Қазынаны іздеу

Білім беру салалары: «Таным», «әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметтері:  қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:  «Қазынаны іздеу»

Мақсаты:балалардың су асты әлемі туралы  білімдерін кеңейту
       -су тіршілігі туралы мәлімет беру;
       -су асты тіршілігіне қызығушылықтарын арттыру.     
        Қиялын және шығармашылық қабілеттерін  дамыту.
       -су асты әлемінің тіршілік иелеріне сүйіспеншілік сезімдерін 
          тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар: Сингапур технологиясы, интерактивтік еден, себет идеясы ,  әңгімелеу, көрсету, суреттеу, сұрақ-жауап,

Қолданылатын құрал-жабдықтар: интерактивті тақта,интерактивті еден,суреттер/ үлестірмелі карточкалар, геоконт , биботы.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: топты  безендіру

Сәлемдесу сәті. (балалар тәрбиешінің қолына өз қолдарын қойып сөздер айтады.)

  • Айлана ақылды қыз
  • Мен Нұрасыл алғыр бала
  • Айым сүйкімді қыз
  • Балауса әдемі қыз
  • Мәди мейірімді бала
  • Сұлтан кешірімді
  • Абрар тәртіпті
  • Айзара жақсы қыз
  • Темірлан шыншыл бала
  • Динара әдепті қыз

Тәрбиеші:

  • Бүгінгі күніміз сәтті өтсін!
  • Балалар, бүгін менің электронды поштама бейне хат келді. Бұл хатты бәріміз бірге ашып қарайық.

Интерактивті тақтадан видео тамашалау.

  • Балалар, мына қарақшылар сандық толы қазынаны тауып алмақшы. Біз оларға қазынаны тауып алуларына жол бермеуіміз керек. Бұл қазынаны олардан бұрын тауып алуымыз керек. Балалар, айналамызға қарайықшы, мүмкін сандықты осы жерден тауып алармыз. (балалар топтан картаны тауып алады)
  • Мынау карта ғой! Осы карта бізді қазыналы сандыққа апарады екен.
  • Сандықты мына картаның жолымен ғана таба аласыңдар.
  • Бәріміз, картаға назар аударайық. Қазына толы сандықты табу үшін картада бізге екі жолды көрсетіп тұр. Олай болса алдымыздағы екі жіптің көмегімен командаға бөлініп іздейік.
  • Балалар, алдарыңдағы екі жіптің қайсысы ұзын ,қайсысы қысқа деп ойлайсыңдар?
  • Қысқа жіпті таңдағандарың менің сол жағыма тұрыңдар.
  • Ұзын жіпті таңдағандарың менің оң жағыма тұрыңдар.

 

1-тапсырма.

1 команда  «МИЦ» тің    тапсырмасын орындау.

Үлгілер- балық құрастыру.

 

2 команда  «Геоконт» графикалық диктант арқылы балықтың суретін жасау.

— Балалар, су астында нелер мекендейді?

Балықтың бейнесін құрастырайық.

Құйрығы:К-4,О-4,Ж-4,Ж-2,O-2                 Денесі: С-4, Ф-2, Б-3, Ц-3,З-3, Гә,С-4

 

 

Теңіз

жұлдызы

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 2-тапсырма.  «Робот»  ойынын ойнау.

 

 

 

Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар,балалар бұл тапсырманы да сендер орындап шықтыңдар.
  • Енді келесі тапсырманың біреуі жеңіл, екіншісі күрделі екен. Сендер қай тапсырманы таңдайсыңдар?

3-тапсырма.  «Модель Фрейера»

Сипаттама:

1.құйрығы                    

2. көзі

3.басы

4 қабыршағы

Айырмашылығы:

1.     Өлшемі: үлкен кішкентай

2.     Түсі: әртүрлі

3.      Пішіні: ұшбұрыш, сопақша

4.      Тамағы : балдырлар

 

 

Балалар балықтың суретін салып, аттарын атап  жапсырады

 

 

Жүзе алмайтын жануарлар мен  құстар:

   Тауық, мысық, қоян ,қасқыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:

  • Жарайсыңдар, балалар! Сендер күрделі тапсырманы да еш қиындықсыз орындай алдыңдар. Шаршап қалған қалған боларсыңдар. Кәнеки,бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

 «Себет идеясы» ойынын ойнау

(балалар топтан  өзіне ұнаған ойыншықты алып «су» деген сөзге сөйлем құрастырып себетке ойыншықты салады.

3-тапсырма.  «Тик Тэк Тоул»

Сұрақтар:

  1. Мен машина тек геометриялық фигуралардан тұрады деп есептеймін.
  2. Конфет шаршыдан және екі үшбұрыштан тұрады .
  3. Мен сыйлық екі төртбұрыштан тұрады деп ойлаймын.
  4. Мен сөмкенің формасы квадраттан тұрады деп ойлаймын.
  5. Паровоз екі шаршыдан тұрады.
  6. Үй екі үшбұрыштан тұрады деп ойлаймын.
  7. Зымыранда тіктөртбұрыш жоқ деп ойлаймын.
  8. Мысық дөңгелек пен үшұшбұрыштан тұрады.
  9. Шырша үш үшбұрыштан тұрады.

Тәрбиеші:

— Балалар біз қазына толы сандыққа бір қадам жақындап қалғандаймыз. Картадағы соңғы тапсырманы орындасақ қазынаны тауып аламыз.Бұл тапсырманы да  командаға бөлініп орындайық.

 

4-тапсырма.  «Биботы»

(роботтың тетігін басқарып сандыққа жету.)

Қорытынды. Балалар, біз картада берілген тапсырмалардың барлығын орындадық, енді тек қазынаны табу керек. Қазынаны таппас бұрын есімізге түсірейікші, қандай қандай ойындар мен тапсырмалар орындадық. Ендеше сандықты іздейік. Жарайсыңдар, балалар! Қазынаны топқа барып қарайық, жүріңдер.

Тәрбиеші: Шаукерова Эльмира .Асетовна

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *