/Ашық сабақ/
|
Орындаған:А.Жолдыбаева
2020жыл
Тәрбиеші: А.Жолдыбаева
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Төрт түлік»
Мақсаты:Үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету.Үй жануарларының төлдерін ажыратып айтуға,олардың қалай дыбыстайтынын меңгерту.
Міндеттері:
Білімділік: Төрт түліктің пайдасы, олардан алынатын өнімдермен таныстыру.
Дамытушылық:Сабақ барысындақа сөздік қорын байыту,ойлау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру.Ұлтжандылық сезімін ояту.
Тәрбиелік: Үй жануарларын күтуге, қамқор болуға, ересек адамдардың еңбегін құрметтеуге үйрету.
Түрі: Ашық сабақ.
Қолданылған әдіс-тәсіл: Ойын,сөздік,сұрақ-жауап, көрнекілік,сызба.
Көрнекіліктері: Төрт түлікке байланысты суреттер,дидактикалық материалдар,мақал-мәтелдер, жұмбақтар,тақпақтар,сүт өнімдері.
Әрекет кезеңдері:
Мотивациялық қозғаушылық.
Шаттық шеңбері:
«Сәлемдесу»
Амансың ба, көк аспан!
Амансыңба, жер ана!
Амансыңба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Сәлеметсіздер ме қонақтар?
Амандасу түрлерін көрсету
- Балалар көңіл-күйлерің қандай? Мен сендерге сәттілік тілеймін!Алға қойған мақсаттарыңа жетуге тілектеспін!
Ұйымдастыру іздестіру
-Балалар сендер қандай жануарларды білесіңдер?
-Біз қандай үй жануарларын білеміз?
-Жылқышы нені бағады?
-Бақташы нені бағады?
-Айналасында қандай жануарлар жүр?
-Оларды бір сөзбен не дейміз?
-Төрт түлік несімен пайдалы?
-Ет пен сүттен қандай тағамдар жасалады?
Төрт түлік туралы өздерің не білесіңдер?
Мақал-мәтелдер:
1.Семіздікті қой ғана көтереді.
2.Бірбиеден ала да, құла да туады.
3.Саулықтың жасы үлкен,
5.Адам жылқы мінезді.
6.Ер қанаты-ат.
7.Мал өсірсең — қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
8.Екі қошқардың басы,
Бір қазанға сыймас.
- Құста-сүт жоқ,
Жылқыды –өт жоқ.
Жұмбақтар:
1.Маң-маң басып келеді,
Тапырақтап желеді.
Мойны ұзын, үсті тау,
Ертеден елге бел еді. (түйе)
2.Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
3.Төрт аяғы бар,
Басында екі таяғы бар,
Иегінде екі сақалы бар. (ешкі)
4.Айран берген, құрт берген,
Шелек-шелек сүт берген,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал, кім білген? (сиыр)
5.Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ,
Мінсең-қанат, сүті-дәрі,
Еті-тамақ. (жылқы)
Дәптермен жұмыс:
- Суретті сәйкестендір. Қайсысы не береді?
- Не артық? Ортақ атауын тап. ( құрал-жабдықтар, тағамдар,сүт тағамы,көгөністер мен жемістер)
Сергіту сәті:
Сабау алып қолыма,
Қойдың жүнін сабадым.
Уызын ішіп сиырдың,
Уықтарды қададым. (қимылмен жасайды)
- Не артық? Суреттегі заттарды тізбек бойынша түсіндір. (тауық-жұмыртқа-тамақ т.б)
Ойын: «Төрт түлікті сипаттау»
Мынау не?
Сиыр қайда болады?
Сиыр не дейді?
Сиыр не жейді?
Сиыр не береді?
Сиырды қалай шақырыды?
(Толық жауап беру М-Ы:Мынау сиыр.Ол ауылда,далада жайылады.Сиыр мө-мө деп мөңірейді.Сиыр шөп жейді,су ішеді, жем жейді.Сиыр бізге ет,сүт береді.Біз сиырды «әукім-әукәм» деп шақырамыз.)
(Жылқы -кісінейді,шөп,жем,су ішеді,ет,сүтінен қымыз жасайды,терісін береді, «қырау-қырау» деп шақырамыз.
Қой,ешкі-маңырайды,шөп,жем,су ішеді,сүт,ет,жүнін,терісін,пұшайт-пұшайт деп шақырамыз.Ал түйенің сүті шұбат,көс-көс деп шақырады.)
Бұл жануардың барлығын төрт түлік дейді.
-Төрт түліктін пайдасы қандай?
( жесе-тамақ, кисе-киім, ішсе-сусын,мінсе-көлік)
Ойын: «Төрт түліктің дауысын ажырат және төлдерін ата»
Тақпақ «төрт түлік»
Сайд
1.Қой баласы қоңырым,
Қойдан жуас момыным.
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың.
Айлин
2.Құлыншақ, құлыншақ,
Шапқылайсың даламен.
Дос болсайшы құлыншақ,
Мен сияқты баламен.
Т.Нұрислам
3.Қойсүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйедібаласын «торпағым» деп,
«Қараңғыдабаспағанқорқағым!» деп.
Түйе сүйедібаласын «боташым» деп,
«Жаудырағанкөзіңнентоташым!» деп.
Ешкісүйедібаласын «лағым» деп,
«Тастантасқасекіргеншұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.
Тәрбиеші:Әр төрт түліктің пірі болады оларды атаңдар?
Жылқы атасы – Қамбар ата
Түйе атасы — Ойсылқара
Сиыр атасы — Зеңгі баба
Қой атасы – Шопан ата
Ешкі атасы – Сек-сек ата
Жанібек
1.Төрт түліктің біріміз,
Жылқы деген түріміз.
Желеп-жебеп жүретін
«Қамбар ата» – піріміз
Раяна
- Төрт түліктің біріміз,
Түйе деген түріміз.
Желеп-жебеп жүретін
«Ойсылқара» –піріміз.
А.Айлин
3.Төрт түліктің біріміз,
Сиыр деген түріміз.
Желеп-жебеп жүретін
«Зеңгі баба» –піріміз.
Әсия
4.Төрт түліктің біріміз,
Қой деген түріміз.
Желеп-жебеп жүретін
«Шопан ата» – піріміз.
Ержан
5.Төрт түліктің біріміз,
Ешкі деген түріміз.
Желеп-жебеп жүретін
«Сек-сек ата » –піріміз.
Шопан ата өсірген қойдың төлі-қозы,
Қамбар ата өсірген жылқының төлі-құлын.
Зеңгі баба өсірген сиырдың төлі-бұзау,
Ойсыл қара өсірген түйенің төлі-бота.
Сек-сек ата өсірген ешкінің төлі-лақ.
Ойын: « Төлдерін тап»
Ән: «Қошақаным»
Рефлекциялық түзетушілік:
Қорытынды:
-Балалар бүгінгі ҰОҚ ұнады ма?
-Нелермен таныстық?
-Төл деп нені айтады екенбіз?
-Әр төрт түліктің пірі бола ма?
Егер бүгінгі сабағымызды түсінсеңдер, ұнаса
Егер түсінбесендер, ұнамаса
Көңіл-күйлерін қандай көңілді болса?