Күні: 19.02.2020ж
Тәрбиеші: З.Ж.Ахметжанова
Білім беру саласы: Қатынас, «Әлеумет»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Жеміс –жидектер мен көгөністер
Білімділік:Көкөніс, жидек және жеміс туралы білімін молайту. Сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіру.Сөздік қорларын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.
Дамытушылық: тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыра отырып білімдерін бағалау. Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін арттыру,
Сұрақтарға бірден жауап бергізу арқылы ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Топтасып жұмыс жасауға үйренеді, өз-өзіне сенімділік көзқарасы қалыптасады, зерттеуге, зерделеуге үйренеді.
Мейірімділікке ,имандылққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекті құралдар: сурет,кеспе әріптер,қима буындар және т.б
Билингвалдық компонент:Алма-яблоко- apple,құлпынай-клубника–strawberry,
пияз –лук-onin
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Мотивациялқ қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Армысың алтын күн! Армысың мектебім! Армысың достарым! Сәлеметсіз бе ұстазым! Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.-Ал бүгінгі сабағымыздың ұраны: «Білгеніміздіқайталаймыз,Білмегенімізді үйренеміз!
|
Ұйымдастыру іздестіру
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Түс таяқшалары арқылы үш топқа бөлу.(көк таяқшалар-көкөністер, сары таяқшалар-жемістер, қызыл таяқшалар-жидектер)
«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпты жариялау үшін сұрақтар қою Жұмбақ жасырамын: Көктемде ақ гүлге оранады, Күзде қолға тәтті доп болып оралады. (Алма-яблоко- apple)
Жапырақта тасалап, Өскен жері бақша –бақ. Күрен қызыл шіркін –ай Оның аты -…….(құлпынай-клубника -strawberry)
Ашулы қонақ бұл анық Тонын шешсе, жыладық. (пияз –лук-onin)
Ал, балалар бүгін мен сендерге жасырған жұмбақтардың шешулері: алма ол неге жатады?Жеміске ме?жидекке ме?Көкөніске ме? Ал құлпынай ше? Пияз неге жатады? -Дұрыс айтасыңдар,балалар.Біз бүгін көкөністер мен жеміс-жидектер жайлы бекерге айтып жатқан жоқпын,өйткені біздің сабағымыздың тақырыбы: «Жеміс-жидек пен көкөністер»
1 тапсырма Балалар сендерге жеміс-жидектер мен көкөністер туралы тапсырмалар беремін. Әр топ өз тобына берілген тапсырманы қорғайды. 1-топтағы балалар, қолдарыңдағы суретте нелер бейнеленген? (Жеміс-жидектер ) Олардың пайдасын, қайда өсетінін және пішін жәйлі айтады. 2-топтағы балалар, қолдарыңдағы суретте нелер бейнеленген? (Көкөністер) Олардың пайдасын, қайда өсетінін және пішіні жәйлі айтады. 3-топтағы балалар,сендер себеттегіжемістер мен көкөністерді ажыратасыңдар. Олардың пайдасын, қайда өсетінін және пішіні жәйлі айтады.
Көкөністер мен жемістер несімен пайдалы? Оларды кім өсіреді? Қай мезгілде егеміз, қай мезгілде жинап аламыз? Көкөністер мен жемістер тамаққа пайдалы адам ағзасына қажетті дәрумен бар екенін білдік. Балалар кәне енді топтарымызды бармақ пен бағалап алайық.
2-тапсырма. Дәптердегі 1 тапсырмадағы суреттерге қарайық.Бағбанға қажетті құрал-сайманды ата. — Балалар бағбан дегеніміз кім? — Бағбан атамызға құрал- саймандар не үшін қажет?
Ойын: «Затты сипатта». Шарты: Тақтаға шыққан балаға жемістер,жидектер, көкөністер жасырын көрсетіледі. Тақтадағы бала заттың бейнесін сипаттап айтады. Басқалары оны табады.
Сергіту сәті: Алма, алма, көп алма, Қызыл, жасыл, көк алма Теріп, теріп алайық, Қалтамызға салайық. 3-тапырма. «Ойлайықта ,ойнайық ойыны: Шарты: Менің қолымда қиылған жеміс –жидектер мен көкөністер бар,сол жеміс –жидектер мен қөқеністерден мозайка құрастырамыз. 4-тапсырма. Ребусты шеш. Шешуі болған көкөністің суретін сал. (Қызанақ) |
Рефлекциялқ түзетушілік |
— Балалар, бүгінгі оқу іс –әрекеті сендерге ұнады ма? Қорытынды жасайды,балаларды марапаттайды. Рефлексиялық бағалау: өз жұмыстарын бағалап қорыту. Балалар тақтада үкінің суреті берілген сол үкіге қолдарыңдағы стикерді жапсырамыз. Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын дегендерің қызыл үкіге Түсіндім,бірақ түсіндіре алмадмын дегендерің жасыл үкіге Ештеңе түсінбедім дегендеріңіз күлгін үкіге барып жапсырамыз. — Ал балалар келген қонағымызбен қоштасайық. Қол ұстасып,тұрайық Шеңберді біз құрайық Көріскенше күн жақсы Сау саламат болайық.
|