АҚҚҰМ

АҚҚҰМ — Балқаш к-нің оңт— ндегі құмды түбек. Көлге оңт. батыстан солт. шығысқа қарай сұғына еніп жатыр. Ауд. 23 км2ұз. 9 км, ені 2 — 4 км. Жағалауы құмдауытты. Жері үйме және сусыма құмды келеді. Жүзгін, қоян-сүйек, теріскен, жағаға жақын ойыста жыңғыл, жағалауында құрақ қамыс өседі. А. — қысқы мал жайылымы. Жауын-шашының жылдық орташа мөлш. 150 — 200 мм. Қаңтар айының орташа темп-расы —15 — 16°С, шілде айында 22 — 24°С. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *