Қожа Ахмет Яссауи – рухани тұлға

 

                                               Түркістаным баршаға шапағатың тиеді,

                                              Мұсылмандар тағзым қып саған басым иеді.

                                              Қасиетті қаланың рухы биік әрдайым,

                                              Саған қадам басқанның елжірейді жүрегі.

                                                                                           ( М. Мерешова)

Қасиетті Түркістан о бастан, яғни XVI ғасырдан бері имандылық пен мұсылмандықтың алтын бесігі.

Тарихшылар деректеріне сүйене отырып сонау орта ғасырдан Иасы, Шавғар атты қала болып, кейіннен Түркістан болып аталған.

Түркістан борлып аталуының себебі сол кездегі бүкіл түркі еліне Қожа Ахмет Яссауидің есімі белгілі болып, діни ілім дамып оған табынушылар көбейіп кеткен сол ғұламаның шарапаты арқасында бұл мекен барша мұсылмандар табынатын рухани орталыққа айналған. Бұл мекенде көптеген ел қорғаған батырлар, ақылды хандар, әділ билер, көптеген көсемдер мен танымал шешендер туып – өскен.

Қожа Ахмет Яссауи жайлы «Мехман наме – и Бухара» атты Орталық Азия тарихындағы үлкен еңбекте көп жазылған.

Бұл шығармада Иассы мен Сауранды ерекше атап өтеді. Исфаханидің дерегіне қарағанда Сырдарияның бойында отызға жуық қалалар орналасқан ол : «Иассыда өз заманының кемел тұлғасы, хан жолындағылардың сұлтаны, керемет әулие, хазіреті Қожа Ахмет Иассауи өмірі – 125 ж сүрген. Оның мазары Түркістанның қағбасы іспетті» — деп жазған екен.

Қожо Ахмет Яссауи жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, ойлылық, тазалық, секілді игі істерге толы.

Ол хикметтерінде:

Сөзімді айтсам зейін қояр барша жанға,

Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға

Демеу болсын ғарып, пақыр шаршағанға

Кекірейген кердеңдерден қаштым міне – деп жазды.

Қожа Ахмет Яссауи хикметтері тақуалық ғұмыр, ғаріп, пақыр жетімдерге пана болып, қамқорлық жасау, Алла елшісінің жолын ұстау, өмірді босқа өткізбеу, Құраны Кәрімнің сүре, аяттарын оқып үйрену туралы уағыз уағыздайды.

Ақынның хикметтерінде ғашықтық жайлы көп әңгімеленеді, бірақ ел махаббат Аллаға деген адамның махаббатын астарлап жазады.

Қожо Ахмет Яссауи Құран Кәрім, хадистерден алынған түрлі аңыз әңгімелер, діни – мифологиялық оқиғалар кездеседі.

Кемеңгер бабамыз өз заманының шындығын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістерін хикметтері арқылы мұра етіп қалдырды.

Ол Алланың ақ жолын, Ақиқат жолын табу мен тану үшін не істеу керектігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандықпен айтып отырған.

Ахмет Яссауи ұстанған хақ жолы, ой – тұжырымдары тек Қазақстан, Орта Азия ғана емес, бірте – бірте Үндістан, Пәкістан, Араб елдері, Туркия, Кавказ елдеріне тарап, барша мұсылман  жамағатына жетіп, кең танылған.

Көне Түркістан тек діни орталық қана емес, қазақ хандығының негізгі астанасы ретінде белгілі болған.

Қожа Ахмет Яссауи мурасы – ол руханияттық, адамдықтың негізін қалаушы асыл ғибратты дүние.

Ол – рухани тұлға, өйткені ол сопылық ілімімен әлемге танылған жан, ол сол сопылық білімді насихаттаушы тұлға.

Сондықтан да барша мұсылмандар оны пір тұтып, қастерлеп – қадірлейді.

Яссауи еңбектері елімізде жоғары бағаланып, ұрпаққа берер тәлім – тәрбиесі мол деп насихат толып келеді.

Қаламыз төрінде жарқырап тұрған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көне тарихтан сыр шертіп өткенімізді баяндап тұрғандай. Жыл сайын баба рухына тағзым ете отырып экскурсия жасап жас ұрпаққа оның тәлім – тәрбиесін насихаттап келеміз.

Оқушылар арасында «Яссауи» оқулары байқауы өткізіліп, онда бабаның хикметтерін жатқа оқып шығармалары жастардың жүрегінен орын алуда.

Ендеше жақсылықтың, руханияттың жаршысы Қожа Ахмет Яссауи бабамызды ұлықтап үйрену – баршамыздың парызымыз.

Ахметова Нұрбибі

Бастауыш сынып мұғалімі

№19 жалпы орта мектебі

Түркістан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *