Біз оқушылар, мұғалім, ата – аналарүшін оқу жылының 4 тоқсаны ерекше басталды. Себебі, бүкіл әлемді дүрсілкіндірген індет елімізге келіп жетуіне байланысты, мектептер жаңа формат – қашықтықтан оқытуға көшті. Бұл бастама барлығымыз үшін жаңалыққа толы жаңа бастама еді. Мұғалімнің жаңа тақырыпты толықтай жеткізуі, ата – аналар үшін баласының дұрыс білім алуы, ал оқушылар үшін жаңа білімнің форматын меңгеріп, білім көшінен қалмай алға ұмтылуы қалай болар екен деген сұрақ барлығымызды мазалады. Дегенмен де, тәй-тәй басып дамып келе жатқан цифрлық білім беру ресурсымызды қолдану уақыты келгенін баршамыз ұғындық. Өзім оқитын №84 жалпы білім беретін мектепке тоқталатын болсақ, оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін барлық жағдай жасалған және мұғалімдер сабақты түсінікті қылып жеткізіп отырғандықтан, ешкімнің көмегінсіз өзім оқи бастадым. Мұғалімдерге айтар алғысым шексіз! Себебі, тапсырмалады уақытылы, түсінікті қылып жіберіп, сабақ уақытын қадағалап, алдын ала ескертіп отырды. Ғаламторды, компьютерді, смартфонды қолдану мен үшін қиындық туғызбады. Себебі, қазір XXI –ғасыр… Еңбектеген баладан еңкиген қартқа дейін ғаламтордан, компьютерден, смартфоннан хабардар. Сондықтан, мен үшін қашықтықтан білім алу қиындық туғызбады деп ойлаймын. Елімізде жарияланған “Төтенше жағдай”, цифрлық білім беру ресурсымыздың жоғарғы деңгейін көрсетті… Бұл індетті бірлігіміз бен түсінігіміздің арқасында жеңетінімізге сенімім мол. Еліме амандық пен тыныштық тілеймін!
Алматы қаласы Түрксіб ауданы
№84 жалпы білім беретін мектептің
4 «А» сынып оқушысы
Садырқұл Амина
Жетекшісі: Кокекова Адема Абеугалиевна