Алматы қаласы Жетісу ауданы
№177 жалпы білім беретін
мектептің бастауыш сынып
мұғалімі: Рамазанова Фарида Базарғалиқызы
Соғыс! Бұл сөзді естігенде қаншама адамның көкейінде қорқыныш сезімі тұратынын кім білсін.Ұлы Отан соғысы адам-зат тарихындағы қиын кезеңдердің бірі.Бұл соғыста өз Отанын қорғау үшін қаншама ағаларымыз бен апаларымыз жанын пида етті.Барлығының мақсаты бір еді.Олар жауды жеңіп,кең байтақ жерін сақтап,еліне жеңіс сыйлау. Оқ пен отқа оранған сұрапыл соғыс абзал ананы баласынан айырды, сүйікті жарды жесір, жас баланы жетім етті. Сонау 1941-1945 жылдарда ержүректілі-гімен, батырлығымен жауды тықсыртқан, талқандаған тарихта аты алтын әріппен жазылған Ұлы жеңіске биыл 75 жыл толып отыр! Ұлы Жеңіс тойы – бұрынғы кеңес одағы халықтарының ортақ, басты мерекелерінің бірі. Бұл мереке – жанқияр ерлік-тің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, мәртебеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осы-нау мерекенің жемісі. Ұлы Отан соғысы біздің еліміздің, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен батырлығын,қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі де,ұлы мереке.Ардагерлеріміздің осы жанкешті еңбектері ұрпақтан-ұрпаққа өшпес үлгі өнеге болып қала бермек. Сондықтан да, қан май-даннан оралмаған батыр қандас бауырларымыздың есімі мәңгі ел есінде, ал осы күнге жеткен қазыналы қарттарымыз, майдан-герлеріміз әрқашанда мемлекеттің ерекше қамқорлығында. Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері талай жылдар өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы… Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгі қалатын күн.Бізге жарқын болашақ, бақытты өмір сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.