жөні Шығарманың мазмұнын тыңдауы, түсінуі Мазмұнды әңгімелеп беруі Сол рөлге ынтасы мен қызығушылығы Нәтижесі
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды театрландырылған іс-әрекеттері арқылы заман талабына сай шығармашыл тұлға ретінде
тәрбиелеу »

|
қабілетін арттырады.
Импровизациялық
дағдыларын дамытады
Балалардың
эмоционалдық
көңіл-күйін дамытады.
Бір-біріне қарым-қатынас
мәдениетіне тәрбиелейді.
Жалықтырмайтын
әдіс-тәсілге жатады.
Балалардың сөйлеу
қабілеттерін арттырады. Баланы
әлеуметтендіреді.
Осылайша бала бойындағы негізгі қасиеттерін зерттеу үшін мынандай диогностикалық карта жүргіздім.
Баланың аты-жөні |
Шығарманың мазмұнын тыңдауы, түсінуі |
Мазмұнды әңгімелеп беруі |
Сол рөлге ынтасы мен қызығушылығы |
Нәтижесі |
Алдабергенова С |
+ |
+ |
+ |
өте жақсы |
Берікқызы З |
+ |
— |
+ |
жақсы |
Базарбай Ж |
+ |
— |
+ |
жақсы |
Дәулетбаева Н |
+ |
+ |
+ |
өте жақсы |
Қуан К |
+ |
+ |
— |
жақсы |
Орынбасар Т |
+ |
+ |
+ |
өте жақсы |
Оррабеков Ш |
+ |
— |
— |
орташа |
Рахматулла С |
+ |
— |
+ |
жақсы |
Сұлтанова М |
+ |
+ |
+ |
өте жақсы |
Өсербай А |
+ |
— |
— |
орташа |
Түзелбай Е |
+ |
+ |
+ |
өте жақсы |
Исатаев М |
+ |
+ |
+ |
өте жақсы |
Асқарқызы Ж |
+ |
— |
+ |
жақсы |
Жалғасбай Ұ |
+ |
— |
+ |
жақсы |
Әділханов Н |
+ |
+ |
— |
жақсы |
Айбекқызы А |
+ |
— |
+ |
жақсы |
Төлегенов Ә |
+ |
+ |
+ |
өте жақсы |
Тахир Д |
+ |
+ |
+ |
өте жақсы |
Ғазиз А |
+ |
— |
— |
орташа |
Сейітжанова Р |
+ |
+ |
+ |
орташа |
Үш жылдық маниторинг:
2011жыл 2012жыл 2013жыл
Нәтижесінде дарынды талантты балаларды анықтап отырдым. Зерттеу нәтижесінде: Орынбасар Т, Дәулетбаева Н, Сұлтанова М, Алдабергенова т.с.сияқты балалар жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Қортынды бөлім:
Әдебиет пен ертегі реалдық шындықты, өмірдің образ түрінде сәулеттендіретін айна. Бала әдеби кітаптар мен ертегілерде кездесетін ұнамды кейіпкерлердің мінезіне, олардың игілік мақсат үшін істеген қылықтарына, патриоттық сезім үстінде жасаған әрекетіне сүйінуі, олардың мақтаныш етіп, үлгі ретінде алуы табиғи құбылыс болып табылады.
Мен өзімнің іс тәжірибемнің негізінде келесі ұсынысымды айтқым келеді: Мектепке дейінгі орталықтың сұранысы мен Аудандық мәдениет үйінің жанынан қуыршақ театры ұйымдастырылса. Айдың белгілі бір күнінде осы қуыршақ театрының қойылымына аудан балабақшалары тамашаласа екен.
Біздің бүлдіршіндеріміз еліміздің ертеңі болғандықтан олардың Отанымыздың берік тұтқасы мен болашағы екеніне сеніммен қарау деп білемін.